Азаматтарды қабылдау орталықтарының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 490 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентінде:

      2-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – қабылдау) орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде (бұдан әрі – қоғамдық қабылдау бөлмелері), сондай-ақ азаматтарды қабылдау орталықтарында мына лауазымды және өзге де адамдар:

      1) орталық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары;";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Азаматтарды қабылдау орталықтарында мемлекеттік органдардың регламенттерінде белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, сондай-ақ азаматтарды қабылдау орталықтарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері, түскі үзілісі бар жұмыс уақытында "электрондық үкімет" веб-порталындағы немесе "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесiндегі электрондық құжат, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол келіп түсетін не қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша нысанда айтылған жолданымдар, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмелерінің сall-орталықтарына келіп түскен өтінімдер негізінде қабылдауға жазылуды жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Осы Үлгілік регламенттің 2-тармағында көрсетілген адамдардың азаматтарды қабылдау орталықтарында қабылдауы Үлгілік регламентке қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы бекіткен кестеге сәйкес айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің, азаматтарды қабылдау орталықтарының үй-жайларында көпшілікке көрінетін жерлерге ілінеді, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің ресми сайттарында орналастырылады.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі."

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде және азаматтарды қабылдау орталықтарында қабылдау күні қосымша жолданымдар мен басқа да ілеспе құжаттарды ресімдеуге (қажет болған жағдайда) көмектесетін заң консультанттары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер (волонтерлерді қабылдау күндері ғана тартуға болады) тартылуы мүмкін.

      18. Орталық мемлекеттік органдардың, азаматтарды қабылдау орталықтарының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының тиісті қызметкерлері қабылдау өткізген кезде басқа да мүдделі органдар өкілдерінің қатысуы, егер көтерілетін мәселе олардың құзыретіне қатысты болса, қамтамасыз етіледі.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қабылдауға жазылу туралы келіп түскен барлық жолданымдарды қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталығының қызметкерлері электрондық құжат айналымы жүйесінде не "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесінде олар келіп түскен күні тіркейді және жолданымдардың қаралуына бақылауды жүзеге асыратын жауапты қызметкерге (бұдан әрі – жауапты қызметкер) алдын ала қарау үшін жібереді.

      26. Жауапты қызметкер орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, азаматтарды қабылдау орталықтарының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының қатысуымен материалдарды жинап, талдағаннан кейін орталық мемлекеттік орган басшысының немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің атына қабылдау күнін белгілеу немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық ақпаратты қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын дайындайды.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталықтарының жауапты қызметкері бекітілген қабылдау кестесіне тізімдерді кезектілік тәртібімен бөледі.

      29. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталықтарының жауапты қызметкері жолданым тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде арыз иесіне қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты жолдайды.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қоғамдық қабылдау бөлмесі және азаматтарды қабылдау орталығы уәкілетті қызметкерлерінің лауазымды адамдар мен олардың орынбасарларының қабылдауды ұйымдастыруы үшін қажетті материалдарды ұсыну, қабылдауды өткізу практикасын талдау және жинақтап қорыту туралы талаптары орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері аппараттарының орындауы үшін міндетті болып табылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталығының қызметкерлері тұрақты негізде арыз иелерінің қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізіп, консультация алған және жеке қабылдауға жазылудан бас тартқан арыз иелеріне телефон байланысы арқылы іріктеп сауалнама жүргізуі тиіс.";

      39-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қоғамдық қабылдау бөлмелерінің, азаматтарды қабылдау орталықтарының шеңберінде жұмыс істейтін сall-орталықтардың, оның ішінде төтенше жағдай, төтенше ахуал режимдерін, эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды енгізумен, техногендік авариялармен және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де апаттармен байланысты шектеу шаралары қабылданған жағдайда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";

      40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Қоғамдық қабылдау бөлмелері және азаматтарды қабылдау орталықтары жұмысының нәтижелері туралы тұрақты негізде (тоқсанына бір реттен сиретпей) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын хабардар ету қажет.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулы қабылданғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде:

      1) мемлекеттік органдардың регламенттеріне тиісті өзгерістер енгізсін;

      2) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің азаматтарды қабылдау орталықтарындағы қызмет тәртібін регламенттейтін ішкі актілерді әзірлесін және бекітсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 490 қаулысына
қосымша
Орталық мемлекеттік
органдардың және облыстардың,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың әкімдері
аппараттарының лауазымды
адамдарының жеке тұлғаларды
және заңды тұлғалардың
өкілдерін жеке қабылдауының
үлгілік регламентіне
қосымша
Бекітемін
  ______________________
  Қазақстан Республикасының
  Үкіметі Аппаратының Басшысы

Мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

Мемлекеттік органның атауы

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ә.

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы

Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның, ұйымның орналасқан жері

Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы


























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады