ІІМ Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Меморандумға 2015 жылғы 9 желтоқсандағы қосымша хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын әзірледі.
Қаулының мақсаты АҚШ Үкіметінің Қазақстан Республикасы үшін мынадай бағыттар бойынша әзірленген жаңа жобаларды құру және қолдау үшін 2 млн. 326 мың АҚШ доллары сомасына қаржыландыру бөлуін көздейтін хаттама мәтінін мақұлдау:
1) полицияны реформалау бағдарламасын ілгерілету;
2) ІІМ Академиясына арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу;
3) киберқылмысқа қарсы іс-қимылды қолдау;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары саласындағы қылмыстық істерді анықтауда, тергеуде және қарауда құқық қорғау органдарының әлеуетін дамытуға қолдау көрсету;
5) қылмыстық сот төрелігі саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер үшін оқыту іс-шараларын жүргізу.
Қаулыны қабылдау теріс экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салдар тудырмайды. Хаттаманы іске асыруға байланысты қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.
Ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Хаттама Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 680 қаулысымен мақұлданды және Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың АҚШ-тың Өкілетті елшісі Уильям Мозермен ресми кездесуі барысында қол қойылды.