"Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 399 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 830 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.09.2023 № 830 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 287 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) пайдаланушы ұйым – атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) радиациялық қондырғы – өзіне қатысты үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, ядролық материалдармен және (немесе) радиоактивті заттармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, ядролық болып табылмайтын арнайы қондырғы;

      4) ядролық қондырғы – табиғи уранды немесе торийді өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге арналған қондырғыларды қоспағанда, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, мына қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі: ядролық материалды шығару, қайта өңдеу, пайдалану, тасымалдау, сақтау, көму жүзеге асырылатын қондырғы.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ядролық қондырғыларды пайдаланудан шығару тәртібі";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жобалау құжаттамасының ядролық қауіпсіздігіне және (немесе) радиациялық қауіпсіздігіне, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізілуге тиіс. Тиісті оң сараптама қорытындысы алынғаннан кейін жобалау құжаттамасы уәкілетті органға ұсынылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады