Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 915 қаулысы.

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар (бұдан әрі – шаралар) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және ұйымдар (келісу бойынша) шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін, сондай-ақ жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша) жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 915 қаулысымен
бекітілген

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар


Р/с№ Жобаның/іс-шараның атауы Аяқтау нәтижесі
(жоба үшін)/ нысаны (іс-шара үшін )
Аяқтау мерзімі Нәтижеге жауаптылар Болжанатын шығыстар (мың теңге) Қаржыландыру көздері

1. Салықтық қылмыстар тәуекелдерін азайту жөніндегі шаралар

Мақсат: жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы кірістерді жылыстату, салықтар мен кедендік төлемдер төлеуден жалтару тәуекелдерін болдырмау, елден қолма-қол ақша қаражатын контрабандалық әкетуді болдырмау.

Күтілетін әсерлер:
- ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру тәуекелдерінің төмендеуі;
- экономикалық контрабандадан алынған қылмыстық кірістердің төмендеуі.

KPI:
- ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруды төмендету;
- халықаралық саудадағы қылмыстық кірістерді алу және заңдастыру схемаларының санын төмендету.

1

Мыналар:
бюджет қаражатын жымқыру белгілері бар мәмілелер;
салықтар төлеуден жалтару белгілері бар мәмілелер;
алаяқтық және мүлікті жымқыру белгілері бар мәмілелер;
букмекерлік кеңселердің шоттарымен операциялар;
жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер бойынша предикаттық құқық бұзушылықтарды жасауға бағытталған күдікті операцияларды айқындау белгілерін өзектілендіру және жаңаларымен толықтыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2020 жылғы
30 қыркүйектегі № 938 бұйрығына өзгерістер енгізу

2022 жылғы 2-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), Қаржымині, Әділетмині, МСМ, ЦДИАӨМ, ІІМ
 

талап етілмейді

талап етілмейді

2

Шекара арқылы өткізу кезінде міндетті таңбалануға жататын тауарлар тізбесін кеңейту жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2022 жылғы 1-тоқсан

Қаржымині

талап етілмейді

талап етілмейді

3

Ведомстволық актілерге жолаушылар кедендік декларацияларында жеке сәйкестендіру нөмірін толтырудың міндеттілігі бойынша өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2018 жылғы
19 ақпандағы
№ 236 бұйрығына өзгерістер енгізу

2022 жылғы 1-тоқсан

Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

4

Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру – декларациялау процестерін одан әрі автоматтандыру, кедендік бақылауды жүзеге асыруда тәуекел-бағдарланған тәсіл, тауарларды шығарғаннан кейін бақылауды дамыту

ПМК-ға ұсыныстар

2022 жылғы 4-тоқсан

Қаржымині

талап етілмейді

талап етілмейді

2. Заңсыз экономикалық қызметтегі тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар

Мақсат: заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз ойын бизнесі арқылы кірістерді жылыстату тәуекелдерін болдырмау.

Күтілетін әсерлер:
- заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай пайда алудың төмендеуі;
- көлеңкелі кірісті шетелге шығаруды жүзеге асыруда заңсыз ойын бизнесін пайдалану тәуекелдерінің төмендеуі.

KPI:
- заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты көлеңкеден шығару (әлеуметтік желілердегі сауда және т.б.);
- заңсыз құмар ойындар мен онлайн-казино төлем нарығын көлеңкеден шығару.

5

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін "egov.kz" порталында тіркеу есебін енгізу туралы мәселені пысықтау

ПМК-ға ұсыныстар

2022 жылғы 1-тоқсан

Қаржымині, ЦДИАӨМ, "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

6

Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін бенефициарлық меншік иелерін көрсетудің міндеттілігі бойынша пысықтау

бұйрық жобасы

2022 жылғы 2-тоқсан

Әділетмині, ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және бюджет қаражатын жымқыру
тәуекелдерін азайту жөніндегі шаралар

Мақсат: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар арқылы кірістерді жылыстату тәуекелдерін болдырмау.

Күтілетін әсерлер:
- жария лауазымды адамдардың жылжымайтын мүлікті сатып алуы және иеліктен шығаруы бойынша заңсыз мәмілелердің анықталуы (сыбайлас жемқорлық қылмыстар арқылы алынған қаражатқа);
- мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру және орындау кезінде бюджет қаражатын мақсатты пайдалану мониторингінің күшеюі.

KPI:
- жария лауазымды адамдар мен басқа да мемлекеттік қызметшілер жасайтын күдікті және шекті операциялардың анықталуын арттыру;
- мемлекеттік келісімшарттарды орындау шеңберінде бюджет қаражаты ағынының мақсатты пайдаланылуын және бүкпесіздігін қамтамасыз ету.

7

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына:
Тәуекел тобындағы адамдардың бірыңғай тізілімінің тізімін, сондай-ақ ҚМА тәуекел тобындағы адамдардың бірыңғай тізілімін ҚМС-тың пайдалануы үшін құқықтық негізді нормативтік бекітуді қамтамасыз ету;
ұлттық қауіпсіздік органдарының ТҚ/ЖҚҚТҚ саласындағы қылмыстарға адамдардың қатыстылығы туралы ақпаратты уәкілетті органға жіберуі;
тәуекел белгілері бар адамдар мен компаниялар туралы мәліметтер жинақтай отырып, барлық ҚМС үшін деректер базасын құру және жүргізу;
жеке тұлғаны сәйкестендіру кезінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның визасы туралы мәліметтерді тіркеу бөлігінде заңнамалық түзетулер әзірлеу

РСКҚ

2022 жылғы 4-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), ІІМ, ЦДИАӨМ, Әділетмині, Қаржымині, ҚҚҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)
 

талап етілмейді

талап етілмейді

8

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар шығыстарының олардың кірістеріне сәйкестігін бақылауды енгізу

РСКҚ

2027 жылғы
1-тоқсан
 

СҚА (келісу бойынша), Қаржымині

талап етілмейді

талап етілмейді

9

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша жобалық қаржыландыруды енгізу, тауарлардың бағаларына және өзге де сипаттамаларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, бағаларды негізсіз көтеруге қатысы бар барлық адамдардың заңдық жауапкершілігін белгілеу арқылы қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелерін пысықтау

ПМК-ға ақпарат

2022 жылғы 2-тоқсан

Қаржымині, БҚДА (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

10

Мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық жолмен алынған кірістерді және өзге де мүлікті жария ету фактілерін анықтау бойынша ақпараттық-талдамалық өзара іс-қимылды жақсарту мәселелерін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

2022 жылғы 1-тоқсан

Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша)
 

талап етілмейді

талап етілмейді

4. Есірткінің заңсыз айналымы саласындағы тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар

Мақсат: есірткінің заңсыз айналымы арқылы кірістерді жылыстату тәуекелдерін болдырмау.

Күтілетін әсер: есірткінің заңсыз айналымынан алынған кірістердің төмендеуі, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстың заңсыз қызметін қаржыландыруға жол берілмеуі.

KPI: Синтетикалық, жартылай синтетикалық есірткілер мен өсімдік тектес есірткілерді жеткізу мен өткізуді ұйымдастыратын ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық қоғамдастықтарды анықтау фактілерін арттыру.

11

Трансшекаралық есірткі трафигіне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жандандыру

ҚМА-ға ақпарат

тоқсан сайын

ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ

талап етілмейді

талап етілмейді

5. Алаяқтық саласындағы тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар

Мақсат: алаяқтық арқылы кірістерді жылыстату тәуекелдерін болдырмау.

Күтілетін әсер: ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстар бойынша қылмыстық істер санының төмендеуі.

KPI: мемлекеттік органдармен, қаржы мекемелерімен, ұялы байланыс операторларымен, көрсетілетін қызметтер провайдерлерімен және онлайн-платформалармен алаяқтықпен күресте өзара іс-қимылды арттыру.

12

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алаяқтық іс-қимылдың белгілері мен салдары туралы материалдар жариялау

жұмыс жоспары

2022 жылғы 1-тоқсан

АҚДМ, ІІМ, СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

6.      Қаржылық/қаржылық емес секторлардағы осалдықтарды азайту жөніндегі шаралар

Мақсат: ҚМС-ның қызметі арқылы кірістерді жылыстату тәуекелдерін болдырмау.

Күтілетін әсерлер:
- КЖ/ТҚҚ жүйесіне ҚМС тартылуының артуы;
- кірістерді жылыстату схемаларында ҚМС-ты пайдалану фактілерінің төмендеуі.

KPI:
- ҚМС мен мемлекеттік реттеуші-органдар үшін түсіндіру іс-шаралары жөніндегі жұмысты күшейту;
- ҚМС-ның кірістерді жылыстату тәуекелдерін секторалдық бағалауды жүргізуі;
- кірістерді жылыстатудың ықтимал фактілері бар күдікті операциялардың белгілерін әзірлеу.

13

Қаржылық мониторингке жататын операцияларды жүргізу фактілерінің болуына қарамастан, барлық ҚМС-ны ҚМА-ның Қаржы операциялары туралы деректерді жинау жүйесінде міндетті тіркеу қажеттігін заңнамалық түрде бекіту

РСКҚ
 

2022 жылдың екінші жартыжылдығы

ҚМА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), БҚДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), Әділетмині, АХҚО (келісу бойынша), Қаржымині

талап етілмейді

талап етілмейді

14

КЖ/ТҚҚ туралы Заңға:
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін;
қаржылық лизинг шарты бойынша мүлікті қолма-қол нысанда алуға немесе беруге байланысты;
қымбат металдар мен асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алуға-сатуға байланысты операциялар бойынша шекті соманы төмендету бөлігінде өзгерістер енгізу

РСКҚ

2022 жылғы 4-тоқсан
 

ҚМА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), МСМ, Әділетмині

талап етілмейді

талап етілмейді

15

Тауар биржалары үшін шекті операцияның сомасын айқындау

РСКҚ

2022 жылғы 4-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), БҚДА (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

16

Мыналардың:
АХҚО қатысушыларының;
адвокаттардың, заң консультанттарының және заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандардың;
бухгалтерлік ұйымдар үшін (бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу бөлігінде олар көрсететін консалтингтік қызметтер);
тауар биржаларының;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бейіні бойынша ҚМС үшін күдіктілік белгілерін әзірлеу

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2020 жылғы
30 қыркүйектегі № 938 бұйрығына өзгерістер енгізу

2022 жылғы 2-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша), БҚДА (келісу бойынша), Қаржымині, ДСМ
 

талап етілмейді

талап етілмейді

17

ҚМА мен АХҚО комитеті арасында КЖ/ТҚҚ саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою

меморандум
 

2021 жылғы 4-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

18

Қаржылық мониторинг органдары, кеден және шекара қызметтері мен әуежайлардың қауіпсіздік қызметі арасында жеке тұлғалардың Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын өткізуі бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру

меморандум
 

2022 жылғы 1-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), Қаржымині

талап етілмейді

талап етілмейді

19

Мыналар:
микроқаржылық қызметті,
сондай-ақ төлем ұйымдарының қатысуымен жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мен көрсетілетін қызметтерін пайдалану схемалары мен әдістерін анықтау;
айырбастау пункттері арқылы шетел валютасын сатып алу/сату;
бағалы қағаздармен операциялар жасау;
ҚМС-тың (БЖЗҚ-ның, сақтандыру ұйымдарының, адвокаттардың, заң консультанттары мен тәуелсіз мамандардың) жылжымайтын және өзге де мүлікпен (оның ішінде оны шетелде сатып алу) қызметтер көрсетуі және мәмілелер жасауы;
жеке клиникалардың жалған медициналық қызметтер көрсетуі;
құмар ойында және/немесе құмар ойындарына мөлшерлемелер бойынша ұтыстар алуы;
есірткі заттарды өткізумен байланысты тәуекел топтарын анықтау;
төлем жүйелері мен ЕДБ мобильді қосымшалары, "Qiwi әмиян", букмекерлік кеңселердің логиндері абоненттік нөмірлерге теңгерімді толтыру арқылы жүзеге асырылатын күдікті операцияларды анықтау жөніндегі типологияларды әзірлеу.

типология
 

2022 жылғы 1 және
2-тоқсандар

ҚМА (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

20

КЖ-ның ықтимал фактілерін анықтау үшін ҚМА-ға Мөлшерлемелерді есепке алу орталығының (МЕО)
ДБ-на қолжетімділік беру

деректер базасына қолжетімділік

2022 жылғы 4-тоқсан

МСМ, ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

21

Ойын бизнесі және лотереялар өкілдеріне қатысты профилактикалық бақылау жүргізу (профилактикалық бақылау кестесіне сәйкес)

ақпараттық анықтама

2022 жылғы 2-тоқсан

МСМ

талап етілмейді

талап етілмейді

22

Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысында аудиторлық ұйымдарға бақылау тексерулерін жүргізу

ақпараттық анықтама
 

2023 жылғы 1-тоқсан
 

Қаржымині

талап етілмейді

талап етілмейді

23

Мемлекеттік реттеуші-органдардың тәуекелдерді секторалдық бағалауды жүргізуі жөніндегі әдіснаманы әзірлеу

әдіснама

2022 жылғы 2-тоқсан
 

ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

24

Интернет-ресурстар мен тауар биржаларының электрондық сауда жүйелерін "Бірыңғай сатып алу терезесі" порталы ("eoz.kz" сайты) ақпараттық жүйесімен интеграциялау сайты.

АЖ интеграциясы

2022 жылғы 4-тоқсан

БҚДА (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

25

Әртүрлі салаларда (қару-жарақ, есірткі, ақша қаражаты және т.б.) мамандану бойынша тиісті мемлекеттік органдардың кинологиялық орталықтары жануарларының санын ұлғайту

Есеп-қисаптары бар анықтама-негіздеме

2022 жылғы 2-тоқсан
 

ҚМА, ҰҚК (келісу бойынша)
 

талап етілмейді

талап етілмейді

7. ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шаралар

Мақсат: терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру фактілерінің алдын алу.

Күтілетін әсерлер:
- тіркелген террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстар санының төмендеуі;
- жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру үшін осалдықтардың төмендеуі.

KPI:
- терроризмді қаржыландыру үшін КЕҰ пайдалану фактілерін төмендету;
- жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты болуы мүмкін күдікті операцияларды анықтаудың тиімділігін арттыру үшін қаржы ұйымдарының комплаенс-рәсіміне арнайы индикаторлар енгізу.

26

Пошта операторларының көрсетілетін қызметтері арқылы ТҚ типологиясының, схемаларының және модельдерінің тәсілдерін әзірлеу

типология

2022 жылғы 2-тоқсан

ҚМА (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді


      Ескертпе. аббревиатуралардың және қысқартулардың толық жазылуы:


АЖ

ақпараттық жүйе

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ

АҚДМ


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

АХҚО

"Астана" халықаралық қаржы орталығы

Әділетмині

БЖЗҚ

БҚДА

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

ДБ

ДСМ

ЕДБ

деректер базасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

екінші деңгейдегі банктер

КЕҰ

КЖ/ТҚ

КЖ/ТҚҚ


коммерциялық емес ұйымдар

кірістерді жылыстату/терроризмді қаржыландыру

қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл

ҚҚҚ

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚМА

ҚМС

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қаржылық мониторинг субъектілері

ҚНРДА

МЕО

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мөлшерлемелерді есепке алу орталығының

МСМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

НҚА

ПӘ

ПМК

РСКҚ

нормативтік құқықтық акт

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты

СҚА

ТҚ/ЖҚҚТҚ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

терроризмді қаржыландыру/жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру

ҰБ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰКП

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ІІМ


Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады