Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 қаулысы.

      2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 324-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 12 наурыздағы № 134 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 988 қаулысымен
бекітілген

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 324-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау, сондай-ақ аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату – органикалық қалдықтардан биогаз және өзге де отын алуды қоспағанда, қалдықтардың көлемін азайту және энергия алу, оның ішінде оларды қайталама және (немесе) энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану мақсатында оларды термиялық өңдеу процесі;

      2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және олармен өзара байланысты қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға технологиялық тұрғыдан қажетті құрылысжайлар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

      3) аукциондық баға – қаржы-есеп айырысу орталығының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект өндіретін электр энергиясын сатып алуына аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық бағаның деңгейінен аспайтын баға;

      4) шекті аукциондық баға – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы;

      5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) қаржы моделі – бұл қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаны есептей отырып, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың енгізілуін сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер жиынтығы (жүйесі);

      8) қаржы-есеп айырысу орталығы – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамада көзделген тәртіппен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне жеткізілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

      4. Шекті аукциондық бағалар бекітілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша АҚШ долларымен және еуромен баламалары көрсетіліп, теңгемен бекітіледі.

2. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау тәртібі

      5. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық баға қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салуға және пайдалануға арналған шығындарды өтеу қағидаты негізге алына отырып айқындалады.

      6. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаны пайдаланудың бірінші жылына есептеу формуласы:

      ШАБ = (ЭӨШ+ ТП) / ЭБ, мұндағы

      ШАБ – шекті аукциондық баға (теңге);

      ЭӨШ – қаржы моделіне сәйкес электр энергиясын өндіруге арналған шығындар және кезең шығыстары (теңге);

      ТП – тіркелген пайда (теңге);

      ЭБ – қаржы моделіне сәйкес электр энергиясын беру көлемі, (кВт*сағ).

      7. Электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге арналған шығындар (ЭӨШ) мыналарды қамтиды:

      1) материалдық шығындар (отын, отынды тасымалдау, технологиялық қажеттіліктерге арналған су, жанар-жағармай материалдары, сатып алынатын бұйымдарды, шикізатты, материалдарды қоса алғанда, өзге де негізгі және қосалқы материалдар);

      2) өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары;

      3) әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер;

      4) амортизация;

      5) жөндеу шығыстары (негізгі құралдар құнының артуына алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер);

      6) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем;

      7) су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;

      8) салықтар (жер, көлік, мүлік және басқа да міндетті төлемдер, алымдар);

      9) техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілетін қызметтер;

      10) электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңестіру бойынша көрсетілетін қызметтер;

      11) басқа ұйымдар көрсететін өндірістік сипаттағы қызметтер;

      12) еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына; өртке қарсы күзетке, өндірістік үй-жайларды дезинфекциялауға, дератизациялауға арналған шығыстар;

      13) басқа да өндірістік шығыстар.

      Кезең шығыстарына мыналар кіреді:

      1) әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеу;

      2) әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер;

      3) амортизация;

      4) сақтандырудың міндетті түрлеріне, салықтарға, алымдар мен төлемдерге арналған шығыстар;

      5) іссапар шығыстары;

      6) басқа ұйымдар көрсететін қызметтер (аудиторлық, банк қызметтері, байланыс қызметтері, бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдауға арналған шығыстар және басқалар);

      7) коммуналдық көрсетілетін қызметтер (сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау, қалдықтарды шығару және басқа коммуналдық көрсетілетін қызметтер);

      8) басқа да әкімшілік шығыстар;

      9) қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,0 еседен аспайтын ресми мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ұлттық валютада алынады);

      10) инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетел валютасында алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар тарифті есептеу кезінде ескеріледі.

      8. Тіркелген пайданы (ТП) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      ТП = CAPEX * WACC, мұндағы

      ТП – тіркелген пайда (теңге);

      CAPEX – қаржы моделіне сәйкес жобаға жұмсалатын инвестициялық шығындардың шамасы (теңге);

      WACC – капиталдың орташа өлшемді мөлшерлемесі.

      9. Капиталдың орташа өлшемді құны (WACC) капиталдың орташа өлшемді құнын есептеу формуласы бойынша айқындалады:



      WACC – капитал кірістілігінің орташа өлшемді мөлшерлемесі, %;

      RE – меншікті капиталдың құны, теңге;

      RD – қарыз капиталын тарту құны, теңге;

      E/(D+E) – салынған жиынтық капиталдағы меншікті капиталдың шамасы, теңге;

      D/(D+E) – салынған жиынтық капиталдағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы, теңге;

      T – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі, %.

      Меншікті капиталдың құны қарыз капиталын тарту құнынан кем болмайтын шама болып табылады.

      10. Меншікті капиталдың құны (RE) капитал активтерін бағалаудың түрленген моделі негізінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      Re = Rf + bL * ERP + SP + CP + SR, мұндағы

      RE – меншікті капиталдың құны, теңге;

      RF – номиналды тәуекелсіз мөлшерлеме, %;

      ßL – акционерлік капиталдың бета салалық коэффициенті (капитал құрылымы ескерілген, levered beta);

      ERP – акцияларға салым тәуекелі үшін күтілетін сыйлықақы, %;

      SP – мөлшер үшін сыйлықақы, %;

      CP – елдік тәуекел үшін сыйлықақы (таңдалған RF қарай қолданылады), %;

      SR – жобаның өзіндік ерекшелігі бар тәуекелдері үшін сыйлықақы, %.

      11. Номиналды тәуекелсіз мөлшерлеме (RF) АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесінің ресми сайтында орналастырылған деректерге сәйкес реттеудің есептік кезеңінің басында АҚШ-тың 20 жылдық мемлекеттік қазынашылық облигацияларын өтеуге кірістілік ретінде айқындалады.

      12. Капитал құрылымы (ßL) ескерілген акционерлік капиталдың бета салалық коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:



      ßL – акционерлік капиталдың бета коэффициенті (капитал құрылымы ескерілген, levered beta);

      ßU – акционерлік капиталдың бета коэффициенті (капитал құрылымы ескерілмеген, unlevered beta);

      D/E – меншікті капитал шамасындағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы;

      T – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі, %.

      13. Капитал құрылымы ескерілмеген акционерлік капиталдың бета салалық коэффициенті реттеу кезеңінің алдындағы жылғы АҚШ энергетикалық секторы бойынша А. Дамодаранның орташа салалық бета бойынша деректері негізінде айқындалады.

      14. Салынған жиынтық капиталдағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы (D/( D + E) реттеу кезеңінің алдындағы жылғы АҚШ энергетикалық секторы бойынша А. Дамодаранның деректері негізінде орташа салалық көрсеткіш ретінде айқындалады.

      15. Салынған жиынтық капиталдағы меншікті капиталдың шамасы (E/( D + E) мынадай формула бойынша айқындалады:



      E/(D+E) – салынған жиынтық капиталдағы меншікті капиталдың шамасы;

      D/(D+E) – салынған жиынтық капиталдағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы.

      16. Меншікті капитал шамасындағы (D/E) қарыз капиталының (борыштың) шамасы мынадай формула бойынша айқындалады:



      D/E – меншікті капитал шамасындағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы;

      D/(D+E) – салынған жиынтық капиталдағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы.

      17. Акцияларға салым салу тәуекелі үшін күтілетін сыйлықақы 6 % деңгейінде қабылданды.

      18. Мөлшер үшін сыйлықақы микро-капиталдандыруы бар компаниялар үшін зерттеулердің деректері негізінде айқындалады. Капиталдың орташа өлшемді құнын есептеу үшін осы параметрді қайта қарау есептік реттеу кезеңінің басында ғана жүргізіледі.

      19. Елдік тәуекел үшін сыйлықақы Қазақстан Республикасы үшін реттеу кезеңінің алдындағы жылғы А. Дамодаранның елдік тәуекел бойынша деректері негізінде айқындалады.

      20. Капиталдың орташа өлшемді құнын есептеу үшін осы параметрді қайта қарау есептік реттеу кезеңінің басында ғана жүргізіледі.

      21. Жобаның өзіндік ерекшелігі бар тәуекелдері үшін сыйлықақы 3 % деңгейінде айқындалды.

      22. Қарыз капиталын тарту құны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы қаржылық емес ұйымдарға банктер берген ұзақ мерзімді кредиттер бойынша орташа нақты мөлшерлеме ретінде айқындалады.

      23. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес номиналды мәнде айқындалады.

      24. Капитал кірістілігінің орташа өлшемді мөлшерлемесінің (WACC) 17,55 % мөлшеріндегі шамасы қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаны айқындау есеп-қисаптарында пайдаланылатын капитал кірістілігінің орташа өлшемді мөлшерлемесінің (WACC) шамасы ретінде қолданылады.

      25. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген жағдайда уәкілетті органның актісімен бекітіледі.

3. Аукциондық бағаларды индекстеу тәртібі

      26. Аукциондық бағалар жобаны қаржыландыру құрылымына және экономикалық негізділігіне қарай осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шетелдік валюталарға қатысты ұлттық валюта бағамы елеулі (10 % астам) өзгерген жағдайда тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) және/немесе кезектен тыс индекстеу ескеріліп, жыл сайын индекстеуге жатады.

      27. Қаржы-есеп айырысу орталығы аукциондық бағаларды инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қарашаға мынадай формула бойынша индекстейді:

      Тt+1= Тt * ТБИ,

      мұндағы Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиындарға дейін дөңгелектелетін индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын жүргізілген болса, бұрын жүргізілген индекстеу ескерілген аукциондық баға;

      ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қарашасының алдындағы он екі айда жинақталған тұтыну бағаларының индексі.

      28. Шетел валютасында кредиттік міндеттемелері бар жобалар үшін аукциондық бағалар инфляция мен айырбасталатын валюталарға ұлттық валюта айырбас бағамының өзгеруі ескеріле отырып, жылына бір рет 1 қарашаға мынадай формула бойынша индекстеледі:



      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиындарға дейін дөңгелектелетін индекстелген аукциондық баға;

      Tt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, бұрын жүргізілген индекстеу ескерілген аукциондық баға;

      ТБИt – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қарашасының алдындағы он екі айда жинақталған тұтыну бағаларының индексі;

      USDt+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша индекстеу жүргізілген жылдың 1 қарашасына айқындалатын АҚШ долларына теңгенің ағымдағы бағамы;

      USDt – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңінде есептелген АҚШ долларына теңгенің орташа бағамы.

      29. Аукциондық бағаларды индекстеудің есеп-қисабын қаржы-есеп айырысу орталығы жыл сайын 10 қарашаға дейін жүзеге асырады.

      30. Аукциондық бағаларды индекстеудің есеп-қисабын және индекстелген аукциондық бағаларды қаржы-есеп айырысу орталығы тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей өзінің ресми интернет-сайтында жариялайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады