Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 644 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 589 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 589 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. "Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және "Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 921 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты ұйымдар (келісу бойынша):

      1) іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын және Кешенді жоспарда көзделген көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етсін;

      2) жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) (келісу бойынша) Кешенді іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 85 қаулысымен.

      3-1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша) есепті жылдан кейінгі 30 тамыздан кешіктірмей Агенттікке (келісу бойынша) Кешенді жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 85 қаулысымен.

      4. Агенттік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына:

      1) есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 наурыздан және 15 қыркүйектен кешіктірмей Кешенді жоспар іс-шараларының іске асырылу;

      2) есепті жылдан кейінгі 15 қыркүйектен кешіктірмей Кешенді жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 85 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне:

      1) есепті жылдан кейінгі 15 сәуірден кешіктірмей Кешенді жоспар іс-шараларының іске асырылу;

      2) есепті жылдан кейінгі 30 қазаннан кешіктірмей Кешенді жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 85 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 644 қаулысымен
бекітілген

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нәтиже көрсеткіші: Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық көрсеткіштер картасына сәйкес экономикадағы көлеңкелі айналымның деңгейі ЖІӨ-ге шаққанда %-бен 2021 жылы 21,5 %-дан, 2022 жылы 19,9 %-дан, 2023 жылы 18,2 %-дан аспайды.

      Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес көлеңкелі экономиканың деңгейі 2019 жылы 23,69 %-ды құрады.

      Бұл ретте көлеңкелі экономиканың негізгі үлесі (23,69 %-дан 11,38 %) немесе 48 %-ы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің индикаторларына тиесілі, бұл:

      1) салықтарды төлеу деңгейінің орташа салалық көрсеткіштен ауытқуы негізінде есептелген кірістегі айырма (өңірлер бөлінісінде);

      2) транзит көлеміне түзетуді және әдіснамалық ерекшеліктерді ескере отырып, сыртқы сауда бойынша МКК деректерінің контрагент-елдің кедендік статистикасымен алшақтықтар.

      Екінші маңызды индикатор бейресми сектор кәсіпорындарының жалпы қосылған құн көлемі болып табылады – (23,69 %-дан 6,2 %) немесе көлеңкелі экономиканың 26 %-ы.

      Осылайша, көрсетілген екі индикатор көлеңкелі сектордың 74 %-ын құрайды.

      Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді. Бейресми сектор кәсіпорындарының (үй шаруашылықтарының) көлеңкелі айналымнан ерікті түрде кезең-кезеңмен шығуын ынталандыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу қажет.

      Экономиканың көлеңкеге кетуінің негізгі себептері:

      1. Қолма-қол есеп айырысу нысанын төмендету үшін экономикалық, инфрақұрылымдық ынталандырудың жетілмегендігі.

      2. Әкімшілік кедергілер және ашық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деңгейінің жеткіліксіздігі.

      3. Заңсыз қызметтің теріс әсері.

      4. Көлеңкелі экономикадан өз еркімен шығу үшін азаматтар мен кәсіпкерлерді ынталандырудың жеткіліксіз шаралары.

      5. Экономиканың дағдарысы жағдайында халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейінің төмендеуі болып табылады.


Р/с№ Жобаның/іс-шараның атауы Нәтиже (жоба үшін)/аяқтау нысаны (іс-шара үшін) Аяқтау мерзімі Нәтижелерге жауаптылар Болжамды шығыстар
(мың теңге)
Қаржыландыру көздері
1 2 3 4 5 6 7

1. Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру

Мақсат: экономикалық контрабанданы және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтаруды болдырмау, кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын анық емес декларациялау (декларацияламау) фактілерін жою, елден стратегиялық маңызды тауарлар мен ресурстарды контрабандалық әкетуге жол бермеу.

Күтілетін әсер:
- кедендік әкімшілендіруді жетілдіру;
- кедендік баждың жиналу деңгейін арттыру.

KPI:
- кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін ұлғайту;
- ҚХР-мен сыртқы сауда статистикасындағы айырманы қысқарту.

1.
 

2008 жылғы 30 қазандағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің (Өзбекстан Республикасы, ҚХР, Тәжікстан Республикасы) кеден қызметтері арасындағы хаттама шеңберінде энергия ресурстарының өтуін бақылау саласында ақпарат алмасу бойынша техникалық жағдайлар жасау

байланыс арнасын ұйымдастыру

2022 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині

талап етілмейді


2.
 

ҚДБ ААЖ-ны (ААӨҚ) МКК ақпараттық жүйелерімен (Астана-1 АЖ):
- өткізілетін жүктер мен тасымалдаушылар туралы деректер алу;
- ААӨҚ-да тіркелген жүк автокөлік құралдары туралы деректер беру;
- кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған автокөлік құралдары туралы деректер алу бөлігінде интеграциялау

пайдалануға беру актісі

2022 жылғы 4-тоқсан

ИИДМ, Қаржымині

талап етілмейді


3.
 

Тауарларды кедендік тазарту кезінде сәйкестік сертификаттарының түпнұсқалығын автоматты түрде тексеру мақсатында "Астана-1" АЖ-ны ЕАЭО сәйкестік сертификаттарының бірыңғай тізілімімен интеграциялау

пайдалануға беру актісі

2022 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині, СИМ, ЦДИАӨМ

талап етілмейді


4.

Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратпен алмасу жөнінде ҚХР-мен Хаттамалар шеңберінде жұмыс тетігін жетілдіру ("Астана-1" АЖ-да тауарларды кедендік тазарту кезінде ТБЖ мәліметтерін салыстыруды автоматтандыру бөлігінде)

автоматты салыстыруды іске асыру

2023 жылғы 2-тоқсан

Қаржымині

талап етілмейді


5.

Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасу жөнінде Өзбекстан Республикасымен Хаттамалар шеңберінде жұмыс тетігін жетілдіру ("Астана-1" АЖ-да тауарларды кедендік тазарту кезінде ТБЖ мәліметтерін салыстыруды автоматтандыру бөлігінде)

Үкіметке ақпарат

2023 жылғы 2-тоқсан

Қаржымині

талап етілмейді


6.

Кедендік шекара арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарлар (оның ішінде жөнелтушілер, алушылар, вагон нөмірлер) туралы ҚХР-мен онлайн – режимінде алдын ала ақпарат алмасуды енгізу

интеграциялау техникалық қағидаларын бекіту

2023 жылғы 2-тоқсан

Қаржымині

талап етілмейді


7.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды санаттау кезінде ТБЖ-ны (Big data, жасанды интеллект) жетілдіру

ТБЖ-ға өзгерістер енгізу

2022 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


8.

Жыл сайын 5 %-ға ұлғайта отырып, кедендік тексеріп қараулар тиімділігін қамтамасыз ету

45 % анықтау

2021 жыл

Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


50 % анықтау

2022 жыл

55 % анықтау

2023 жыл

9.

Түркияның уәкілетті органдарымен өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтер алмасу бойынша келісім жасасу

келісім

2021 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині, ҰЭМ, СІМ

талап етілмейді


10.

Иран Республикасының уәкілетті органдарымен өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтер алмасу бойынша келісім жасасу

келісім

2021 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині, ҰЭМ, СІМ

талап етілмейді


11.

Түрікменстанның уәкілетті органдарымен Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында өткізілетін тауарлармен және көлік құралдарымен экспорттық-импорттық операциялар туралы алдын ала ақпарат алмасу бойынша келісім жасасу

келісім

2023 жылғы
4-тоқсан

Қаржымині, ҰЭМ, СІМ

талап етілмейді


12.

Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында өткізілетін тауарлармен және көлік құралдарымен экспорттық-импорттық операциялар туралы алдын ала ақпарат алмасу бойынша техникалық шарттар әзірлеу және ақпараттық жүйелерді интеграциялау

техникалық шарттарға қол қою
 

2022 жылғы 3-тоқсан

Қаржымині, ЦДИАӨМ

талап етілмейді


ақпараттық жүйелерді интеграциялау

2023 жылғы 3-тоқсан

13.

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кедендік транзиттеу рәсімі кезінде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты байланыс және бақылау жүйесін белгілеу

ЕАЭО келісімі

2022 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині, ЦДИАӨМ, ИИДМ

талап етілмейді


2. Салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және кәсіпкерлерді көлеңкелі сектордан шығару

Мақсат: тиімді, ашық салықтық әкімшілендіру, мемлекеттік органдар мен екінші деңгейдегі банктер арасында жедел ақпаратпен алмасу, "біркүндік" фирмаларды бейтараптандыру бойынша пәрменді ден қою.

Күтілетін әсер:
- кәсіпкерлер операцияларының ашықтығын ұлғайту;
- салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру;
- салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналу деңгейін арттыру.

KPI:
- қолма-қол ақшасыз төлем қабылдайтын кәсіпкерлер үлесін жыл сайын ұлғайту;
- бюджетке түсетін салықтық түсімдерді ұлғайту;
- бюджетке салықтық түсімдердің бересі болу деңгейін төмендету.

14.

Мына:






14.1

- экономикалық контрабанда, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару және шекті мәндерді төмендету қажеттігін қарау

Президент Әкімшілігіне және Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 3-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


14.2

- жалған шот-фактуралар жазу, "жеке кәсіпкерлік субъектісі" ұғымын алып тастауды қарау, жауапкершілікті күшейту және жалған тұлғалар арқылы жеке кәсіпкерлік субъектісін заңсыз құрғаны (құру, қайта ұйымдастыру) үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізудің орындылығын айқындай отырып, қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесін пысықтау

Президент Әкімшілігіне және Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 3-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


15.

Мына:






15.1

- кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 3-тоқсан

Қаржымині, Әділетмині, БП (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


15.2

- қылмыстық жаза белгілері болмаған жағдайда, шикізатты оның шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу және қайта өңдеу кезінде жауапкершілікті белгілеу (айыппұл)

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 3-тоқсан

ЭМ

талап етілмейді


15.3

- өндірілген көмірсутектерді дұрыс есепке алуды қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілікті күшейту (айыппұлды ұлғайту)

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 3-тоқсан

ЭМ

талап етілмейді


15.4

- бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалануға жататын тауарларды немесе материалдық жеткізгіштерді оларда бақылау (сәйкестендіру) белгілері немесе материалдық жеткізгіштер болмай, сатқаны үшін жауапкершілікті енгізу

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 3-тоқсан

СИМ, Әділетмині, Қаржымині

талап етілмейді


15.5

- электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) жоғалтқаны немесе қасақана зақымдағаны, жойғаны немесе оларды өшіргені, ауыстырғаны үшін жауапкершілікті енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізудің орындылығын айқындай отырып, әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселесін пысықтау

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 3-тоқсан

Қаржымині

талап етілмейді


16.

Тауарсыз мәмілелерді, оның ішінде жұмыс атқару мен қызметтер көрсету іс жүзінде болмаған кезде, жолын кесу мақсатында электрондық шот-фактураларды анықтау және тыйым салу бөлігінде "ЭШФ" АЖ-ны жаңғырту

"ЭШФ"
АЖ-ны жаңғырту

2022 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині

талап етілмейді


17.

Салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде МКК-нің БП ҚСжАЕК-нің "ҚАОААЖ" АЖ-ға (шектеулі) қол жеткізуді ұсыну

"ҚАОААЖ" АЖ-ға
қол жеткізу

2022 жылғы 2-тоқсан

БП (келісу бойынша), Қаржымині

талап етілмейді


18.

Акцизделетін өнімдердің айналымы саласындағы жосықсыз салық төлеушілерге, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты заңнамамен белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу

тексеру нәтижелері туралы актілер

жарты жылдық-тың қорытындылары бойынша, 20 қаңтар-дан және 20 шілдеден кешіктір мей

Қаржымині

талап етілмейді


19.

Мына:






19.1

- мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды іс жүзінде жеткізуді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындауды айқындау мүмкіндігі;

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині, ҰЭМ

талап етілмейді


19.2

- ҚБЕО жүйесі арқылы МКК ақпараттық жүйесіне бақылау-кассалық машиналардың функционалын ескере отырып, POS-терминалдардың мәліметтерін және QR-төлемдерді қабылдау;

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, СИМ, ҚҚҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


19.3

- сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды беруді жүзеге асыратын тұлғалардың және уақытша сақтау қоймалары мен кеден қоймалары иелерінің, кеден өкілдерінің, кедендік тасымалдаушылардың ЭШФ жазып беру міндеттемесін енгізу;

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині, ҰЭМ

талап етілмейді


19.4

- cалық төлеушіге салықтар есептелгенге дейін жалған шот-фактураларды пайдалану туралы алдын ала хабарлау тетігін іске асыру бөлігінде cалық заңнамасына өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині

талап етілмейді


20.

Қылмыстық қолма-қол ақшаға айналдыруға және жалған шот-фактуралар беруге қарсы іс-қимыл мақсатында ҚМА және МКК ТБЖ біріздендіру жолымен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

бірлескен бұйрық

2021 жылғы 4-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), Қаржымині

талап етілмейді


21.

Резидент еместерге заңды тұлғаларды тіркеу кезінде "бизнес-иммигрант" визасын беру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың заңнаманы сақтауына тексерулер жүргізу

ұсыным

2022 жылғы 4-тоқсан

БП (келісу бойынша)

талап етілмейді


22.

Камералдық бақылаудың жаңа рәсімдерін енгізу, оның ішінде:
1) импорттан түпкілікті тұтынушыға дейін өтпелі бақылау рәсімдері;
2) импорт бойынша деректерді пайдалану рәсімдері және басқалар

ТБЖ енгізу регламенті

жыл сайын

Қаржымині

талап етілмейді


23.

Қызметкерлер еңбегін еңбек шарттарын жасаспай пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдау

ынталандыру шаралары

2021 жылғы 4-тоқсан

Еңбекмині, ЖАО, ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


24.

"Біркүндік" фирмаларға қарсы
іс-қимыл және криминалдық
қолма-қол ақшаға айналдыру, оларды ерте сатыда сәйкестендіру тиімділігін арттыру бойынша талдау жүргізу және шаралар әзірлеу

ВАЖТ құру туралы бұйрық

2021 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), Әділетмині, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, БП (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді


Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 2-тоқсан

25.

Кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алу сомаларының шекті мөлшерлерін өзектілендіру бөлігінде ұсыныстар әзірлей отырып, бірлескен талдау жүргізу

бірлескен талдау

2023 жылғы 1-тоқсан

ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


Үкіметке ақпарат

26.

1000 АЕК шекті мәні кезінде заңды тұлғалар арасындағы өзара есеп айырысулар жөніндегі шаралардың тиімділігіне талдау жүргізу және өзара есеп айырысулар сомасын 1000-нан 500 АЕК-ке дейін, оның ішінде жеке кәсіпкерлер үшін төмендету жөнінде ұсыныстар әзірлеу
 
 

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы 1-тоқсан

Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, ҚНДРА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ҰҚП (келісу бойынша)

талап етілмейді


27.

Жалған электрондық шот-фактураларды жазып беру (күшін жою) және анық емес салық есептілігін беру фактілерінің жолын кесу үшін кейіннен лауазымды тұлғалардың жеке басын растау қажеттігі туралы хабардар ете отырып, биометрикалық сәйкестендіру құралдарын пайдаланып, тәуекел салық төлеушілерге қатысты пилоттық жобаны камералдық бақылау шеңберінде жүргізу
 

пилоттық жобаны өткізу туралы бұйрық

2022 жылғы 3-тоқсан

Қаржымині, ЦДИАӨМ, "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕ АҚ (келісу бойынша),
Әділетмині, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді


ақпараттық жүйелерді түрлендіру (мемлекеттік органдардың АЖ интеграциялау)

2022 жылғы 4-тоқсан

пилоттық жобаны іске қосу

2023 жылғы 1-тоқсан

3. Қолайлы бәсекелестікті қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді бөлу

Мақсат: бюджет қаражатын тиімді игеру және ысырап ету тәуекелдерін жою, бюджетті игеру кезінде ашықтықты қамтамасыз ету

Күтілетін әсер:
- бюджет қаражатын үнемдеу және ұтымды пайдалану;
- мемлекет қабылдайтын шаралардың ашықтығы мен айқындылығы;
- сайыстылық, теңдік, бәсекеге қабілеттілік және бизнестің адалдығы қағидаттарын сақтау.

KPI:
- бір көзден мемлекеттік сатып алу үлесін төмендету;
- әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді ескере отырып, халыққа жағдайлар жасау.

Р/с№

Жобаның/іс-шараның атауы

Нәтиже (жоба үшін)/аяқтау нысаны (іс-шара үшін)

Аяқтау мерзімі

Нәтижелерге жауаптылар

Болжамды шығыстар
(мың теңге)

Қаржыландыру көздері

28.

Өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, МЖЭ жобалары бойынша мемлекеттік қолдау шараларын және өтеу көздерін ұсынуды талдау

МЖЭ шараларын ұсыну әдістемесі

2022 жылғы 1-тоқсан

ҰЭМ, Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


29.
 

Мемлекеттік сатып алу шеңберінде бөлінетін бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор қаражатын Ұлттық Банктің электрондық ақшасы түрінде есепке алу және жұмсалуын қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізу

НҚА-ға өзгерістер енгізу

2022 жылғы 4-тоқсан
 

Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша)

талап етілмейді


30.

Лездік төлемдер жүйесінің базасында мемлекеттік сатып алу шеңберінде бөлінетін бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор қаражатын Ұлттық Банктің электрондық ақшасы түрінде есепке алуды қамтамасыз ету үшін бюджет ақшасының жұмсалуын қадағалау мүмкіндігі бар платформа құру

платформаны іске қосу

2022 жылғы 4-тоқсан
 

ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, ЦДИАӨМ

талап етілмейді


4. Халықтың мүдделерін заңсыз бизнестен қорғау

Мақсат:
- ойын бизнесін және лотерея қызметін ұйымдастырушылардың заңнама талаптарын сақтауы;
- кәсіпкерлік саласындағы заңнама талаптарын сақтау.

Күтілетін әсер:
- ел аумағында құмар ойындар интернет-ресурстарының таралуын болдырмау;
- ойын мекемелерін тек арнайы рұқсат етілген аймақтарда шоғырландыру;
- ақша қаражатын онлайн-казино және қаржы пирамидалары арқылы шетелге шығаруға жол бермеу;
- халықты сапасыз және контрафактілік өнімдерді сатып алудан қорғау;
- заңсыз қызмет салдарынан халық арасындағы әлеуметтік шиеленісті жою.

KPI:
- заңсыз кәсіпкерлік қызметтің үлесін кезең-кезеңмен төмендету;
- ойын мекемелерінен түсетін салықтық түсімдерді арттыру.

Р/с

Жобаның/іс-шараның атауы

Нәтижесі (жоба үшін)/аяқтау нысаны (іс-шара үшін)

Аяқтау мерзімі

Нәтижелерге жауаптылар

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көздері

31.

Қаржы пирамидаларының белгілері бар материалдарды мониторингтеу, анықтау, тіркеу және бұғаттау үшін (сайттарда, әлеуметтік мессенджерлерде және басқа да мобильдік қосымшаларда) "Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі" жүйесін іске қосу

жүйені іске қосу

2021 жылғы 4-тоқсан

АҚДМ

талап етілмейді


32.

"Қазақстанның киберқалқаны" бағдарламасы арқылы тыйым салынған контентті (web-парақтардың ақпараттық мазмұны) қамтитын сайттарға қолжетімділікті бұғаттау

"Қазақстанның киберқалқаны" жүйесінің критерийлерін кеңейту

2022 жылғы 2-тоқсан

ҰҚК (келісу бойынша), ҚМА
(келісу бойынша), БП (келісу бойынша), АҚДМ, ЦДИАӨМ

талап етілмейді


33.

Лотереяларды өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту

бұйрық

2021 жылғы 4-тоқсан

МСМ

талап етілмейді


34.

Мөлшерлемелерді есепке алу орталығынсыз төлемдер қабылдауға және ұтыстар беруге тыйым салу мақсатында "Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 227 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 373 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бірлескен бұйрық

2022 жылғы 4-тоқсан

МСМ, ҰЭМ

талап етілмейді


35.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру және жүргізу фактілерін алдын алу мақсатында сауда интернет- алаңдарымен өзара іс-қимыл жасау

ынтымақтастық туралы меморандум

2021 жылғы 4-тоқсан

ҚМА
(келісу бойынша)

талап етілмейді


36.

Алкоголь және темекі өнімдерінің көлеңкелі айналымының жолын кесу мақсатында ҚМА, Қаржымині мен Алкоголь және темекі өнімдерін өндірушілер, импорттаушылар қауымдастықтары арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу

меморандум
 

2021 жылғы 3-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), Қаржымині

талап етілмейді


37.

IPR Center базасында (Әділетмині ҰЗМИ) мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру тетігін құру

ВАЖТ құру туралы бұйрық

2021 жылғы 4-тоқсан

Әділетмині, Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, ЖС (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


38.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша, оның ішінде Қазақстандағы контрафактілік өнімнің айналымына қатысты талдау жүргізу және зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, контрафактілік өнімді азайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу

зерттеу қорытындылары бойынша талдамалық анықтама

жыл сайын 4-тоқсан

Әділетмині, Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, ЖС (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді




Үкіметке ақпарат





39.

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету фактілерін анықтау және тергеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

2022 жылғы
1-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, БП (келісу бойынша)

талап етілмейді


5. Экономика салаларында қолайлы бизнес-орта құру

Мақсат:
- экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып салық салуды жетілдіру;
- тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді көлеңкеден шығару;
- субсидиялау мәселелерінде цифрландыру және бәсекелестік жағдайлар жасау;
- экономика салаларында бейресми жұмыспен қамтылғандарды төмендету;
- сметалық бағалар мен баға белгілеудің ашықтығын арттыру

Күтілетін әсер:
- отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сату көлемін өрістету;
- азық-түлік импортының деңгейін төмендету;
- мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесін енгізу;
- бюджет қаражатын ұрлауға жол бермеу;
- әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді ескере отырып, халыққа жағдайлар жасау;
- сапалы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді арзан аналогтарға ауыстыруға жол бермеу

KPI: 2023 жылға дейін салаларда қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономика үлесін төмендету:
- көтерме және бөлшек сауда – 6,1 %;
- көлік және қоймалау – 2,9 %;
- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1,7 %
- өңдеу өнеркәсібі – 1,1 %
- жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 0,6 %

Р/с

Жобаның/іс-шараның атауы

Нәтиже (жоба үшін)/аяқтау нысаны
(іс-шара үшін)

Аяқтау мерзімі

Нәтижелерге жауаптылар

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көздері

5.1. Сауда

40.

"ЭШФ" АЖ-ның "Виртуалды қойма" модулінде тауарлар тізімін кеңейту

тауарлар тізбесін келісу және НҚА-ға өзгерістер енгізу

2022 жылғы 1-тоқсан

Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


пилоттық жобаны іске асыру

2022 жылдың ішінде

"Виртуалды қоймаға" өзгерістер енгізу

2022 жылғы 4-тоқсан

41.

Әртүрлі банктердің клиенттері арасында онлайн режимде төлемдер жүргізуге мүмкіндік беретін лездік төлемдер жүйесін құру және дамыту

платформаны пилоттық режимде іске қосу

2022 жылғы 2-тоқсан

ҰБ, ҚҚҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді


42.

Тауарларды оның қозғалысының барлық кезеңдерінде (әкелу, өндіру, өткізу) жан-жақты бақылау мақсатында тауарларды таңбалау және қадағалап отыру жүйесін кезең-кезеңмен енгізу

тауарларды таңбалау және қадағалап отыру жөніндегі НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Үкімет белгілейтін мерзімде

СИМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша), "Қазақтелеком" АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді


43.

Биржаның және астықтың биржалық инфрақұрылымының жұмыс істеуінің озық тәжірибесін кезең-кезеңмен енгізу

астықтың жалпы айналымының
5 %-ы

2023 жылғы 4-тоқсан

СИМ, АШМ, БҚДА (келісу бойынша), "АЕО" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


5.2. Көлік

44.

Тасымалдау құжаттарын, оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарын электрондық форматқа ауыстыру үшін Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу және "ЭШФ" АЖ-мен интеграциялау

жүйені енгізу және интеграциялау

2022 жылғы 3-тоқсан

ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині

талап етілмейді


45.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың қалалық (қала маңындағы) бағдарларында жолаушыларды электрондық билеттендіру жүйелерін енгізу

ЖАО енгізу актілері

2022 жылғы 3-тоқсан

ИИДМ, ЖАО

талап етілмейді


46.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін
төлемақы алу жүйесін автоматтандыру (автокөлік)

БӨП-ті автоматтандыру

2023 жылғы 4-тоқсан

ЭТРМ, ЦДИАӨМ, ЖАО

талап етілмейді


47.
 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын, оның ішінде таксиге тапсырыс беру бойынша мобильді қосымша арқылы экипажбен жасалған автокөлік құралын жалға алу шарты бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын жолаушыларды тасымалдау қызметінің жолын кесу бойынша талдау жүргізу және шаралар әзірлеу

ВАЖТ құру туралы бұйрық

2021 жылғы 4-тоқсан

ИИДМ, ІІМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)



ИИДМ, ІІМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ҰЭМ бекіткен
жол картасы

2022 жылғы 1-тоқсан

5.3. Ауыл шаруашылығы

48.

Субсидиялаудың ақпараттық жүйелерін басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграциялау

АЖ-ны интеграциялау

2022 жылғы 3-тоқсан

АШМ, Қаржымині, Әділетмині, ІІМ, ЦДИАӨМ, "АЕО" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


49.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін үстеме міндеттемелер енгізу есебінен "нәтижеге бағдарланған бюджеттеу" қағидаты бойынша субсидиялау тетігін жетілдіру

Субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу

2021 жылғы 4-тоқсан

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, БҚДА (келісу бойынша), Әділетмині, ИИДМ, ЦДИАӨМ СҚА (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


5.4. Өңдеу өнеркәсібі

50.

Заманауи есептеу әдістерін пайдалана отырып, АМӨЗ, ПМХЗ, ПҚОП өндірістерінің паспорттарында және ұлттық стандарттарда технологиялық ысыраптар мен жану нормаларын оларды төмендету жағына қарай қайта қарау (МӨЗ жаңғыртуды, жабдықтарды жаңартуды ескере отырып)

ірі 3 МӨЗ бойынша зерттеу

2022 жылғы 2-тоқсан

ЭМ, СИМ, ҚМА (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


өндіріс паспорттарына және ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізу

2022 жылғы 4-тоқсан

51.

ПМХЗ, АМӨЗ, ПҚОП-та мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мемлекеттік кірістер органдарына жөнелту туралы деректерді онлайн бере отырып, электрондық таразылар енгізу

АМӨЗ және ПҚОП бойынша техникалық құжаттама
әзірлеу

2022 жылғы 3-тоқсан

"Қазмұнай-газ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЭМ, Қаржымині, СИМ, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді


АМӨЗ және ПҚОП бойынша есептеу құрылғыларын енгізу

2023 жылғы 4-тоқсан

ПМХЗ бойынша техникалық құжаттама әзірлеу

2023 жылғы 4-тоқсан

5.5. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

52.

Жылжымайтын мүлікпен және көлік құралдарымен мәмілелерді қолма-қол ақшасыз нысанда тіркеу мақсатында екінші деңгейдегі банктердің жүйелерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау

пайдалануға беру актісі

2022 жылғы 4-тоқсан

ЦДИАӨМ, ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ (келісу бойынша), Әділетмині, ІІМ

талап етілмейді


2023 жылға дейінгі жол картасы

2022 жылғы 1-тоқсан
 

ЦДИАӨМ, ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, АШМ, ИИДМ, ТЖМ

5.6. Құрылыс

53.

Жиынтығы жобаның жалпы құнының 30 %-ынан асатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өз бетінше ауыстыру мүмкіндігін алып тастай отырып, ҰЭМ-нің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 және 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрықтарына бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен салынатын жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы міндетті түзету жағдайларын нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу

ҰЭМ бұйрықтарына өзгерістер енгізу

2022 жылғы 2-тоқсан

ИИДМ, Әділетмині

талап етілмейді


54.

Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін жетілдіру:






54.1

ҰЭМ-нің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығына құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама) құны негізсіз көтерілген жағдайда, құрылыс жобалары мемлекеттік банкінің электрондық архивінен алып тастау тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу

бұйрыққа өзгерістер енгізу

2022 жылғы 3-тоқсан

ИИДМ

талап етілмейді


54.2

Құрылыс жобалары мемлекеттік банкінің интернет-ресурсын сервистік модельге сәйкес келтіру:
- атауы, өндірістік қуаты, жалпы құны және жабдықтар мен материалдар бөлінісіндегі құны бойынша қолжетімді және түсінікті нысанда;
- ашықтықты қамтамасыз ету және тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің баға белгілеуі мен сапасына қоғамдық бақылауды күшейту үшін тіркеу рәсімінсіз сайттың бастапқы ақпаратына қол жеткізуді көздеу

сайтты жаңғырту

2022 жылғы 1-тоқсан

ИИДМ, ЦДИАӨМ, ҰКП (келісу бойынша)
 

талап етілмейді


54.3

Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінде техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы кедергісіз пайдалану және сақтау үшін жобаға тапсырыс берушіге құқықтар беру міндеттемесін белгілеу

Қаржыминінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 және ҰЭМ-нің 2015 жылғы 19 қарашадағы
№ 705 бұйрықтарына өзгерістер енгізу
 

2022 жылғы 2-тоқсан

ИИДМ, Қаржымині, Әділетмині

талап етілмейді



      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы


ААӨҚ

арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары
 

АЖ

ақпараттық жүйе

АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

АЕК

айлық есептік көрсеткіш

АМӨЗ

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

"АЕО" АҚ

"Ақпараттық есептеу орталығы" акционерлік қоғамы

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Әділетмині

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

БП

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

БҚДА

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

БӨП

бақылау-өткізу пункті

ВАЖТ

ведомствоаралық жұмыс тобы

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ЕАЭО

Еуразиялық экономикалық одақ

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖС

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

ЖІӨ

жалпы ішкі өнім

ИИДМ

Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі

КДБ АТЖ

көліктік деректер базасының және тасымалдау қауіпсіздігі серпіні мониторингінің ақпараттық-талдау жүйесі

ҚҚҚ

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚАОААЖ

Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесі

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

ҚБЕО

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы

ҚМА

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

ҚНРДА

Қазақстан республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

ҚСжАЕК

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

ҚХР

Қытай Халық Республикасы

МЖӘ

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

МКК

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

МСМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

МӨЗ

мұнай өңдеу зауыты

НҚА

нормативтік құқықтық акт

ПМХЗ

"Павлодар мұнай-химия зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ПҚОП

"Петро Қазақстан Ойл Продакст" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

СИМ

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

СҚА

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ТБЖ

тәуекелдерді басқару жүйесі

ТЖМ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

"ҰАТ" АҚ

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

ҰЗМИ

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ҰБ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк

ҰКП

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭТРМ

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

ЭШФ

электрондық шот-фактуралар

  Көлеңкелі экономикаға қарсы
іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың
2021 – 2023 жылдарға арналған
кешенді жоспарына
қосымша

Бағаланатын мемлекеттік органдарға бекітіп бере отырып, қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономикаға қарсы 2023 жылға дейінгі іс-қимыл көрсеткіштерінің тізбесі

      Ескерту. Кешенді жоспар қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 85 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

N 1 тип – "Өндірушілер әдейі тіркелмейді – астыртын қызмет"
2021 жыл – 0,38 %; 2022 жыл – 0,35 %; 2023 жыл – 0,32 %.

Р/с

Көрсеткіш
 

Бөлінісінде
 

2021
жыл

2022
жыл

2023
жыл

Ақпарат көзі

Жауапты мемлекеттік органдар

1

2

3

4

5

6

7

8

1.
 

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санына шаққанда тіркелмей жұмыспен қамтылғандардың үлесі (%)

республика
бойынша
 
 
 
 
 
 

жалдамалы жұмыскерлер

0,19

0,18

0,16

СЖРА ҰСБ (келісу бойынша)

Еңбекмині, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ИИДМ, СИМ, МСМ, АҚДМ, Әділетмині, ОМ, ҒЖБМ, ДСМ, ҰБ (келісу бойынша), ЭТРМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, БҚДА (келісу бойынша), ЖАО

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

0,88

0,83

0,78

ҰЭМ, Еңбекмині, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ИИДМ, СИМ, МСМ, АҚДМ, Әділетмині, БҒМ, ДСМ, ҰБ (келісу бойынша), ЭГТРМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, БҚДА (келісу бойынша), ЖАО

салалар бойынша



ауыл, орман және балық шаруашылығы

1,54

1,44

1,35

тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

0,00

0,00

0,00

өңдеу өнеркәсібі

0,71

0,66

0,62

электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен жабдықтау

0,11

0,11

0,10

сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануларды жою жөніндегі қызмет

0,00

0,00

0,00

құрылыс

3,34

3,14

2,94

көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

1,14

1,07

1,01

көлік және қоймалау

2,95

2,77

2,60

тұру және тамақтану жөніндегі көрсетілетін қызметтер

0,94

0,89

0,83

ақпарат және байланыс

0,11

0,10

0,09

жылжымайтын мүлікпен операциялар

0,24

0,23

0,22

кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

0,20

0,19

0,18

әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

0,22

0,21

0,20

білім беру

0,05

0,04

0,04

денсаулық сақтау

0,10

0,09

0,09

өнер, ойын-сауық және демалыс

0,56

0,52

0,49

өзгелер

3,43

3,22

3,02

өңірлер бойынша


ЖАО

Ақмола облысы

1,30

1,20

1,11

Ақтөбе облысы

0,66

0,61

0,56

Алматы облысы

1,83

1,68

1,55

Атырау облысы

0,20

0,18

0,17

Батыс Қазақстан облысы

1,10

1,02

0,95

Жамбыл облысы

1,35

1,24

1,15

Қарағанды облысы

1,34

1,21

1,12

Қостанай облысы

1,12

0,98

0,91

Қызылорда облысы

2,73

2,54

2,35

Маңғыстау облысы

0,70

0,65

0,60

Павлодар облысы

0,36

0,33

0,31





Солтүстік Қазақстан облысы

0,47

0,43

0,40

Түркістан облысы

2,57

2,39

2,21

Шығыс Қазақстан облысы

0,56

0,51

0,48

Астана қаласы

0,21

0,19

0,18

Алматы қаласы

0,07

0,07

0,06

Шымкент қаласы

0,85

0,79

0,73

N 2 тип – "Өндірушілер әдейі тіркелмейді – заңсыз қызмет"
2021 жыл – 1,82 %; 2022 жыл – 1,68 %; 2023 жыл – 1,54 %.

2.

Есірткіге тәуелді адамдардың іс жүзіндегі саны (адам)

республика бойынша

19 195

18 080

17 030

ДСМ, ІІМ

ДСМ, ІІМ

3.

Алып қойылған контрабандалық тауарлардың құны (млн теңге)

республика бойынша

7 331,6

6 905,9

6 504,9

ҚМА (келісу бойынша), ІІМ

ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, Қаржымині

4.
 

Алып қойылған контрафактілік өнімнің құны (мың теңге)

республика бойынша

80723,5

76035,9

71620,6

ҚМА (келісу бойынша), ІІМ

ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, Әділетмині

5.
 

Браконьерлік қызмет (сүрек, киіктің мүйізі және т.б.), (мың теңге)

республика бойынша

49 985,1

47 082,5

44 348,5

ЭГТРМ, ІІМ

ЭТРМ, ІІМ

N 3 тип – "Заңнамаға сәйкес тіркелуге тиісті емес өндірушілер"
2021 жыл – 7,23 %; 2022 жыл – 6,69 %; 2023 жыл – 6,12 %.

6.
 

Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі (ЖІӨ-ге %)

республика бойынша

30
 

31,3
 

32,5
 

СЖРА ҰСБ (келісу бойынша)

ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ, СИМ, БҚДА (келісу бойынша)

N 6 тип – "Біле тұра нақты емес деректерді ұсынатын өндірушілер"
2021 жыл – 7,07 %; 2022 жыл – 6,54 %; 2023 жыл – 5,98 %.

 
7.

Кәсіпорындардың мөлшерлілігін ескере отырып, өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда орташа ЖЖТ-қа қол жеткізбеген кәсіпорындардың саны

республика бойынша

76 470

75 715

74 763

Қаржымині

Қаржымині, ҰЭМ, АШМ, ЭМ, ИИДМ, СИМ, МСМ, АҚДМ, Әділетмині, ОМ, ҒЖБМ, ДСМ, ҰБ (келісу бойынша), ЭТРМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, БҚДА (келісу бойынша), ЖАО

салалар бойынша


ауыл, орман және балық шаруашылығы

5 418

5 438

5 418


тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

230

226

222

өңдеу өнеркәсібі

4 007

3 809

3 652

электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен жабдықтау

219

208

200

сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануларды жою жөніндегі қызмет

33

31

30

құрылыс

5 273

4 865

4 547

көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

22 755

22 838

22 755

көлік және қоймалау

9 259

9 618

9 818

тұру және тамақтану жөніндегі көрсетілетін қызметтер

432

445

453

ақпарат және байланыс

1 359

1 386

1 399

жылжымайтын мүлікпен операциялар

2 222

2 217

2 203

кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

3 220

3 161

3 105

әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

2 499

2 432

2 374

білім беру

5 142

4 986

4 852

денсаулық сақтау

7 573

7 386

7 217

өнер, ойын-сауық және демалыс

1 260

1 227

1 197

өзгелер

5 569

5 442

5 321

өңірлер бойынша


ЖАО

Ақмола облысы

2 577

2 552

2 520

Ақтөбе облысы

3 192

3 161

3 121

Алматы облысы

3 777

3 740

3 693

Атырау облысы

2 382

2 359

2 329

Шығыс Қазақстан облысы

4 150

4 109

4 058

Жамбыл облысы

1 867

1 848

1 825

Қарағанды облысы

5 646

5 590

5 519

Қостанай облысы

2 581

2 555

2 523

Қызылорда облысы

2 036

2 016

1 990

Маңғыстау облысы

2 197

2 175

2 148

Павлодар облысы

2 954

2 925

2 888

Солтүстік Қазақстан облысы

2 075

2 054

2 028

Түркістан облысы

2 603

2 577

2 545

Батыс Қазақстан облысы

1 940

1 921

1 897

Астана қаласы

10 696

10 591

10 458

Алматы қаласы

22 354

22 133

21 855

Шымкент қаласы

3 443

3 409

3 366

8.

Қазақстан Республикасы импортының Қытай Халық Республикасы экспортының деректерімен алшақтығы (млн АҚШ доллары)

республика бойынша

5 706

5 520*

5 060*

Қаржымині

Қаржымині

9.

Бөлшек саудадағы тауарлар (көрсетілетін қызметтер) үшін халықтың қолма-қол ақшасыз төлемдерінің үлесі (%)

республика бойынша

50

54

57

ҰБ (келісу бойынша)

ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині

N 7 а типі – "Толық емес, бастапқы дереккөздерден жиналмаған немесе тікелей жиналмаған болып табылатын деректер"
2021 жыл – 5,01 %; 2022 жыл – 4,64 %; 2023 жыл – 4,24 %.

 
10.

Респонденттердің жалпы санына шаққанда статистикалық есептілік деректерін ұсынбағандардың үлесі (%)

республика бойынша

6,06

5,48

4,94

СЖРА ҰСБ
(келісу бойынша)

СЖРА ҰСБ (келісу бойынша)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:


АҚДМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

АҚШ

Америка Құрама Штаттары

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Әділетмині

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

БҚДА

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

ЖЖТ

жылдық жиынтық табыс

ЖҚҚ

жалпы қосылған құн

ЖІӨ

жалпы ішкі өнім

ИИДМ

Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚМА

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

МСМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

СЖРА ҰСБ

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

СИМ

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

ҰБ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭТРМ

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

ОМ

-

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

ҒЖБМ

-

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      * 2022 және 2023 жылдар үшін көрсеткіштер Қазақстан Республикасы импортының Қытай Халық Республикасы экспортының әдіснамалық ерекшеліктерге байланысты 2021 жылға қатысты деректерімен алшақтығы көлемінің ұлғаюын қамтымайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады