"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2024 № 927 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігі айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін айқындауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарау және бекiту кезiнде:";
1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын.";
1-3-тармақ алып тасталсын;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1183 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға ("Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) 2014 жылдың соңына дейінгі мерзімде әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындауды регламенттейтін ішкі құжаттарын осы қаулыға сәйкес бекітілген әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттеріне сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
4. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға ("Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) компанияның бірінші басшылары мен оның орынбасарларының шетелдік іссапарларын жалғыз акционермен келісуді міндетті түрде қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысына 1-қосымша |
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық
басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда),
ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына
кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының
құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік
шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері
1. Жалпы ережелер
1. Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда), ұлттық холдингтердің әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармағына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2024 № 927 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы лимиттерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы – Директорлар кеңесінің шешімі бойынша қызметтің стратегиялық түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижелеріне және оны бағалау нәтижелеріне байланысты төленетін басқарма мүшелерінің еңбек тиімділігін ынталандыруға арналған сыйақы;
2) шетелдік жұмыскер – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) талап етілетін кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген және жұмыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартатын, оның ішінде корпоратив ішінде ауыстыру шеңберінде келген көшіп келуші;
3) компания – акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялар (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда);
4) қызметтің түйінді көрсеткіші (бұдан әрі – ҚТК) – компания қызметінің тиімділігін және мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын қызметтің түйінді көрсеткіштері;
5) жеке ҚТК – басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлері үшін сараланып белгіленетін және жеке нәтижелілік үшін сыйлықақы мөлшерін айқындайтын қысқа мерзімді (тоқсан қорытындысы бойынша) және ұзақ мерзімді (жыл қорытындысы бойынша) ҚТК;
6) стратегиялық ҚТК – қызметкерді жыл қорытындысы бойынша басым мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыру үшін басқарма мүшелерінің сыйақы жүйесіне енгізілген және қызметтің нәтижелері үшін сыйақы мөлшерін айқындайтын ҚТК;
7) басқарма мүшелері – басқарма төрағасы және басқарма төрағасының орынбасарлары, басқарушы директор – басқарма мүшесі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2024 № 927 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттері компанияның әкімшілік шығыстарының мынадай түрлеріне белгіленеді:
1) компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстар;
2) компанияның басқарма мүшелеріне жатпайтын қызметкерлеріне сыйлықақы беруге және басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы беруге арналған шығыстар;
3) лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағын кеңейткені және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін қосымша ақы төлеуге арналған шығыстар;
4) компанияға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиесілілік нормативтерiне арналған шығыстар;
5) компания аппаратын орналастыру алаңының нормаларына арналған шығыстар;
6) телефон байланысын пайдаланғаны үшін тиесілілік нормаларына арналған шығыстар;
7) компания қызметкерлерінің қызметтiк iссапарлар шығыстарын өтеу нормаларына арналған шығыстар;
8) компанияның өкілдік шығыстары нормаларына арналған шығыстар.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2024 № 927 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Компанияға заңнамада белгіленген тәртіппен тартылатын шетелдік қызметкерлерге осы лимиттер қолданылмайды. Шетелдік мамандарға – басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу шарттары компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.
2. Компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге
арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау
5. Компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің мынадай түрлеріне шығыстар лимиттері айқындалсын:
1) материалдық көмек;
2) медициналық сақтандыру (сырқаттану жағдайына арналған сақтандыру).
6. Қызметкерлерге компания қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен мынадай жағдайларда:
1) жыл сайынғы еңбек демалысын берген кезде төленетiн сауықтыру үшін - 2 (екi) лауазымдық айлықақыдан аспайтын мөлшерде;
2) баланың тууына/бала асырап алуына байланысты – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 100 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын мөлшерде қызметкерге бір рет төленеді. Егер ата-анасының екеуі де компания қызметкерлері болып табылса, біржолғы материалдық көмек таңдау бойынша ата-анасының біреуіне төленеді;
3) мыналардың:
қызметкердің қайтыс болуына байланысты отбасы мүшелерінің біреуіне немесе олар болмаған жағдайда, жерлеуді ұйымдастыруды мойнына алған адамға 400 АЕК-тен аспайтын мөлшерде бір рет төленеді;
қызметкердің әйелінің/балаларының, ата-анасының қайтыс болуына байланысты – 300 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
4) отбасын құруына байланысты – 50 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
5) "Кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 164580 болып тіркелген) бекітілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілетін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 98371 болып тіркелген) уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан астам белгіленетін аурулар тізбесіне сәйкес қызметкердің немесе оның отбасы мүшелері болып табылатын адамдардың емделуіне/операциясына байланысты, егер емдеу/операция шығындары компанияның медициналық сақтандыру бағдарламасында белгіленген лимиттен асып түскен жағдайда (негіздеме: науқастың тарихынан үзінді көшірме, емдеуші дәрігердің қорытындысы, шығыстарды растайтын құжаттар) – 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде материалдық көмек төленеді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2024 № 927 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Медициналық сақтандыруға арналған шығыстар жылына бір қызметкерге 100 АЕК-тен аспауға тиіс.
3. Компанияның қызметкерлеріне сыйлықақы беруге және үстемақыға
арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау
8. Компания қызметкерлеріне сыйлықақы берудің мынадай түрлеріне шығыстар лимиттері айқындалсын:
1) басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлеріне арналған есепті кезең (тоқсан, жыл) қорытындылары бойынша сыйлықақы;
2) басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы;
3) барлық қызметкерлер үшін мемлекеттік мерекеге сыйлықақы;
4) шығындарды үнемдеуге, кірістілікті арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлегені және енгізгені, сондай-ақ инновациялық шешімдерді және өнертабыстық ұсыныстарды енгізгені үшін барлық қызметкерлерге арналған сыйлықақы.
9. Басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін стратегиялық ҚТК-ге қол жеткізуге және олардың қызметін бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ аудиттелген қаржылық есептілік негізінде компанияның қаржы-шаруашылық нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін таза шоғырландырылған пайданың болуына байланысты есепті жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте осы сыйақының жалпы жылдық көлемі 6 (алты) лауазымдық айлықақыдан аспауға тиіс.
10. Басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлеріне сыйлықақы беру басқарманың шешімімен бекітілетін жеке ҚТК-ге қол жеткізуге және олардың қызметін бағалау нәтижелеріне байланысты, жеке ҚТК-ге қол жеткізу бойынша бағалау нәтижелерін (тоқсан, жыл) компания басқармасы мақұлдағаннан кейін, есепті кезеңнің (тоқсан, жыл) қорытындылары бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте осы сыйақының жалпы жылдық көлемі 6 (алты) лауазымдық айлықақыдан аспауға тиіс.
11. Барлық қызметкерлер үшін мемлекеттік мерекеге сыйлықақы беру компанияның қарауы бойынша жыл ішінде жүзеге асырылады, бұл ретте осы сыйлықақының жалпы жылдық мөлшері 1 (бір) қызметкерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген 10 (он) еңбекақының ең төменгі мөлшерінен аспайды.
12. Компания қызметкерлеріне шығындарды үнемдеуге, кірістілікті арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлегені және енгізгені, сондай-ақ инновациялық шешімдерді және өнертабыстық ұсыныстарды енгізгені үшін басқарма шешімі бойынша мөлшері 1 (бір) лауазымдық айлықақыдан аспауға тиіс сыйлықақы төленуі мүмкін.
13. Лауазымдарды қоса атқарғаны, уақытша болмаған қызметкердің қызмет көрсету аймағын кеңейткені және міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін қосымша ақы төленуі мүмкін, оны жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлеміне қарай қызметкермен келісу бойынша белгілейді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2024 № 927 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 4. Компанияға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк
автомобильдердiң тиесілілік нормативтерiне арналған әкімшілік
шығыстардың лимиттерін айқындау
14. Компанияға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиесілілік нормативтерi 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
Р/с № | Лауазымның атауы | Автомобильдер саны | Қозғалтқыштың көлемі, текше см. (автобустардан басқа) | 1 автомобильдің бір айдағы жүруі (км) | |
қызметтік (1 бірлік) | кезекші (оның ішінде автобустар) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Басқарма төрағасы | 1 | 2600 | ||
2. | Басқарма төрағасының орынбасары | 1 | 2600 | ||
3. | Компанияның қалған қызметкерлері үшін көліктік қызмет көрсету, қызметкерлерінің саны: | ||||
100-ге дейін | 1 | 3000-нан көп емес | |||
100-ден 200-ге дейін | 2 | 3000-нан көп емес | |||
200-ден 300-ге дейін | 3 | 3000-нан көп емес | |||
300-ден 500-ге дейін | 4 | 3000-нан көп емес | |||
500-ден 900-ге дейін | 5 | 3000-нан көп емес | |||
900-ден 1300-ге дейін | 7 | 3000-нан көп емес | |||
1300-ден жоғары болғанда көлік қызметін көрсету | 9 | 3000-нан көп емес |
5. Компания аппаратын орналастыру алаңының нормаларына арналған
әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау
15. Компания аппаратын орналастыру үшін алаң нормалары 2-кестеде келтірілген.
2-кесте
Р/с № | Үй-жайдың атауы | Өлшем бірлігі | Үй-жайдың алаңы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Басқарма төрағасының кабинеті | шаршы м | 54 |
Басқарма төрағасының демалыс бөлмесі | шаршы м | 15 | |
Басқарма төрағасының қабылдау бөлмесі | шаршы м | 12 | |
2. | Басқарма төрағасы орынбасарының (басқарушы директор – басқарма мүшесінің) кабинеті | шаршы м | 36 |
Басқарма төрағасы орынбасарының (басқарушы директор – басқарма мүшесінің) демалыс бөлмесі | шаршы м | 12 | |
Басқарма төрағасы орынбасарының (басқарушы директор – басқарма мүшесінің) қабылдау бөлмесі | шаршы м | 10 | |
3. | Басқарушы директордың (аппарат басшысының) кабинеті | шаршы м | 36 |
Басқарушы директордың (аппарат басшысының) демалыс бөлмесі | шаршы м | 12 | |
Басқарушы директордың (аппарат басшысының) қабылдау бөлмесі | шаршы м | 10 | |
4. | Құрылымдық бөлімше басшысының (департамент директорының) кабинеті | шаршы м | 25 |
Құрылымдық бөлімше басшысының (департамент директорының) қабылдау бөлмесі | шаршы м | 7 | |
5. | Компания қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге) | шаршы м | 7,5 |
6. | Ортақ үй-жайлар (конференц-зал, мәжіліс залы, мұрағат, көбейту-көшірме қызметі, гардероб, серверлік бөлме, қоймалық жабдықтар, нысанды киім-кешек, дәрі-дәрмек, техникалық құралдар, мүкәммал мен кеңсе керек-жарақтары және т.б. қоймалары) | шаршы м | барлық алаңның 30 %-ы |
7. | Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, желдеткіш камералары, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және басқалар) | шаршы м | барлық алаңның 25 %-ы |
6. Телефон байланысын пайдаланғаны үшін тиесілілік нормаларына
арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау
16. Телефон байланысын пайдаланғаны үшін тиесілілік нормалары 3-кестеде келтірілген.
3-кесте
Р/с № | Телефон байланысы түрлерінің атауы | Пайдаланушылар |
1 | 2 | 3 |
1. | Республика ішіндегі қалааралық телефон байланысы | басқарма төрағасы, оның орынбасары, басқарушы директор – басқарма мүшесі, басқарушы директор, аппарат басшысы (осындай лауазым болған жағдайда), құрылымдық бөлімшенің басшысы (департамент директоры), компания қызметкерлері |
2. | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен халықаралық телефон байланысы | басқарма төрағасы, оның орынбасары, басқарушы директор – басқарма мүшесі, басқарушы директор, аппарат басшысы (осындай лауазым болған жағдайда), құрылымдық бөлімшенің басшысы (департамент директоры) |
3. | Алыс шет елдермен халықаралық телефон байланысы | басқарма төрағасы, оның орынбасары, басқарушы директор – басқарма мүшесі, басқарушы директор, аппарат басшысы (осындай лауазым болған жағдайда) |
4. | Қалалық нөмірлермен телефон байланысы | Компанияның қызметкерлері, басқарма төрағасы, оның орынбасары, басқарушы директор – басқарма мүшесі, басқарушы директордың, аппарат басшысының (осындай лауазым болған жағдайда), құрылымдық бөлімше басшысының (департамент директорының) қабылдау бөлмелері – бір нөмірден |
7. Компания қызметкерлерінің қызметтік іссапарлар шығыстарын
өтеу нормаларына арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін
айқындау
17. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:
1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;
2) ұсынған растаушы құжаттары (фискалдық чек, кіріс кассалық ордер, шот-фактура, шот, жүкқұжат, хабарлама, ал тұрғаны үшін дара кәсіпкер берген құжаттарды ұсынған жағдайда тұлғаның мүлікті жалға беру құқығын растайтын құжаттар (жалдау шарты, патент, куәлік) және қонақүй қызметтерін берушілер ұсынатын басқа да растау құжаттары беріледі) тұрғын үй-жай жалдау:
компанияның басқарма мүшелері үшін тұрғын үй-жай жалдау шығыстарының сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында және облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
басқарма мүшелеріне жатпайтын компанияның қызметкерлері үшін тұрғын үй-жай жалдау шығыстарының сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
растаушы құжаттар болмаған кезде тұрғын үй-жай жалдау шығыстары қызметкерлер тегін берілген тұрғын үй-жайды пайдаланған жағдайларды қоспағанда, қызметтік іссапарлар бойынша тәулікақы нормаларының 50 пайызы мөлшерінде өтеледі;
3) темiр жолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарын қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жердегi қолданылып жүрген жол құны бойынша; ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өту кезінде, көрсетiлген көлік құралдарының болмауы немесе іссапардың шұғылдығы) басқарма төрағасының рұқсатымен жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарының тарифтері бойынша темiржол көлiгiмен және әуе көлiгiмен – экономикалық класс тарифі бойынша көрсеткен жол құжаттарының негiзiнде iссапарға жiберiлген орынға жетуі және тұрақты жұмыс орнына қайтып келуi бойынша (әкiмшiлiк iссапарға жіберілушіге қозғалыс құралдарын берген жағдайлардан басқа жағдайларда);
4) жол жүру билеттерi мен қонақүйдегі орынды броньдау құны, сондай-ақ iссапарға жiберiлген жерге келу және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу кезiнде поездарда төсек орын жабдықтарын пайдалануының құны осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;
5) iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу жол құжаттары болмаған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша шығыстар өтеледi;
6) темiр жол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекеннен тыс жерде орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жүруi бойынша;
7) басқарма мүшелерін жақын маңдағы аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберген кезде көлік шығыстары.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2024 № 927 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Іссапарға жiберiлген қызметкер одан тұрғылықты жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болатын жергiлiктi жерге iссапарға жiберiлген кезде мынадай шығыстар өтеледi:
1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда тұрғын үй-жайды жалдау туралы негіздейтін құжаттарды көрсеткен кезде осы бөлімнiң 17-тармағында көзделген мөлшерде тәулiкақы және көлiктiк шығыстар өтеледi;
2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келсе, онда жол жүру құжаттары болған кезде тәулiкақы (тәулiкақының орнына үстемеақы) төленбей, көлiктiк шығыстар ғана өтеледi.
19. Iссапарға жiберiлген қызметкердiң жұмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында оған жалпы негізде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледi (iссапарға жiберiлген адам стационарлық емдеуде жатқан жағдайдан басқа) және ол өзіне жүктелген қызметтiк тапсырманы орындауға кiрiскенше немесе тұрғылықты жерiне қайтып келгенше бүкiл, бiрақ 40 күннен аспайтын уақытқа тәулiкақы төленедi.
20. Іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға жiберiлуiнiң алдында жол жүру ақысына, тұрғын үй-жай жалдауы және тәулiкақы бойынша шығыстарға тиесiлi сомалар шегiнде ақшалай аванс беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес күннiң iшiнде ақша қаражатының нақты шығыстары туралы расталатын құжаттарды ұсынуымен аванстық есеп беруге мiндеттi. Аванстық есепті қарау қорытындылары бойынша қызметтік іссапар шығыстарын өтеу бойынша лимиттер шеңберінде қайта есептеу жүзеге асырылады.
21. Басқарма мүшелері қызметтік істері бойынша шетелге барған кезде көлік шығыстары шетелдік валютада "Бизнес" класы бойынша авиабилет құнының мөлшерінде өтеледі.
Басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлері қызметтік істері бойынша шетелге барған кезде көлік шығыстары шетелдік валютада "Экономикалық" класы бойынша авиабилет құнының мөлшерінде өтеледі.
22. Шетелде қысқа мерзімді іссапарларда болатын қызметкерлерге үй-жайды жалдау бойынша (тәулігіне бір адамға) шығыстарды өтеу нормалары:
1) басқарма төрағасы үшін люкс сыныптамасы бойынша – қонақүйдегі бір орындық нөмірдің құны бойынша;
2) басқарма төрағасының орынбасары, басқарушы директор – басқарма мүшесі үшін жартылай люкс сыныптамасы бойынша – қонақүйдегі бір орындық нөмірдің құны бойынша;
3) басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлері үшін стандарт сыныптамасы бойынша – қонақүйдегі бір орындық нөмірдің құны бойынша.
23. Шет елде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тәуліктік шығыстарын АҚШ долларымен және евромен өтеу нормалары және қонақүй бөлмелерін жалдау жөніндегі шығыстарды өтеудің шекті нормалары 4-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
4-кесте
Р/с № | Мемлекет | Тәулікақы | Қонақүй нөмірлерінің сыныптамасы | ||||||
люкс | жартылай люкс | стандарт | |||||||
АҚШ доллары | евро | АҚШ доллары | евро | АҚШ доллары | евро | АҚШ доллары | евро | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. | Аустрия Республикасы | 80 | 435 | 320 | 230 | ||||
2. | Аустралия | 90 | 400 | 300 | 250 | ||||
3. | Әзербайжан Республикасы | 80 | 250 | 200 | 150 | ||||
4. | Албания | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
5. | Алжир Халық Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
6. | Антигуа және Барбуда | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
7. | Аргентина Республикасы | 80 | 330 | 210 | 120 | ||||
8. | Египет Араб Республикасы | 90 | 200 | 175 | 120 | ||||
9. | Багам аралдары | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
10. | Белиз | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
11. | Бермуд аралдары | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
12. | Босния және Герцеговина | 80 | 195 | 160 | 125 | ||||
13. | Бруней | 90 | 180 | 140 | 120 | ||||
14. | Вануату | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
15. | Шығыс Самоа | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
16. | Уругвай Шығыс Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
17. | Люксембург Ұлы Герцогтігі | 80 | 405 | 205 | 110 | ||||
18. | Габон Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
19. | Бахрейн Мемлекеті | 90 | 300 | 240 | 100 | ||||
20. | Катар Мемлекеті | 90 | 400 | 270 | 130 | ||||
21. | Израиль Мемлекеті | 90 | 330 | 250 | 160 | ||||
22. | Кувейт Мемлекеті | 90 | 330 | 240 | 150 | ||||
23. | Грек Республикасы | 80 | 285 | 230 | 185 | ||||
24. | Доминикан Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
25. | Мадагаскар Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
26. | Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
27. | Судан Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
28. | Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
29. | Шығанақтағы аумақтар | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
30. | Иордан Хашимит Корольдігі | 80 | 180 | 140 | 120 | ||||
31. | Ирак Республикасы | 80 | 180 | 140 | 110 | ||||
32. | Иран Ислам Республикасы | 80 | 250 | 180 | 130 | ||||
33. | Ирландия Республикасы | 80 | 405 | 250 | 165 | ||||
34. | Италия Республикасы | 80 | 375 | 290 | 205 | ||||
35. | Йемен Араб Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
36. | Ауғанстан Ислам Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
37. | Мавритания Ислам Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
38. | Пәкістан Ислам Республикасы | 80 | 290 | 180 | 155 | ||||
39. | Дания Корольдігі | 80 | 400 | 225 | 150 | ||||
40. | Андорра Князьдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
41. | Бельгия Корольдігі | 80 | 310 | 250 | 165 | ||||
42. | Гайана Кооперативтік Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
43. | Испания Корольдігі | 80 | 330 | 250 | 205 | ||||
44. | Кайман аралдары | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
45. | Камбоджи | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
46. | Кампучия | 80 | 210 | 190 | 180 | ||||
47. | Канада | 100 | 300 | 285 | 150 | ||||
48. | Корей Халық Демократиялық Республикасы | 80 | 450 | 250 | 150 | ||||
49. | Қытай Халық Республикасы | 100 | 220 | 180 | 150 | ||||
Гонконг қаласы | 100 | 220 | 180 | 150 | |||||
50. | Қырғыз Республикасы | 80 | 275 | 130 | 100 | ||||
51. | Лесото Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
52. | Лихтенштейн Князьдігі | 80 | 405 | 205 | 110 | ||||
53. | Марокко Корольдігі | 80 | 230 | 200 | 180 | ||||
54. | Непал Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
55. | Нидерланды Корольдігі | 80 | 305 | 250 | 165 | ||||
56. | Норвегия Корольдігі | 80 | 390 | 330 | 250 | ||||
57. | Сауд Арабиясы Корольдігі | 90 | 400 | 180 | 130 | ||||
58. | Свазиленд Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
59. | Таиланд Корольдігі | 90 | 300 | 240 | 130 | ||||
60. | Тонго Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
61. | Швеция Корольдігі | 80 | 530 | 355 | 200 | ||||
62. | Лаос Халық Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
63. | Латвия Республикасы | 80 | 175 | 130 | 85 | ||||
64. | Ливан Республикасы | 80 | 260 | 150 | 100 | ||||
65. | Ливия | 80 | 165 | 120 | 100 | ||||
66. | Литва Республикасы | 80 | 165 | 125 | 100 | ||||
67. | Макао | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
68. | Малави | 80 | 150 | 120 | 120 | ||||
69. | Мальдив Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
70. | Мексика Құрама Штаттары | 80 | 230 | 180 | 125 | ||||
71. | Монако | 80 | 525 | 305 | 175 | ||||
72. | Моңғол Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
73. | Мьянма | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
74. | Конго Халық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
75. | Жаңа Зеландия | 80 | 300 | 240 | 150 | ||||
76. | Бангладеш Халық Республикасы | 80 | 200 | 150 | 100 | ||||
77. | Палау аралы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
78. | Біріккен Араб Әмірліктері | 90 | 460 | 220 | 160 | ||||
79. | Біріккен Танзания Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
80. | Папуа Жаңа Гвинея | 80 | 160 | 130 | 100 | ||||
81. | Португалия Республикасы | 80 | 265 | 210 | 150 | ||||
82. | Пуэрто-Рико | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
83. | Ангола Республикасы | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
84. | Армения Республикасы | 80 | 200 | 170 | 130 | ||||
85. | Барбадос Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
86. | Беларусь Республикасы | 80 | 315 | 120 | 100 | ||||
87. | Бенин Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
88. | Болгария Республикасы | 80 | 380 | 200 | 130 | ||||
89. | Боливия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
90. | Ботсвана Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
91. | Венгрия Республикасы | 80 | 285 | 215 | 125 | ||||
92. | Венесуэла Республикасы | 80 | 260 | 210 | 110 | ||||
93. | Вьетнам Республикасы | 80 | 200 | 150 | 100 | ||||
94. | Гаити Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
95. | Гамбия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
96. | Гана Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
97. | Гватемала Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
98. | Гвинея Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
99. | Гвинея-Бисау Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
100. | Буркино Фасо Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
101. | Бурунди Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
102. | Гибралтар Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
103. | Гондурас Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
104. | Гренада Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
105. | Грузия Республикасы | 80 | 180 | 150 | 100 | ||||
106. | Джибути Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
107. | Заир Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
108. | Замбия Республикасы | 80 | 185 | 150 | 120 | ||||
109. | Зимбабве Республикасы | 80 | 165 | 130 | 100 | ||||
110. | Үндістан Республикасы | 80 | 300 | 250 | 150 | ||||
111. | Индонезия Республикасы | 80 | 260 | 230 | 217 | ||||
112. | Исландия Республикасы | 80 | 315 | 210 | 115 | ||||
113. | Кабо-Верди Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
114. | Камерун Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
115. | Кения Республикасы | 80 | 185 | 150 | 120 | ||||
116. | Кипр Республикасы | 80 | 265 | 210 | 150 | ||||
117. | Колумбия Республикасы | 80 | 220 | 200 | 160 | ||||
118. | Коста-Рика Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
119. | Код-д'Ивуар Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
120. | Куба Республикасы | 80 | 340 | 270 | 150 | ||||
121. | Корея Республикасы, Сеул қ. | 90 | 530 | 250 | 210 | ||||
122. | Либерия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
123. | Маврикий Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
124. | Мали Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
125. | Македония Республикасы | 80 | 190 | 165 | 115 | ||||
126. | Мальта Республикасы | 80 | 230 | 180 | 120 | ||||
127. | Мозамбик Республикасы | 80 | 180 | 130 | 100 | ||||
128. | Молдова Республикасы | 80 | 190 | 150 | 100 | ||||
129. | Намибия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
130. | Нигер Республикасы | 80 | 175 | 140 | 120 | ||||
131. | Никарагуа Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
132. | Панама Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
133. | Парагвай Республикасы | 80 | 145 | 120 | 100 | ||||
134. | Перу Республикасы | 80 | 245 | 200 | 140 | ||||
135. | Польша Республикасы | 80 | 330 | 180 | 125 | ||||
136. | Сальвадор Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
137. | Сенегал Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
138. | Сингапур Республикасы | 90 | 500 | 300 | 200 | ||||
139. | Словения Республикасы | 80 | 195 | 165 | 125 | ||||
140. | Суринам Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
141. | Сьерра Лион Республикасы | 80 | 240 | 160 | 100 | ||||
142. | Тәжікстан Республикасы | 80 | 170 | 130 | 100 | ||||
143. | Тринидад және Тобаго Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
144. | Уганда Республикасы | 80 | 180 | 140 | 100 | ||||
145. | Өзбекстан Республикасы | 80 | 315 | 180 | 100 | ||||
146. | Украина Республикасы | 80 | 315 | 180 | 120 | ||||
147. | Филиппин Республикасы | 90 | 280 | 220 | 150 | ||||
148. | Хорватия Республикасы | 80 | 260 | 195 | 125 | ||||
149. | Чад Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
150. | Чили Республикасы | 80 | 240 | 180 | 110 | ||||
151. | Эквадор Республикасы | 80 | 150 | 120 | 110 | ||||
152. | Ресей Федерациясы | 80 | 450 | 280 | 220 | ||||
153. | Руанда Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
154. | Румыния | 80 | 280 | 185 | 130 | ||||
155. | Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі | 80 | 580 | 390 | 215 | ||||
80 | 550 | 375 | 205 | ||||||
156. | Самоа | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
157. | Сан-Марино | 100 | 320 | 250 | 180 | ||||
158. | Сейшель аралдары | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
159. | Сент-Люсия | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
160. | Сирия Араб Республикасы | 80 | 260 | 180 | 110 | ||||
161. | Словакия Республикасы | 80 | 190 | 165 | 125 | ||||
162. | Соломон аралдары | 80 | 120 | 110 | 100 | ||||
163. | Сомали Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
164. | Америка Құрама Штаттары | 100 | 525 | 400 | 260 | ||||
Нью-Йорк қаласы | 100 | 1200 | 1000 | 575 | |||||
165. | Оман Сұлтандығы | 90 | 300 | 240 | 120 | ||||
166. | Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
167. | Сербия және Черногория | 80 | 205 | 165 | 125 | ||||
168. | Тайвань | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
169. | Тоголез Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
170. | Тунис Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
171. | Түрікменстан | 80 | 240 | 180 | 120 | ||||
172. | Түркия Республикасы | 100 | 350 | 230 | 180 | ||||
173. | Бразилия Федеративтік Республикасы | 80 | 330 | 210 | 150 | ||||
174. | Германия Федеративтік Республикасы | 80 | 400 | 210 | 165 | ||||
175. | Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
176. | Финляндия Республикасы | 100 | 370 | 300 | 200 | ||||
177. | Француз Республикасы | 80 | 415 | 290 | 230 | ||||
178. | Малайзия Федерациясы | 90 | 300 | 270 | 170 | ||||
179. | Нигерия Федеративтік Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
180. | Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы | 80 | 240 | 180 | 120 | ||||
181. | Чехия Республикасы | 80 | 255 | 210 | 125 | ||||
182. | Швейцария Конфедерациясы | 100 | 430 | 285 | 220 | ||||
183. | Экваторлық Гвинея | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
184. | Эстон Республикасы | 80 | 330 | 175 | 125 | ||||
185. | Оңтүстік Африка Республикасы | 80 | 190 | 160 | 100 | ||||
186. | Ямайка | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
187. | Жапония | 100 | 360 | 325 | 220 |
24. Қызметкер іссапарының мерзiмiн басқарма төрағасы немесе оны алмастыратын адам айқындайды, алайда ол жолда жүру уақытын есептемегенде 40 күннен (кәсіптік біліктілік деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда) аспауға тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк жағдайында iссапар мерзiмi басқарма төрағасының немесе оны алмастыратын адамның тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.
8. Компанияның өкілдік шығыстары нормаларына арналған әкімшілік
шығыстардың лимиттерін айқындау
25. Компанияның өкілдік шығыстарының нормалары 5-кестеде келтірілген.
5-кесте
Р/с № | Шығыстардың атауы | АЕК-пен есептегендегі құны |
1 | 2 | 3 |
1. | Делегациялар үшін ресми түскі ас, кешкі ас өткізуге арналған шығыстар күніне бір адамға есептеле отырып жүргізіледі | 4 АЕК |
2. | Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің қатысуымен өтетін ресми түскі ас, кешкі ас өткізуге арналған шығыстар күніне бір адамға есептегенде | 16 АЕК |
3. | Келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде күніне бір адамға буфеттік қызмет көрсету | 1 АЕК |
4. | Делегацияны қабылдайтын компанияның штатында тұрмайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (ілеспе аудармадан басқа), сағаттық төлем есебімен | 0,5 АЕК |
5. | Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көлік шығыстарын төлеу сағаттық төлем есебімен қаржыландыру жоспарында көзделеді | 1 АЕК |
26. "Аса жоғарғы деңгейдегі" және "жоғары деңгейдегі" сапарларға жататын шетелдік делегацияларды қабылдау жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде компанияның өкілдік шығыстары 6-кестеде келтірілген нормалар бойынша жүзеге асырылады:
6-кесте
Р/с № | Шығыстардың атауы | АЕК-пен есептегендегі құны |
1 | 2 | 3 |
1. | Делегациялар үшін ресми түскі астарды, кешкі астарды өткізуге арналған шығыстар күніне бір адамға есептеле отырып жүргізіледі | 7 АЕК |
2. | Келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде күніне бір адамға буфеттік қызмет көрсету | 2 АЕК |
3. | Делегацияны қабылдайтын компанияның штатында тұрмайтын аудармашының еңбекақысы (ілеспе аудармадан басқа) сағаттық төлем есебімен | 2 АЕК |
4. | Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көлік шығыстарын төлеу сағаттық төлем есебімен: жеңіл автомобильдер үшін шағын автобустар үшін автобустар үшін | 1 АЕК 2 АЕК 2 АЕК |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысына 2-қосымша |
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық
басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда),
ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына
кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының
құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік
шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг
жүргізу тетігі
1. Жалпы ережелер
1. Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігі "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармағына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2024 № 927 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Компанияның директорлар кеңесі компанияның іс-шаралар жоспарын қараған және бекіткен кезде, сондай-ақ оны жыл сайын түзеткен кезде осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттерін басшылыққа алуға тиіс.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлері лимиттеріне мониторингті тиісті есепті қалыптастыру арқылы компанияның Ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.
4. Компанияның әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің есебінде мыналар қамтылуы тиіс:
1) есепті жылға арналған әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлеріне бағытталған қаражатты тиімді пайдалану бойынша ақпаратты талдау және қорытындылау;
2) әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттері туралы тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтитын қорытынды, оның ішінде оларды қайта қарау қажет болған жағдайда, тиісті негіздемені берумен, сондай-ақ осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген лимиттер шеңберінде компанияның ішкі құжаттарын түзету бойынша ұсыныстар және басқалары.
5. Компанияның Ішкі аудит қызметі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей есепті компанияның Директорлар кеңесінің қарауына ұсынады. Есептің негізінде қажет болған жағдайда, Директорлар кеңесі компанияның әкімшілік шығыстарын оңтайландыру туралы шешім қабылдайды.