"Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 233 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 553 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 12.07.2023 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 633 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-8-тармағына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы", "Техникалық реттеу туралы", "Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" заңдарына сәйкес әзiрленді және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауда базарларының қызметін ұйымдастыру тәртібін, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды айқындайды.

      Осы Қағидалар сауда базарының барлық субъектiлерiне қолданылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Базарды ұйымдастырған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) бекітілген "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – санитариялық қағидалар), өрт қауіпсіздігі талаптары, сәулет, құрылыс, ветеринариялық, экологиялық және басқа да талаптар сақталуға тиiс.";

      10-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақ алып тасталсын;

      18-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қажет болған жағдайда сауда базарының барлық субъектілеріне танысу үшін мынадай нормативтік құқықтық актілерді қағаз немесе электрондық түрде ұсынуға тиіс:

      "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

      осы Қағидалар;

      санитариялық қағидалар.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Сауда базарының меншік иесі (иегері) және (немесе) сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі сауда орындарын, оның ішінде сауда базарларында, жалға (пайдалануға) беруші дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындайды.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Сауда қызметiнiң субъектiлерi және халықтың декреттелген тобына жататын базар жұмыскерлерi санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) бекітілген міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігіне және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес медициналық қарап-тексеруден өтуге тиіс.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады