"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 439 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың ең төмен тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) адамдарды құтқару үшін, аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "55-1) өртке қарсы мемлекеттік емес қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 67-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "67-1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      90) тармақша алып тасталсын;

      92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "92) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 94-1), 94-2), 94-3), 94-4), 94-5), 94-6), 94-7), 94-8), 94-9), 94-10), 94-11), 94-12), 94-13), 94-14), 94-15), 94-16), 94-17), 94-18), 94-19) және 94-20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "94-1) уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-2) фторлы сутек қышқылын өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-3) иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-4) бериллий, оның қосылыстарын және олардан бұйымдар өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-5) мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-6) өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-7) өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-8) қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-9) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-10) қауіпті өндірістік объектілердің қалдық және шлам шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-11) көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-12) тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-13) өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-14) теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-15) газдарды дайындау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-16) қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-17) жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-18) компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-19) жарылыс жұмыстарын және өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш материалдармен жұмыс жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94-20) магистральдық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 184-1), 184-2), 184-3) және 184-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "184-1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілейді;

      184-2) климаттық қатерлерден болатын дүлей зілзала тәуекелдерін бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді;

      184-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі, оның ішінде жаңа тәуекелдерді болғызбауға, қазіргі қауіптілікті төмендетуге және орнықтылықты нығайтуға бағытталған шараларды өз құзыреті шегінде және басымдылықты ескере отырып жүзеге асырады;

      184-4) өз құзыреті шегінде іске асырылатын климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және осы шараларды түзетеді;";

      206) және 207) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "206) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;

      207) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою және олардың салдарын бағалау үшін Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдаланады;";

      мынадай мазмұндағы 207-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "207-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;";

      мынадай мазмұндағы 217-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "217-1) объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құру, орнын ауыстыру, қайта бейіндеу немесе тарату туралы ұйымдар басшылығының шешімдерін келіседі;";

      222) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "222) жаңарту тәртібімен мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімдер қабылдайды;";

      мынадай мазмұндағы 227-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "227-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың аудио-, бейнежазба техникалық құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 249-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "249-1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      мынадай мазмұндағы 262-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "262-1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 263-1) және 263-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "263-1) қарыз беру тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;

      263-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құрту, кәдеге жарату үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;";

      284) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "284) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын өткізуге қатысады;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады