Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Технологияларды "жасыл" технологиялар деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 576 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Технологияларды "жасыл" технологиялар деп тану қағидаларына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қарашадағы № 919 қаулысына қосымша |
|
Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
Технологияны "жасыл" технология ретінде тану туралы өтініш
Кімге:_______________________________ |
_______________________________________________________________
(технологияның атауы) технологиясын "жасыл" технология ретінде тану туралы ұсынылған өтінішті қарауды сұраймын. Технология туралы ақпарат:
Технологияның сипаттамасы ______________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(технологияның атауы (бірегей атауын, модель нөмірін (бар болса), саудалық атауын,
шартты белгіні немесе қазіргі нұсқасы туралы ақпаратты қоса алғанда)
Технологияның қолданылу аясы: _____________________________________
Технологияның мақсаты: ____________________________________________
Репрезентативтік көрсеткішті қоса алғанда, технологияның "жасыл" технология
өлшемшарттарына болжамды сәйкестігі:_______________________
Пайдаланылуы болжанатын материалдар/шикізат типі (типтері) (су, сүрек,
қалдықтар, көмір, газ және т.б.): _______________________________________
Өлшенетін сандық және сапалық көрсеткіштер/технологияның қасиеттері және оларға
қалай қол жеткізіледі: _______________________________________
Технологияның жұмыс істеу қағидаты: ______________________________
Технологияны ендіруден болатын әлеуетті экологиялық әсер (сапалық және (немесе)
сандық): ________________________________________________
Технологияға және оны пайдалануға қатысты заңнамалық талаптар немесе
нормативтер: _________________________________________________________
Технологияның "жасыл" технологиялар бойынша басқа халықаралық,
мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттарға сәйкестігі:
__________________________________________________________________
(егер сәйкес болса, стандарттар көрсетілсін)
Технологияны пайдалану және өрістету шарттары мен оған қойылатын талаптардың
сипаттамасы:______________________________________________
Техникалық және сервистік қызмет көрсетуге және жөндеуге қойылатын
талаптар:____________________________________________________________
Технологияның болжамды қызмет ету мерзімі: ___________________________
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау бойынша талаптар (бар болса)
____________________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса) / | қолы | |
Заңды тұлға басшысының Т.А.Ә. (бар болса) |