Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 576 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексі 130-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 576 қаулысымен
бекітілген

Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексі 130-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) қоршаған орта – табиғи орта мен антропогендік ортаны қамтитын, адамды қоршап тұрған жағдайлардың, материалдық дүние заттары мен объектілерінің жиынтығы;

      2) "жасыл" технологиялар – қазіргі заманғы ғылым жетістіктерінің негізінде жасалған, орнықты дамудың экологиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілерін ескеретін өндірістің экологиялық қауіпсіз технологиялары, олар мынадай салаларды қамтиды және:

      "өндіріс – кәдеге жарату – жаңа өндіріс" тұйық циклі бойынша уытты емес өнімдер өндірісіне;

      технологиялардағы және тұтыну құрылымындағы инновациялар есебінен қалдықтарды барынша қысқартуға;

      жаңартылмайтын табиғи ресурстарды баламалы жаңартылатын шикізат пен энергия көздеріне ауыстыруға;

      егіншілікте, мал шаруашылығында және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде биотехнологияларды ендіруге, ауыл шаруашылығы үшін биологиялық препараттар өндіруге;

      жаңартылатын энергия көздерінен (күн энергиясынан, жел энергиясынан, гидро-, геотермалдық энергиядан, биомассадан, сутегінен) энергия өндіруге, атмосфераға зиянды шығарындыларды төмендетуге, ғимараттар мен тұрмыстық аспаптардың отынды пайдалану тиімділігін, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыруға;

      климаттың өзгеру салдарларын бәсеңдетуге бағытталған, қоршаған ортадан парниктік газдарды жоғары сіңіргіш әсері бар орнықты жасыл желектерді шығаруға;

      өндірістік және тұтыну қалдықтарын пайдалана отырып, құрамында уытты және канцерогендік заттары жоқ құрылыс материалдарын өндіруге бағытталады;

      4) эмиссиялар – антропогендік объектілерден босап шығатын ластағыш заттардың атмосфералық ауаға, суға, жерге немесе оның беткі қабатының астына түсуі;

      5) өтініш беруші – заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға немесе технологияны "жасыл" технология ретінде тану туралы өтініш берген заңды тұлға.

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. "Жасыл" технологиялардың өлшемшарттарын айқындау

1-параграф. "Жасыл" технологиялардың өлшемшарттары

      3. Технологиялардың "жасыл" технологиялардың өлшемшарттарына сәйкестігін не сәйкес еместігін айқындау кезінде мынадай өлшемшарттар қарастырылады:

      1) мақсаты;

      2) ресурс үнемдеуі;

      3) энергетикалық тиімділігі;

      4) қалдықтарды болғызбау және барынша азайту;

      5) адам үшін технологияның қауіпсіздігі;

      6) биологиялық әртүрлілік үшін технологияның қауіпсіздігі.

      Бұл ретте өлшемшарттарда технологияны "жасыл" технологияға жатқызудың үш немесе бірнеше өлшемшарты бойынша технология түрін сипаттайтын бір немесе одан да көп репрезентативтік көрсеткіштер көзделеді.

      4. "Жасыл" технологиялардың өлшемшарттары экономикалық қызметтің кез келген түрінің технологиялары үшін бірдей болып табылады.

      5. Көрсетілген өлшемшарттардың негізгі нысаналы бағыты қоршаған ортаға теріс әсерді айтарлықтай азайту және орнықты дамуға қол жеткізу болып табылады.

      6. Технологияның "мақсаты" өлшемшарты қоршаған орта мен адам үшін мынадай әсерлерге қол жеткізуге бағытталған технологияның нысаналы бағыты негізге алына отырып айқындалады:

      1) қоршаған ортаны қорғау;

      2) қоршаған ортаға эмиссияларды азайту;

      3) қайталама шикізат пен материалдарды алып, қалдықтарды өңдеу;

      4) тұйықталған циклді пайдаланып, суды (ауызсу мен ағынды суды) тазарту;

      5) көміртегі ізін төмендету;

      6) адам денсаулығын қорғау.

      Егер технология Қағидалардың осы тармағында санамаланған әсерлердің кемінде біреуіне қол жеткізуге бағытталса, онда "мақсаты" өлшемшартына 1 мәні, егер қолданылмаса – 0 мәні беріледі.

      7. Өндірісте қолданылатын табиғи ресурстардың (су, қазба ресурстары, энергия, жануарлар дүниесінің ресурстары және т.б.) "ресурс үнемдеу" өлшемшарты мынадай формула бойынша бағаланады:



      мұндағы:

      Р1т – технологияның 0-ге немесе 1-ге тең ресурстық құрамы сипаттамасының мәні;

      Р2т – технологияның 0-ге немесе 1-ге тең материал сыйымдылығы сипаттамасының мәні;

      Р3т – технологияның 0-ге немесе 1-ге тең энергия сыйымдылығы сипаттамасының мәні;

      V – дизъюнкция операторы (немесе).

      Егер технологияның ресурстық құрамының, материал сыйымдылығының және энергия сыйымдылығының репрезентативті көрсеткіштері мәндерінің кемінде біреуі "ресурс үнемдеу" өлшемшартына сәйкес келген жағдайда, мұндай тиісті сипаттамаға 1 мәні, егер сәйкес келмесе – 0 мәні беріледі.

      8. "Энергетикалық тиімділігі" өлшемшарты өнім, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер бірлігін өндіруге жұмсалатын энергия мөлшерімен айқындалады.

      Энергия неғұрлым аз жұмсалса, салыстырмалы жағдайлар үшін технологияның энергия тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Өлшемшарт үшін энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болатын пайдалы әсердің өнімге, технологиялық процеске, заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге қатысты осындай әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін бір немесе одан көп репрезентативті көрсеткіш қолданылады.

      Егер технологияның энергетикалық тиімділігінің белгілі бір репрезентативті көрсеткіштерінің кемінде біреуінің мәні "Энергетикалық тиімділік" өлшемшартына сәйкес келген жағдайда мұндай тиісті сипаттамаға 1 мәні, егер сәйкес келмесе – 0 мәні беріледі.

      9. "Қалдықтарды болғызбау және барынша азайту" өлшемшарты үшін репрезентативті көрсеткіш технологияны құрайтын барлық технологиялық процестердің жиынтық технологиялық қалдықтары болып табылады. Осы өлшемшарт қалдықтардың ең аз мөлшерін өндіретін немесе қалдықсыз болып табылатын технологияларды құруды және қолдануды ынталандыруға бағытталған.

      Егер технология мынадай санаттардың біріне жатқызылса:

      қалдықсыз технология (осы технологияны құрайтын барлық технологиялық процестердің жиынтық технологиялық қалдықтары – 1,5 %-ға дейін);

      аз қалдықты технология (осы технологияны құрайтын барлық технологиялық процестердің жиынтық технологиялық қалдықтары – 1,5 %-дан 10 %-ға дейін), онда "қалдықтарды болғызбау және барынша азайту" өлшемшартына 1 мәні беріледі.

      Қалдықтардың үлес салмағы (1,5 % немесе 1,5 – 10 %) өндірілген өнімнің жалпы көлемінен есептеледі.

      Егер "қалдықтарды болғызбау және барынша азайту" өлшемшартының белгілі бір репрезентативті көрсеткіштерінің кемінде біреуінің мәні "қалдықтарды болғызбау және барынша азайту" өлшемшартына сәйкес келген жағдайда тиісті сипаттамаға 1 мәні, егер сәйкес келмесе – 0 мәні беріледі.

      10. "Адам үшін технологияның қауіпсіздігі" өлшемшарты өнімді өндіру технологиясының нормативтік құқықтық құжаттарда белгіленген өнеркәсіптік, экологиялық, санитариялық-гигиеналық, өрт және басқа да қауіпсіздік түрлерінің міндетті талаптарына сәйкестігін негізге ала отырып беріледі.

      "Адам үшін технологияның қауіпсіздігі" өлшемшарты технологияны "жасыл" технология ретінде тану кезінде міндетті болып табылады.

      Өлшемшарт пайдаланушының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін немесе оған ықпал ететін шараларды ұсынуға қойылатын талаптарды көрсетеді.

      Егер технология нормативтік құқықтық құжаттарда белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келген жағдайда "адам үшін технологияның қауіпсіздігі" өлшемшартына 1 мәні, егер сәйкес келмесе – 0 мәні беріледі.

      Егер технологияға нормативтік құқықтық құжаттардың талаптары қолданылмаса, онда мұндай технологияға "адам үшін технологияның қауіпсіздігі" өлшемшарты үшін 1 мәні беріледі.

      11. "Биологиялық әртүрлілік үшін технологияның қауіпсіздігі" өлшемшарты технологияны "жасыл" технология ретінде тану кезінде міндетті болып табылады.

      Өлшемшарт биологиялық әртүрліліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін немесе оған ықпал ететін шаралардың болуына қойылатын талаптарды көрсетеді. Өлшемшарт өндіріс технологиясының жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мәселелерінде экология заңнамасының міндетті талаптарына сәйкестігін негізге ала отырып беріледі.

2-параграф. Технологияларды "жасыл" технологиялардың өлшемшарттарына жатқызу

      12. Технологияны "жасылға" жатқызу мынадай өрнек бойынша жүргізеді:



      мұндағы Т – технологияны "жасылға" жатқызу өлшемшартының 0-ге немесе 1-ге тең мәні;

      Н – "мақсаты" өлшемшартының, 0-ге немесе 1-ге тең мәні;

      Рү – "ресурс үнемдеу" өлшемшартының 0-ге немесе 1-ге тең мәні;

      Эт – технологияның "энергетикалық тиімділігі" өлшемшартының 0 немесе 1-ге тең мәні;

      ОА – "қалдықтарды болғызбау және барынша азайту" өлшемшартының 0-ге немесе 1-ге тең мәні;

      Ат – "адам үшін технологияның қауіпсіздігі" өлшемшартының 0-ге немесе 1-ге тең мәні;

      Қт – "биологиялық әртүрлілік үшін технологияның қауіпсіздігі" өлшемшартының 0-ге немесе 1-ге тең мәні;

      L – конъюнкция операторы (және);

      V – дизъюнкция операторы (немесе).

      13. "Жасыл" технологияларды қолдану салалары тұйық цикл бойынша уытты емес өнімдер өндіруді және тұтынуды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеуді, ресурс үнемдеуді, шикізат пен энергияның баламалы және жаңартылатын көздеріне көшуді, қалдықтарды басқаруды және қалдықтар үлесін төмендетуді/оларды жоюды, ауыл шаруашылығында биотехнологияларды енгізуді, су тұтыну мен энергия тұтынуды төмендетуді, атмосфераға зиянды шығарындылардың азаюын және сіңірілуін және т.б. қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

3-тарау. Технологияларды "жасыл" технология ретінде қарастыру және тану рәсімі

1-параграф. Технологияларды "жасыл" технология ретінде тану рәсімі

      14. Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану рәсімін келісу комиссиясы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізген технологиялардың "жасыл" технологиялардың өлшемшарттарына сәйкестігін не сәйкес еместігін айқындау қорытындыларын келісу арқылы жүргізеді.

      15. Технологиялардың "жасыл" технологиялардың өлшемшарттарына сәйкестігін не сәйкессіздігін айқындау қорытындыларын келісу комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.

      16. Келісу комиссиясының хаттамасы технологиялардың "жасыл" технологиялардың өлшемшарттарына сәйкестігін не сәйкес еместігін айқындау қорытындылары келісілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сайтында орналастырылады. "Жасыл" деп танылған технология "жасыл" технологиялар мен жобалар тізіліміне енгізіледі.

      Жасыл технологиялар мен жобалар тізілімін жүргізу Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 130-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Өтініш берушінің осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "жасыл" технологияны тану туралы өтініші технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану рәсімін жүргізу үшін негіз болып табылады.

      18. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган оларды өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.

2-параграф. Келісу комиссиясының жұмыс тәртібі

      19. Құрамында мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, салалардағы сарапшылардың өкілдері, сондай-ақ қажет болған кезде өзге де адамдар бар келісу комиссиясын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

      20. Келісу комиссиясын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш түскен кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде шақырады.

      21. Келісу комиссиясы келісу комиссиясының төрағасынан, комиссия хатшысынан және мүшелерінен тұрады.

      22. Келісу комиссиясының шешімдері алқалы түрде қабылданады, келісу рәсімдері, жұмысты ұйымдастыру тәртібі және технологиялардың "жасыл" технологиялардың өлшемшарттарына сәйкестігін не сәйкес еместігін айқындау қорытындыларын қарау мерзімдері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін келісу комиссиясының ережесінде белгіленеді.

  Технологияларды "жасыл"
технологиялар ретінде
тану қағидаларына
қосымша

      Нысан

Технологияны "жасыл" технология ретінде тану туралы өтініш

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.11.2024 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Кімге:_______________________________
(уәкілетті органның атауы)
Кімнен: _____________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) / (өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы__________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше,
үй №, телефон, e-mail)
Өтініш берушінің деректемелері ____________________________________
(БСН, ЖСН)

      _______________________________________________________________

      (технологияның атауы) технологиясын "жасыл" технология ретінде тану туралы ұсынылған өтінішті қарауды сұраймын. Технология туралы ақпарат:

      Технологияның сипаттамасы ______________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (технологияның атауы (бірегей атауын, модель нөмірін (бар болса), саудалық атауын,

      шартты белгіні немесе қазіргі нұсқасы туралы ақпаратты қоса алғанда)

      Технологияның қолданылу аясы: _____________________________________

      Технологияның мақсаты: ____________________________________________

      Репрезентативтік көрсеткішті қоса алғанда, технологияның "жасыл" технология

      өлшемшарттарына болжамды сәйкестігі:_______________________

      Пайдаланылуы болжанатын материалдар/шикізат типі (типтері) (су, сүрек,

      қалдықтар, көмір, газ және т.б.): _______________________________________

      Өлшенетін сандық және сапалық көрсеткіштер/технологияның қасиеттері және оларға

      қалай қол жеткізіледі: _______________________________________

      Технологияның жұмыс істеу қағидаты: ______________________________

      Технологияны ендіруден болатын әлеуетті экологиялық әсер (сапалық және (немесе)

      сандық): ________________________________________________

      Технологияға және оны пайдалануға қатысты заңнамалық талаптар немесе

      нормативтер: _________________________________________________________

      Технологияның "жасыл" технологиялар бойынша басқа халықаралық,

      мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттарға сәйкестігі:

      __________________________________________________________________

      (егер сәйкес болса, стандарттар көрсетілсін)

      Технологияны пайдалану және өрістету шарттары мен оған қойылатын талаптардың

      сипаттамасы:______________________________________________

      Техникалық және сервистік қызмет көрсетуге және жөндеуге қойылатын

      талаптар:____________________________________________________________

      Технологияның болжамды қызмет ету мерзімі: ___________________________

      Қауіпсіздік және денсаулық сақтау бойынша талаптар (бар болса)

      ____________________________________________________________________



Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса) /

қолы


Заңды тұлға басшысының Т.А.Ә. (бар болса)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады