"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2022 жылға арналған жоспары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 916 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 480 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.07.2022 № 480 қаулысымен.

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2022 жылға арналған жоспары бойынша қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2021 жылғы 30 желтоқсанға дейін қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей тарапына жіберсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 916 қаулысымен
бекітілген

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2022 жылға арналған жоспары бойынша қорытынды

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппаратгарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Тарапы ұсынған (Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 26132/3дснг нотасы) 2016 - 2025 жылдарға арналған Ресейдің Федералдық ғарыштық бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары мен коммерциялық жобалар шеңберінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2022 жылға арналған жоспарын келіседі.

      Бұл ретте пайдаланылуы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халықаралық шарттармен реттелмеген Қостанай және Ақтөбе облыстарының аумағында "Союз-2" тасымалдағыш зымырандарының бөлінетін бөлшектерінің жаңа құлау аудандарын пайдалануды көздейтін ғарыш аппараттарын ұшыру тиісті халықаралық шартгарға қол қойылып, олар күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады