"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 319 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 109-1), 109-2) 109-3), 109-4), 109-5), 109-6), 109-7), 109-8), 109-9), 109-10), 109-11), 109-12), 109-13) және 109-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "109-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      109-2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      109-3) Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;

      109-4) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      109-5) Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      109-6) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      109-7) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзірлеу және бекіту;

      109-8) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссияларының дербес құрамын және олардың жұмыс регламентін әзірлеу және бекіту;

      109-9) тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      109-10) тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекiту;

      109-11) нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені келісу;

      109-12) нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені келісу;

      109-13) нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      109-14) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын әзірлеу және бекіту;";

      112) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "112) нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "114) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру, күшiн тоқтату және қайта бастау туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ нотариустарды лицензияларынан айыру туралы талаптарға бастама жасау;";

      мынадай мазмұндағы 114-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "114-1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiмді лицензиардың интернет-ресурсына орналастыру;";

      115) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "115) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ ведомстволық баспа басылымында лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді жариялау;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады