Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 644 қаулысы;
2) "Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 644 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 85 қаулысы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 34-тармағы.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспарды орындауға жауапты ұйымдар (келісу бойынша):
1) іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын және Кешенді жоспарда көзделген көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) (келісу бойынша) Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша) есепті жылдан кейінгі 30 тамыздан кешіктірмей Агенттікке (келісу бойынша) Кешенді жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
5. Агенттiк (келiсу бойынша) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына:
1) есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 наурыздан және 15 қыркүйектен кешіктірмей Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыру;
2) есепті жылдан кейінгі 15 қыркүйектен кешіктірмей Кешенді жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне:
1) есепті жылдан кейінгі 15 сәуірден кешіктірмей Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыру;
2) есепті жылдан кейінгі 30 қазаннан кешіктірмей Кешенді жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 589 қаулысымен бекітілген |
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары
Нәтиже көрсеткіші: Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының 2025 жылға дейінгі стратегиялық көрсеткіштер картасына сәйкес экономикадағы көлеңкелі айналымның деңгейі ЖІӨ-ге шаққанда %-бен 2023 жылы 18,2 %-дан аспайды, 2024 жылы 16,6 %-дан аспайды, 2025 жылы 15 %-дан аспайды.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес көлеңкелі экономика деңгейі 2021 жылы 19,75 %-ды құрады.
Бұл ретте көлеңкелі экономиканың негізгі үлесі (19,75 %-дан 11,1 %) немесе 56,2 %-ы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – МКК) индикаторларына тиесілі, бұл:
1) салықтарды төлеу деңгейінің салалық орташа көрсеткіштен ауытқуы негізінде есептелген табыстағы айырма (өңірлер бөлінісінде);
2) транзит көлеміне түзету мен әдіснамалық ерекшеліктерді ескергенде сыртқы сауда бойынша МКК деректерінің контрагент елінің кедендік статистикасымен алшақтығы.
Бейресми сектор кәсіпорындарының жалпы қосылған құнының көлемі екінші салмақты индикатор болып табылады – (19,75 %-дан 5,19 %) немесе көлеңкелі экономиканың 26,3 %-ы.
Осылайша, көрсетілген екі индикатор көлеңкелі сектордың 82,5 %-ын құрайды.
Көлеңкелі экономика құрылымындағы жете есептеулердің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1. Салықтарды, кедендік баждарды және бюджетке төленетін өзге де төлемдерді төлеу.
2. Тәуекелді кәсіпорындардың саны және қолма-қол ақшасыз транзакциялар көлемі.
3. Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі.
4. Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау.
5. Есірткі заттарының, контрабандалық, контрафактілік және браконьерлік өнімдердің заңсыз айналымы.
6. Статистикалық жүйенің анықтығы мен ашықтығы.
Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін кәсіпкерлерді салықтық және кедендік әкімшілендіру желісі бойынша көлеңкеден шығаруға, тиімді бәсекелестікке және бюджетті бөлуге, халықты заңсыз бизнестен қорғауға және басқаға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.
Р/с | Атауы | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар | Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Күтілетін нәтижелер: "Салалар бойынша қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі, ЖІӨ-дегі %" | ||||||
1. Көтерме және бөлшек сауда | ||||||
1 | Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселесін: | |||||
1.1. | кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне |
2023 жылғы |
Қаржымині, | талап етілмейді | |
1.2. | бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен немесе материалдық жеткізгіштермен таңбаланатын тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерінсіз немесе материалдық жеткізгіштерсіз сатқаны үшін жауапкершілікті енгізу | СИМ, Қаржымині, Әділетмині, | ||||
1.3. | электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) жоғалтқаны немесе қасақана зақымдағаны, жойғаны немесе оларды алып тастағаны, ауыстырғаны үшін жауапкершілікті енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізудің орындылығын айқындай отырып пысықтау | Қаржымині, Әділетмині | ||||
2. | Акцизделетін өнімнің айналымы саласындағы жосықсыз салық төлеушілерге, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу |
Қазақстан Республикасының | жылдың қорытындысы бойынша, 20 қаңтардан кешіктірмей | Қаржымині | талап етілмейді | |
3. | Салық заңнамасын: | |||||
3.1. | мемлекеттік кірістер органдарының тауарлардың іс жүзінде жеткізілуін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің орындалғанын айқындау мүмкіндігі; |
Қазақстан Республикасының |
2023 жылғы | Қаржымині, ҰЭМ | талап етілмейді | |
3.2. | МКК ақпараттық жүйесіне бақылау-касса машиналарының функционалын ескеретін POS-терминалдар мен QR-төлемдердің мәліметтерін қабылдау; |
Қаржымині, | ||||
3.3. | сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде залалды анықтау үшін ескіру мерзімі өткен салық кезеңдері бойынша тексеру жүргізу және қорытындылар беру; |
2023 жылғы | ҰЭМ, Қаржымині | |||
3.4. | жалған мәмілелердің жолын кесу үшін цифрлық шешімдерді қолдану арқылы ҚҚС әкімшілендіру тәсілдерін қайта қарау; | Қаржымині | ||||
3.5. | жеке табыс салығын айқындау кезінде халықаралық қор нарықтарында қаржы құралдарымен операциялар бойынша шығындар мен шығыстарды есепке алуды енгізу; |
ҰЭМ, Қаржымині, ҚНРДА (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша), | ||||
3.6. | негізсіз салықтық пайда алу тәуекелдерін барынша азайту бөлігінде жетілдіру мәселесін пысықтау | ҰЭМ, Қаржымині | ||||
4. | Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызметтер көрсететін тұлғаларға салықтық әкімшілендіруді қолданудың орындылығы мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасының |
2024 жылғы |
Қаржымині, ҰЭМ, | талап етілмейді | |
5. | Жалған электрондық шот-фактураларды жазып беру (күшін жою) және анық емес салық есептілігін беру фактілерінің жолын кесу мақсатында тәуекелді салық төлеушілерді биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, камералдық бақылауды жетілдіру | ақпараттық жүйелерді түрлендіру (мемлекеттік органдардың АЖ интеграциялау) |
2023 жылғы |
Қаржымині, ЦДИАӨМ, | талап етілмейді | |
6. | Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша, оның ішінде Қазақстандағы контрафактілік өнімнің айналымына қатысты талдау жүргізу және зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, контрафактілік өнімді төмендету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау | зерттеу нәтижелері туралы талдамалық анықтама |
жыл сайын, |
Әділетмині, Қаржымині, | талап етілмейді | |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне | ||||||
7. | Тауар қозғалысының барлық кезеңдерінде (әкелу, өндіру, өткізу) оларды жан-жақты бақылау мақсатында тауарларды таңбалау және қадағалап отыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізу | жол картасы |
2023 жылғы | СИМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша), "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
8. | 2008 жылғы 30 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің (Өзбекстан Республикасы, ҚХР, Тәжікстан Республикасы) кеден қызметтері арасындағы хаттама шеңберінде энергия ресурстарының қозғалысын бақылау саласында ақпарат алмасу бойынша техникалық жағдайлар жасау | байланыс арнасын ұйымдастыру |
2023 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
9. |
ҚДБ АТЖ-ны (ААӨҚ) МКК ақпараттық жүйелерімен (Астана-1 АЖ): | пайдалануға беру актісі |
2023 жылғы | ИИДМ, Қаржымині | талап етілмейді | |
10. | Тауарларды кедендік тазарту кезінде сәйкестік сертификаттарының түпнұсқалығын автоматты түрде тексеру мақсатында "Астана-1" АЖ-ны ЕАЭО сәйкестік сертификаттарының бірыңғай тізілімімен интеграциялау |
пайдалануға |
2023 жылғы | Қаржымині, СИМ, ЦДИАӨМ | талап етілмейді | |
11. | Кедендік шекара арқылы орны ауыстырылатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасу жөнінде ҚХР-мен хаттамалар шеңберінде жұмыс тетігін жетілдіру ("Астана-1" АЖ-да тауарларды кедендік тазарту кезінде ТБЖ мәліметтерін салыстыруды автоматтандыру бөлігінде) | автоматты салыстыруды іске асыру |
2023 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
12. | Кедендік шекара арқылы орны ауыстырылатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасу бойынша Өзбекстан Республикасымен хаттамалар шеңберінде жұмыс тетігін жетілдіру ("Астана-1" АЖ-да тауарларды кедендік тазарту кезінде ТБЖ мәліметтерін салыстыруды автоматтандыру бөлігінде) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне |
2023 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
13. | Кедендік шекара арқылы теміржол көлігімен орны ауыстырылатын тауарлар (оның ішінде жөнелтушілер, алушылар, вагон нөмірлері) туралы ҚХР-мен онлайн-режимде алдын ала ақпарат алмасуды енгізу | интеграцияның техникалық қағидаларын бекіту |
2023 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
14. | Ашықтықты арттыру және сатушыларға салық салуды оңайлату мақсатында электрондық сауда алаңдарын әкімшілендіру тетігін әзірлеу |
Қазақстан Республикасының |
2023 жылғы |
Қаржымині, ҰЭМ, | талап етілмейді | |
15. | Қазақстан Республикасы импортының импорттаушы елдердің экспорты деректерімен алшақтығын ескере отырып, контрафактілік дәрілік заттардың айналымы себептерін және шарттарын талдау |
Қазақстан Республикасының |
2024 жылғы | ДСМ, Қаржымині, Әділетмині, | талап етілмейді | |
16. | Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы баға белгілеу әдістерін жаңғырту үшін ДСМ мен МКК ақпараттық жүйелерін интеграциялау |
пайдалануға |
2024 жылғы | ДСМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ | талап етілмейді | |
2. Көлік және қоймалау | ||||||
17. | Контрафактілік өнімнің айналымын азайту мақсатында профилактикалық бақылаудың дербес түрі ретінде дәрілік заттарды бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындау |
Қазақстан Республикасының |
2024 жылғы |
ДСМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, | талап етілмейді | |
18. | Тасымалдау құжаттарын, оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарын электрондық форматқа ауыстыру үшін көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу және "ЭШФ" АЖ-мен интеграциялау | жүйені енгізу және интеграциялау |
2023 жылғы |
ИИДМ, | талап етілмейді | |
19. | Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың қалалық (қала маңындағы) бағдарларында жолаушыларды электрондық билеттендіру жүйелерін енгізу |
ЖАО |
2023 жылғы | ИИДМ, ЖАО | талап етілмейді | |
20. | Жолаушылар мен багажды қалалық (қала маңындағы) республикаішілік тұрақты тасымалдауға конкурс өткізу рәсімін автоматтандыруды қамтамасыз ету | техникалық тапсырманы бекіту |
2024 жылғы |
ИИДМ, ЦДИАӨМ, ЖАО, | талап етілмейді | |
жүйені пайдалануға беру |
2025 жылғы | |||||
21. | Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін көлік компанияларына берілген рұқсаттардың шетелдік бланкілерін үшінші тұлғаларға беру (сату) фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі шаралар кешенін жүргізу | ИИДМ және Қаржымині бекіткен жол картасы |
2023 жылғы |
ИИДМ, Қаржымині, | талап етілмейді | |
22. | Көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді техникалық қарап-тексеру операторларының қызметіндегі талаптар мен жауапкершілікті күшейту мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасының |
2023 жылғы |
ИИДМ, ЖАО, ҰКП (келісу | талап етілмейді | |
23. | Жыл сайын 5 %-ға ұлғайта отырып, кедендік тексеріп- қараулар тиімділігін қамтамасыз ету | анықтау 55 % | 2023 жыл |
Қаржымині, | талап етілмейді | |
анықтау 60 % | 2024 жыл | |||||
анықтау 65 % | 2025 жыл | |||||
24. | Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында орны ауыстырылатын тауарлар мен көлік құралдары жөнінде экспорттық-импорттық операциялар туралы алдын ала ақпарат алмасу бойынша ақпараттық жүйелерді интеграциялау | ақпараттық жүйелерді интеграциялау |
2023 жылғы | Қаржымині, ЦДИАӨМ | талап етілмейді | |
25. |
Камералдық бақылаудың жаңа рәсімдерін енгізу, оның ішінде: |
Қазақстан Республикасының |
жылдың қорытындысы бойынша, | Қаржымині | талап етілмейді | |
26. | Әуежайлар мен отандық авиакомпанияларға реактивті отын жеткізу тізбегінен делдалдарды алып тастауға қатысты шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы | "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ИИДМ, ЭМ, Қаржымині | талап етілмейді | |
27. | Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай мен мұнай өнімдеріне міндетті тауарға ілеспе электрондық құжаттарды енгізу және оларды мемлекеттік органдардың АЖ-мен интеграциялау |
Қазақстан Республикасының |
2023 жылғы | Қаржымині, ИИДМ, ЭМ | талап етілмейді | |
3. Өңдеу өнеркәсібі | ||||||
28. | Тауарларды таңбалау және қадағалап отыру процестеріне қатысатын өндірушілерді, импорттаушыларды, өзге де жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың жүйелі шараларын тұжырымдау |
Қазақстан Республикасының | 2023 жылғы 4-тоқсан | СИМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша), "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
29. | Мәмілелердің төмендетілген құны бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын және жер қойнауын пайдаланушылар компанияларындағы қатысу үлесін беруді бұғаттау бөлігінде салалық заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасының |
2023 жылғы |
ИИДМ, | талап етілмейді | |
30. | Көмір өндіруді және өндірілген көмірді байытуды жүзеге асырмайтын бейінді емес бизнес субъектілері үшін көмірді теміржол көлігімен әкетуге шектеу белгілеу бөлігінде көмір саласын жетілдіру мәселесін пысықтау | бұйрық жобасы |
2023 жылғы |
ИИДМ, Қаржымині, СИМ, | талап етілмейді | |
31. | Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында (minerals.gov.kz) қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды қамтамасыз ету | бұйрық жобасы |
2023 жылғы | ИИДМ, ЦДИАӨМ | талап етілмейді | |
32. | Инвесторлардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету және пайдаланылмайтын кен орындарын игеруге инвестициялар тарту үшін қатты пайдалы қазбалар бойынша "e-qazyna.kz" мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы электрондық аукцион өткізуді қамтамасыз ету | бұйрық жобасы |
2023 жылғы | ИИДМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині | талап етілмейді | |
33. | Көмірсутектер мен уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге және жүзеге асыруға байланысты процестерді автоматтандыруды қамтамасыз ету |
жүйені |
2024 жылғы |
ЭМ, ЦДИАӨМ, "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" | талап етілмейді | |
34. | Заманауи есептеу әдістерін пайдалана отырып, АМӨЗ, ПМХЗ, ПҚОП өндірістерінің паспорттарында және ұлттық стандарттарда технологиялық ысырап пен өртеу нормаларын оларды төмендету жағына қарай қайта қарау (МӨЗ жаңғыртуды, жабдықтарды жаңартуды ескере отырып) | ірі үш МӨЗ бойынша зерттеу |
2023 жылғы |
ЭМ, СИМ, | талап етілмейді | |
өндірістердің паспорттарына және ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізу | ||||||
35. | Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің тиеп-жөнелтілуі туралы деректерді мемлекеттік кіріс органдарына онлайн бере отырып, ПМХЗ-де, АМӨЗ-де, ПҚОП-та электрондық таразылар енгізу | АМӨЗ және ПҚОП бойынша техникалық құжаттаманы әзірлеу |
2023 жылғы |
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЭМ, | талап етілмейді | |
АМӨЗ және ПҚОП бойынша есепке алу аспаптарын енгізу | ||||||
ПМХЗ бойынша техникалық құжаттаманы әзірлеу | ||||||
36. | АМӨЗ-де, ПМХЗ-де, ПҚОП-та өнім өндірудің, сақтаудың, әкетудің және өзге де технологиялық процестердің қауіпсіздігі және оларды бақылау жүйесі аудитінің қорытындылары бойынша қалыптастырылған жұмыс тобының ұсынымдарын іске асыру |
Қазақстан Республикасының | жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей | "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЭМ, Қаржымині, СИМ, ЦДИАӨМ, ИИДМ | талап етілмейді | |
4. Ауыл, орман және балық шаруашылығы | ||||||
37. | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қарсы міндеттемелер енгізу есебінен "нәтижеге бағдарланған бюджеттеу" қағидаты бойынша субсидиялау тетігін жетілдіру | Субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу |
2023 жылғы |
АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, | талап етілмейді | |
38. | Қазақстан Республикасынан субсидияланатын аммофос пен селитраны автокөлікпен әкетуге шектеу белгілеу | бұйрық жобасы |
2023 жылғы | ИИДМ | талап етілмейді | |
39. | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (автокөлік) пайдаланғаны үшін төлемақы алу жүйесін автоматтандыру | БӨП-ті автоматтандыру |
2023 жылғы | ЭТРМ, ЦДИАӨМ, ЖАО | талап етілмейді | |
40. | Азаматтардың құқықтық қорғалуын, инспекторлар жұмысының ашықтығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау қызметін цифрландыру |
Қазақстан Республикасының |
жыл сайын, | ЭТРМ | талап етілмейді | |
41. | Арнайы көлік құралдары мен құрылғыларды, өртті ерте анықтау жүйелері орнатылған өрт-бақылау мұнараларын сатып алу | табиғатты қорғау мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету |
2025 жылғы | ЭТРМ, ҰЭМ | талап етілмейді | |
42. | Бақылау (сәйкестендіру) таңбаларымен немесе материалдық жеткізгіштермен таңбаланатын өнімдерді айқындау мақсатында АШТӨ тауарларына талдау жүргізу |
Қазақстан Республикасының |
2024 жылғы | АШМ, СИМ | талап етілмейді | |
43. | Ветеринария саласындағы бизнес-процестердің (вакцинациялау, диагностикалау, ветеринариялық ілеспе құжаттарды беру) ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" АЖ және "Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі" АЖ жаңғырту | пайдалануға беру актісі |
2024 жылғы | АШМ | талап етілмейді | |
44. | Өсімдік шаруашылығында өндірушіден түпкілікті тұтынушыға дейін қадағалап отыру жүйесін енгізу мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасының |
2024 жылғы | АШМ, ЦДИАӨМ | талап етілмейді | |
5. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | ||||||
45. | ЕДБ мен кредиттік бюроларды мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау жөніндегі жол картасын іске асыру |
Қазақстан |
2023 жылғы |
ЦДИАӨМ, | талап етілмейді | |
46. |
Жиынтығы жобаның жалпы құнының 30 %-ынан асатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өз бетімен ауыстыру мүмкіндігін алып тастай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 және 2015 жылғы |
Қазақстан Республикасы |
2023 жылғы | ИИДМ, Әділетмині | талап етілмейді | |
47. | Құрылыс алаңындағы еңбек ресурстарын мониторингтеу бойынша техникалық қадағалаудың міндеттілігін белгілеу | "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2024 жылғы | ИИДМ | талап етілмейді | |
48. | "Е-Шаңырақ" АЖ платформасында үйді басқару процестерінің ашықтығын арттыру және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстарды есепке алуды бақылау үшін көппәтерлі тұрғын үйлерді паспорттау |
Қазақстан Республикасының |
2024 жылғы | ИИДМ | талап етілмейді | |
49. | Жоспарлау кезеңінде жобалау құнын көтеруді болғызбау мақсатында автоматтандарылған бағдарламалардың (ABS, SANA және т.б.) көмегімен құрылыс ресурстарына ағымдағы бағаларды реттеу құралдарын жетілдіру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы | ИИДМ | талап етілмейді | |
6. Өзгелері | ||||||
50. | Статистикалық есептіліктің анықтығын қамтамасыз ету үшін респонденттердің E-stat жүйесіндегі жеке кабинетін жаңғырту (салалар және өңірлер бөлінісінде деректерді талдау функционалымен толықтыру) | респонденттер кабинетінде модуль әзірлеу |
2023 жылғы |
СЖРА ҰСБ | талап етілмейді | |
51. | Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы тарапынан Жаһандық бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының статистикалық жүйесін жетілдіру бөлігінде алынған ұсынымдарды орындау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және | жылдың қорытындысы бойынша, 20 қаңтардан кешіктірмей |
СЖРА ҰСБ | талап етілмейді | |
52. | Көлеңкелі қызмет салаларын барынша қамту мақсатында (қажет болған жағдайда халықаралық сарапшыларды тарта отырып) қадағаланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін қайта қарау мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат |
2023 жылғы |
СЖРА ҰСБ (келісу бойынша), | талап етілмейді | |
53. | Ұлттық Банктің Цифрлық теңге платформасы базасында мемлекеттік сатып алу шеңберінде бөлінетін бюджет қаражатының қадағаланып тұруын қамтамасыз ету: | |||||
53.1. | cалық төлеудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау тетігін әзірлеу | техникалық тапсырма жобасы |
2023 жылғы |
Қаржымині, ҰЭМ, | талап етілмейді | |
53.2. | мемлекеттік сатып алу шеңберінде Ұлттық Банктің цифрлық теңге платформасын пайдалануды эксперименттік бағалау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, ЦДИАӨМ | |||
54. | Қаржылық есептілік депозитарийіне қаржылық есептілікті ұсынатын әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде шартты жеңілдіктер беру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау |
Қазақстан |
2023 жылғы |
Қаржымині, | талап етілмейді | |
55. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 193 бетпе-бет отырысының хаттамасына сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне: | |||||
55.1. | әлеуетті өнім берушілерге қаржылық тұрақтылық түріндегі біліктілік талаптарын енгізу |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің |
2023 жылғы | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), Қаржымині, БҚДА (келісу бойынша) |
талап | |
55.2. | егер тиісті шартты жасасу әлеуетті өнім берушінің мүліктік мүдделеріне жауап берген және осындай шартты орындаудың өндірістік және (немесе) технологиялық мүмкіндігін қамтыған жағдайда акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-на тиесілі тиісті бейіндегі заңды тұлғалардың тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін әлеуетті өнім беруші ретінде міндетті түрде қатысу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) | ||||
55.3. | тікелей өндірушіден немесе импорттаушыдан кәсіпорынның үзіліссіз технологиялық циклін қамтамасыз ететін негізгі құралдарды немесе тауарларды сатып алу | |||||
55.4. | өнім берушінің аванс төлемін қайтаруды қамтамасыз етуді ұсынуы және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ бекіткен банк кепілдігі, қамтамасыз ету төлемі және үлгілік сақтандыру шарты түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің үлгілік сақтандыру шартын бекіту туралы шешімі | ||||
56. | Қаржы пирамидаларының белгілерін қамтитын материалдарды мониторингтеу, анықтау, тіркеу және бұғаттау үшін (сайттарда, әлеуметтік мессенджерлерде және басқа да мобильдік қосымшаларда) "Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі" жүйесін іске қосу | жүйені іске қосу |
2023 жылғы | АҚДМ | талап етілмейді | |
57. | "Қазақстанның киберқалқаны" бағдарламасы арқылы тыйым салынған контенті (web-беттердің ақпараттық мазмұны) бар сайттарға қол жеткізуді бұғаттау | "Қазақстанның киберқалқаны" жүйесінің өлшемшарттарын кеңейту |
2023 жылғы |
АҚДМ, | талап етілмейді | |
58. | Құмар ойындар саласында: | |||||
58.1. | құмар ойындар мен бәс тігуді (әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және т.б.) өткізу бойынша заңсыз қызметті ұйымдастыру белгілері бар материалдарды анықтау және бұғаттау үшін интернет-кеңістіктің мониторингі; |
Қазақстан |
жыл сайын, | МСМ, АҚДМ, ҚМА (келісу бойынша), ІІМ |
талап | |
58.2. | құмар ойындар мен бәс тігу жарнамасын шектеу; |
2023 жылғы | МСМ, АҚДМ, ҚМА (келісу бойынша), ІІМ | |||
58.3. | құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміндегі жеке тұлғалардың құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына рұқсат бергені үшін ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты ден қою шараларын (әкімшілік жауаптылық) енгізу бөлігінде ұсыныстар тұжырымдау арқылы талдау жүргізу |
МСМ, ҚМА (келісу бойынша), | ||||
59. | Халықты қаржы пирамидаларының белгілері, интернет-алаяқтық, заңсыз ойын бизнесі, маскүнемдік пен нашақорлықтың зияны туралы SMS-хабарландыру, egov интернет-порталы арқылы, сондай-ақ YouTube, Instagram, TikTok, Вконтакте, Facebook және басқа да танымал платформаларда "таргеттелген" жарнама ретінде хабардар ету | ұялы байланыс операторларымен келісім |
2024 жылғы | ЦДИАӨМ, АҚДМ, ІІМ, ҚМА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша) |
талап | |
ВАЖТ құру туралы бұйрық |
2023 жылғы |
АҚДМ, | ||||
"таргеттелген" жарнаманы енгізу бойынша жол картасы |
2024 жылғы | |||||
60. | Жезөкшелік пен порнографияның әлеуметтік қауіптілігін түсіндіре отырып, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы құқықтық сауат ашуды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының | жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей | АҚДМ, ІІМ, ОМ, ҒЖБМ, ДСМ, ЖАО | талап етілмейді | |
61. | Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша цифрлық активтерді алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы |
2024 жылғы |
БП (келісу бойынша), ІІМ, ҚМА (келісу бойынша), | талап етілмейді | |
62. | Қазақстан Республикасында қызметі тыйым салынған лицензияланбаған криптобиржалар мен криптоайырбастаушы веб-сайттарды бұғаттау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу |
Қазақстан Республикасының |
жыл сайын, | ЦДИАӨМ, АҚДМ | талап етілмейді | |
63. | Ішкі істер органдарына ұсынымдар тұжырымдап, әдістемелік ұсынымдар жасай отырып, жезөкшелікпен айналысуға итермелейтін себептер мен жағдайларды қамтитын зерттеу жұмысын жүргізу |
Қазақстан Республикасының |
2024 жылғы | ҒЖБМ, ОМ, ІІМ, ДСМ | талап етілмейді | |
жол картасы | ІІМ, ДСМ | |||||
әдістемелік ұсынымдар |
2025 жылғы | ҒЖБМ, ОМ, ІІМ | ||||
64. | Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікті ЖЖМ бөлу және игеру тетіктерін: | |||||
64.1. | МӨЗ-ден АШТӨ-ге дейін жеңілдікті ЖЖМ-ның ұтымды логистикасын жүзеге асыру | АШМ, ЭМ және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) бірлескен бұйрығы |
2023 жылғы |
АШМ, ЭМ, ЖАО, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), |
талап | |
64.2. | өтінімдерді қабылдау процестерін жетілдіру және жеңілдікті ЖЖМ-ны нысаналы игеру бөлігінде өзектілендіру | |||||
65. | Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды жоспарлаудан бастап және пациенттерге беруге дейін есепке алуды: | |||||
65.1. | дәрілік заттардың дербестендірілген есебін жүргізу мақсатында ДСМ ақпараттық жүйелерін денсаулық сақтау ұйымдарының есепке алу жүйелерімен интеграциялау | пайдалануға беру актісі |
2025 жылғы | ДСМ, ЦДИАӨМ, ЖАО |
талап | |
65.2. | денсаулық сақтау ұйымдарында нақты уақыт режимінде дәрілік заттардың бар-жоғын мониторингтеу бөлігінде жетілдіру | 2025 жылғы 2-тоқсан |
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына қосымша |
Қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономикаға қарсы 2025 жылға дейінгі іс-қимыл көрсеткіштерінің бағаланатын мемлекеттік органдарға бекітіп берілген тізбесі
N 1 тип – "Өндірушілер әдейі тіркелмейді – астыртын қызмет" | |||||||||
Р/с | Көрсеткіш | Мына бөліністе |
2022 |
2023 |
2024 | 2025 жыл | Ақпарат көзі | Жауапты мемлекеттік органдар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
1. | Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санына шаққанда тіркелмей жұмыспен қамтылғандардың үлесі (%) |
республика | жалдамалы жұмыскерлер | 0,44 | 0,39 | 0,34 | 0,27 | СЖРА ҰСБ (келісу бойынша) | Еңбекмині, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ИИДМ, СИМ, МСМ, АҚДМ, Әділетмині, ҒЖБМ, ОМ, ДСМ, ҰБ (келісу бойынша), ЭТРМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, БҚДА (келісу бойынша), ЖАО |
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар | 1,12 | 1,05 | 0,97 | 0,89 | ҰЭМ, Еңбекмині, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ИИДМ, СИМ, МСМ, АҚДМ, Әділетмині, ҒЖБМ, ОМ, ДСМ, ҰБ (келісу бойынша), ЭТРМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, БҚДА (келісу бойынша), ЖАО | ||||
салалар бойынша | |||||||||
ауыл, орман және балық шаруашылығы | 3,27 | 3,07 | 2,84 | 2,64 | |||||
тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру | - | - | - | - | |||||
өңдеу өнеркәсібі | 0,93 | 0,87 | 0,80 | 0,75 | |||||
электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен жабдықтау | 0,04 | 0,04 | 0,04 | 0,03 | |||||
сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануларды жою жөніндегі қызмет | 0,05 | 0,05 | 0,05 | 0,05 | |||||
құрылыс | 4,46 | 4,17 | 3,89 | 3,60 | |||||
көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 1,06 | 1,00 | 0,93 | 0,87 | |||||
көлік және қоймалау | 3,84 | 3,60 | 3,36 | 3,12 | |||||
тұру және тамақтану жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 1,46 | 1,36 | 1,28 | 1,18 | |||||
ақпарат және байланыс | 0,16 | 0,15 | 0,13 | 0,11 | |||||
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 0,81 | 0,77 | 0,74 | 0,70 | |||||
кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет | 0,38 | 0,36 | 0,34 | 0,32 | |||||
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 0,31 | 0,29 | 0,28 | 0,26 | |||||
білім беру | 0,14 | 0,14 | 0,11 | 0,11 | |||||
денсаулық сақтау | 0,32 | 0,32 | 0,29 | 0,29 | |||||
өнер, ойын-сауық және демалыс | 2,41 | 2,28 | 2,09 | 1,95 | |||||
өзгелер | 3,50 | 3,28 | 3,06 | 2,84 | |||||
өңірлер бойынша | ЖАО | ||||||||
Абай облысы | 0,20 | 0,20 | 0,10 | 0,10 | |||||
Ақмола облысы | 1,62 | 1,49 | 1,36 | 1,24 | |||||
Ақтөбе облысы | 0,31 | 0,29 | 0,26 | 0,24 | |||||
Алматы облысы | 1,70 | 1,57 | 1,43 | 1,28 | |||||
Атырау облысы | 0,32 | 0,31 | 0,27 | 0,25 | |||||
Батыс Қазақстан облысы | 1,51 | 1,41 | 1,29 | 1,19 | |||||
Жамбыл облысы | 2,23 | 2,07 | 1,89 | 1,71 | |||||
Жетісу облысы | 4,02 | 3,71 | 3,37 | 3,04 | |||||
Қарағанды облысы | 2,10 | 1,95 | 1,74 | 1,55 | |||||
Қостанай облысы | 1,21 | 1,12 | 0,97 | 0,85 | |||||
Қызылорда облысы | 3,25 | 3,00 | 2,76 | 2,52 | |||||
Маңғыстау облысы | 0,86 | 0,80 | 0,73 | 0,66 | |||||
Павлодар облысы | 0,50 | 0,47 | 0,42 | 0,39 | |||||
Солтүстік Қазақстан облысы | 0,39 | 0,37 | 0,33 | 0,30 | |||||
Түркістан облысы | 4,85 | 4,49 | 4,12 | 3,76 | |||||
Ұлытау облысы | 1,46 | 1,35 | 1,21 | 1,08 | |||||
Шығыс Қазақстан облысы | 0,11 | 0,10 | 0,08 | 0,06 | |||||
Астана қаласы | 0,34 | 0,33 | 0,29 | 0,27 | |||||
Алматы қаласы | 0,70 | 0,60 | 0,60 | 0,50 | |||||
Шымкент қаласы | 0,60 | 0,56 | 0,51 | 0,47 | |||||
N 2 тип – "Өндірушілер әдейі тіркелмейді – заңсыз қызмет" | |||||||||
2. | Есірткіге тәуелді адамдардың іс жүзіндегі саны (адам) | республика бойынша | 17 868 | 16 830 | 15 853 | 14 933 | ДСМ, ІІМ | ДСМ, ІІМ | |
3. | Алып қойылған контрабандалық тауарлардың құны (млн теңге) | республика бойынша | 4 293 | 4 044 | 3 809 | 3 588 | ҚМА (келісу бойынша), ІІМ | ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, Қаржымині | |
4. | Алып қойылған контрафактілік өнімнің құны (мың теңге) | республика бойынша | 538 100 | 506 854 | 477 421 | 449 698 | ҚМА (келісу бойынша), ІІМ | ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, Әділетмині | |
5. | Браконьерлік қызмет (сүрек, киіктің мүйізі және т.б.) (мың теңге) | республика бойынша | 77 921 | 73 396 | 69 134 | 65 120 | ЭТРМ, ІІМ | ЭТРМ, ІІМ | |
N 3 тип – "Заңнамаға сәйкес тіркелуге тиісті емес өндірушілер" | |||||||||
6. | Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі (ЖІӨ-ге %) | республика бойынша | 36,0 | 36,5 | 37,0 | 37,5 | СЖРА ҰСБ (келісу бойынша) |
ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ, СИМ, | |
N 6 тип – "Біле тұра нақты емес деректерді ұсынатын өндірушілер" | |||||||||
7. | Кәсіпорындардың мөлшерлілігін ескере отырып, өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда орташа ЖЖТ-қа қол жеткізбеген кәсіпорындардың саны | республика бойынша | 77176 | 76206 | 74786 | 72577 | Қаржымині | Қаржымині, ҰЭМ, АШМ, ЭМ, ИИДМ, СИМ, МСМ, АҚДМ, Әділетмині, ҒЖБМ, ОМ, ДСМ, ҰБ (келісу бойынша), ЭТРМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, БҚДА (келісу бойынша), ЖАО | |
салалар бойынша | |||||||||
ауыл, орман және балық шаруашылығы | 3321 | 3309 | 3268 | 3186 | |||||
тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру | 490 | 482 | 471 | 456 | |||||
өңдеу өнеркәсібі | 4317 | 4139 | 3971 | 3785 | |||||
электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен жабдықтау | 222 | 214 | 204 | 194 | |||||
сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануларды жою жөніндегі қызмет | 498 | 482 | 450 | 434 | |||||
құрылыс | 9296 | 8689 | 8157 | 7636 | |||||
көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 16861 | 16800 | 16592 | 16177 | |||||
көлік және қоймалау | 3604 | 3678 | 3699 | 3657 | |||||
тұру және тамақтану жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 1467 | 1493 | 1497 | 1477 | |||||
ақпарат және байланыс | 2574 | 2598 | 2593 | 2548 | |||||
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 6464 | 6424 | 6336 | 6179 | |||||
кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет | 7545 | 7412 | 7249 | 7020 | |||||
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 5338 | 5211 | 5072 | 4895 | |||||
білім беру | 5452 | 5306 | 5152 | 4960 | |||||
денсаулық сақтау | 2450 | 2394 | 2331 | 2249 | |||||
өнер, ойын-сауық және демалыс | 1144 | 1116 | 1086 | 1047 | |||||
өзгелер | 5453 | 5332 | 5197 | 5017 | |||||
өңірлер бойынша | ЖАО | ||||||||
Абай облысы | 1125 | 1111 | 1090 | 1058 | |||||
Ақмола облысы | 2430 | 2400 | 2355 | 2285 | |||||
Ақтөбе облысы | 3495 | 3451 | 3386 | 3287 | |||||
Алматы облысы | 2573 | 2541 | 2493 | 2420 | |||||
Атырау облысы | 2513 | 2481 | 2435 | 2362 | |||||
Ұлытау облысы | 395 | 390 | 383 | 372 | |||||
Шығыс Қазақстан облысы | 2984 | 2947 | 2892 | 2806 | |||||
Жамбыл облысы | 1893 | 1869 | 1834 | 1780 | |||||
Жетісу облысы | 1167 | 1152 | 1131 | 1097 | |||||
Қарағанды облысы | 5195 | 5129 | 5034 | 4885 | |||||
Қостанай облысы | 2802 | 2767 | 2716 | 2636 | |||||
Қызылорда облысы | 1753 | 1730 | 1698 | 1647 | |||||
Маңғыстау облысы | 2560 | 2528 | 2481 | 2407 | |||||
Павлодар облысы | 3298 | 3257 | 3196 | 3102 | |||||
Солтүстік Қазақстан облысы | 1926 | 1902 | 1867 | 1812 | |||||
Түркістан облысы | 2782 | 2747 | 2696 | 2617 | |||||
Батыс Қазақстан облысы | 2090 | 2064 | 2026 | 1966 | |||||
Астана қаласы | 11598 | 11452 | 11239 | 10907 | |||||
Алматы қаласы | 21233 | 20966 | 20576 | 19968 | |||||
Шымкент қаласы | 3573 | 3528 | 3462 | 3361 | |||||
8. | Қазақстан Республикасы импортының Қытай Халық Республикасы экспортының деректерімен алшақтығы (млн АҚШ доллары) | республика бойынша | 5364 | 5345 | 5278 | 5146 | Қаржымині | Қаржымині | |
9. | Бөлшек саудадағы тауарлар (көрсетілетін қызметтер) үшін халықтың қолма-қол ақшасыз төлемдерінің үлесі (%) | республика бойынша | 75 % | 76 % | 77 % | 78 % | ҰБ келісу бойынша) | ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині | |
N 7 а типі – "Толық емес, бастапқы дереккөздерден жиналмаған немесе тікелей жиналмаған болып табылатын деректер" | |||||||||
10. | Респонденттердің жалпы санына шаққанда статистикалық есептілік деректерін ұсынбағандардың үлесі (%) | республика бойынша | 5,48 | 4,94 | 4,43 | 3,96 |
СЖРА ҰСБ | СЖРА ҰСБ (келісу бойынша) |
*2022 – 2025 жылдар үшін көрсеткіштер Қазақстан Республикасы импортының ҚХР экспортының әдіснамалық ерекшеліктерге байланысты 2021 жылға қатысты деректерімен алшақтығы көлемінің ұлғаюын қамтымайды.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
ААӨҚ | – | арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары |
АЖ | – | ақпараттық жүйе |
АШМ | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
АШТӨ | – | ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер |
АМӨЗ | – | "Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
АҚДМ | – | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ | – | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Әділетмині | – | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
БАҚ | – | бұқаралық ақпарат құралдары |
БП | – | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
БҚДА | – | Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
БӨП | – | бақылау-өткізу пункті |
ВАЖТ | – | ведомствоаралық жұмыс тобы |
ҒЖБМ | – | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ДСМ | – | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ЕАЭО | – | Еуразиялық экономикалық одақ |
ЕДБ | – | екінші деңгейдегі банктер |
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖАО | – | жергілікті атқарушы органдар |
ЖЖМ | – | жанар-жағармай материалдары |
ЖІӨ | – | жалпы ішкі өнім |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі |
КДБ АТЖ | – | көліктік деректер базасының және тасымалдау қауіпсіздігі серпіні мониторингінің ақпараттық-талдау жүйесі |
"Қазақтелеком" АҚ | – | "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ | – | "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
ҚҚҚ | – | Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы |
ҚҚС | – | қосылған құн салығы |
ҚМА | – | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі |
ҚНРДА | – | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | – | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
ҚХР | – | Қытай Халық Республикасы |
МКК | – | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті |
МКБ | – | Мемлекеттік кредиттік бюро |
МСМ | – | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
МӨЗ | – | мұнай өңдеу зауыты |
ОМ | – | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
ПМХЗ | – | "Павлодар мұнай-химия зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
ПҚОП | – | "ПетроҚазақстан Ойл Продакст" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
РЖСОП | – | Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы |
РНП | – | Республикалық нотариаттық палата |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | – | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы |
СӘ | – | Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі |
СЖРА ҰСБ | – | Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы |
СИМ | – | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
СҚА | – | Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
ТБЖ | – | тәуекелдерді басқару жүйесі |
ТЖМ | – | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
"ҰАТ" АҚ | – | "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы |
ҰБ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
ҰКП | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
ҰҚК | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
"Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" | – | "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ЭТРМ | – | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі |
ЭМ | – | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
ЭШФ | – | электрондық шот-фактуралар |
SMS-хабарландыру | – | ұялы байланыс операторларының абоненттеріне жіберілетін қысқа мәтіндік хабарлама |