"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 548 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 785 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 548 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Атырау облысының аумағында орналасқан.

      АЭА аумағы 3614,8437 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына: ауданы 1619,4477 гектар "Қарабатан" және ауданы 285 гектар "Технопарк" өнеркәсіптік аймақтары, ауданы 100 гектар газ бөлу қондырғысы, ауданы 1599,53 гектар газ құбыры және ауданы 10,8660 гектар көпфункционалды аурухана кіреді.";

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 5 қазандағы
№ 785 қаулысына
қосымша
  "Ұлттық индустриялық мұнай-химия
технопаркі" арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
қосымша

"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары


      Жалпы ауданы – 3614,8437 гектар

      1) "Қарабатан" өнеркәсіптік аймағы, жалпы ауданы 1619,4477 гектар:

      мұнай-химия кешені алаңы – 463,7 гектар;

      интеграцияланған газ-химия кешені алаңы – 128,2077 гектар;

      теміржол станциясы – 95,93 гектар;

      вахталық кент – 4,01 гектар;

      буландырғыш тоған – 375,02 гектар;

      "Ароматика" алаңы – 336,25 гектар;

      отын газ құбыры – 28,32 гектар;

      кіреберіс автожол – 17,8 гектар;

      электр беру желілері – 9,49 гектар;

      теміржол – 27,69 гектар;

      су құбыры – 89,67 гектар;

      электр беру желісі – 43,36 гектар;

      2) "Технопарк" өнеркәсіптік аймағы, ауданы 285 гектар;

      3) газ бөлу қондырғысының аумағы, ауданы 100 гектар;

      4) газ құбырының аумағы, жалпы ауданы 1599,53 гектар:

      құрғақ газ құбыры – 163,79 гектар;

      шикізат газ құбыры – 1435,74 гектар;

      5) көпфункционалды аурухананың аумағы, ауданы 10,8660 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады