"Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 660 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.01.2023 № 10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жобаларды (Парламент Мәжілісіне заңнамалық актілердің жобаларын енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларынан басқа) 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісетін Әділет, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерін қоспағанда, мемлекеттік органдар жобаларды 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі. Сыртқы істер министрлігі халықаралық шартқа қол қою, бекіту, қабылдау мәселелері бойынша және оған қосылу туралы жобаларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.

      Жоба мемлекеттік органда 3 (үш) жұмыс күнінен (Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктерінде 5 (бес) жұмыс күнінен) артық келісуде болған және олар бойынша жауап ұсынылмаған жағдайда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша "келісілді" деп есептеледі.

      Кодекстердің жобаларын қоспағанда, заңнамалық актілердің жобаларын мемлекеттік органдар 5 (бес) жұмыс күні (Әділет министрлігі 7 (жеті) жұмыс күні) ішінде келіседі. Қазақстан Республикасы кодекстерінің жобаларын мемлекеттік органдар 7 (жеті) жұмыс күні (Әділет министрлігі 10 (он) жұмыс күні) ішінде келіседі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады