Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 822 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында:

      4-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) консультативтік құжатты жария талқылау, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүшелерінің ұстанымдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Әділет министрлігі) қорытындысын, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің (бұдан әрі – сараптамалық кеңестер), Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП) қорытындыларын алу үшін ашық НҚА интернет-порталында осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен орналастыруды;";

      5) және 15) тармақшалар алып тасталсын;

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33069 болып тіркелген) Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен заңның тиімділігін және консультативтік құжатта көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауды қоса алғанда, нормативтік құқықтық актінің құқықтық мониторингін жүзеге асыруды қамтиды.";

      14-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орналастырылған консультативтік құжатқа 100-ден (жүз) астам пікір түскен жағдайда әзірлеуші орган міндетті түрде жария тыңдау және (немесе) пікірсайыс өткізеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. ҰКП, сараптамалық кеңестер, қоғамдық кеңестер, "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ЗҚАИ), Комиссия мүшелері ұстаным, сараптамалық қорытынды, ұсыным алу үшін, оның ішінде оларды мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келіскен кезде консультативтік құжаттың ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабардар етіледі.

      Әзірлеуші орган Комиссия мүшелеріне хабарламаны 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Бұл ретте ҰКП, сараптамалық кеңестер, қоғамдық кеңестер және ЗҚАИ ашық НҚА порталы арқылы автоматты түрде хабардар етіледі.

      Сараптамалық қорытындылар ҰКП-ның немесе сараптамалық кеңес мүшесінің жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде оның міндетті қосымшалары болып табылады.

      Консультативтік құжат бойынша сараптамалық қорытынды, қорытынды, ұсыным беру үшін белгіленетін мерзім оның ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама ҰКП-ға, сараптамалық кеңес, қоғамдық кеңес, ЗҚАИ мүшелеріне түскен кезден бастап он бес жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.";

      17-тармақтың төртінші бөлігіндегі "5 (бес)" деген сөздер "10 (он)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41.  Республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобасын және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қоспағанда, әзірлеуші заң жобасын заң жобасы бойынша ғылыми құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте заң жобасын ғылыми құқықтық, экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге жіберу оны ашық НҚА интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

      Бұл ғылыми сараптамалардың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

      Ғылыми сараптамалардың қорытындыларымен келіспеген жағдайда заң жобасы әзірлеуші заңнамада белгіленген мерзімдерде ашық НҚА интернет-порталында тиісті қорытындылармен келіспеу себептерінің жазбаша дәлелді негіздемелерін жариялайды.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жұмыс тобының жұмысы аяқталғаннан кейін мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін жария талқылау үшін заң жобасы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырма кестесімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда), осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбасымен және баспасөз релизімен осы Қағидаларда регламенттелген тәртіппен ашық НҚА интернет-порталына және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Заң жобасының ережелерін түсінуді жеңілдету мақсатында әзірленген заң жобасына реттеудің бизнес-процесінің моделі сипатталған және оны іске асырудың нақты тетіктері ашылған таныстырылымдар, схемалар қоса беріледі, олар оның мәні мен мазмұнын көрнекі және түсінікті түрде көрсетеді.

      Заң жобалары бойынша ашық НҚА интернет-порталында талқылау және (немесе) жария тыңдау тиісті заң жобасы ашық НҚА интернет-порталында жарияланғаннан кейін және осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес өткізіледі.

      Нысаналы топтардың өкілдері, қоғамдық кеңестің, сараптамалық кеңестердің, ҰКП мен ЗҚАИ мүшелері заң жобасының ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабардар етіледі және ұсыным, ескерту, ұсыныс немесе (сараптамалық) қорытынды беруге шақырылады.

      Бұл талаптар заң жобасы одан кейінгі әрбір орналастырылған және мүдделі мемлекеттік органдармен келіскен кезде қолданылады.";

      46-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Әлеуметтік маңызы бар заң жобасы бойынша әзірлеуші осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жария тыңдау өткізуі мүмкін.";

      66-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылданған заңның тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33069 болып тіркелген) Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актінің құқықтық мониторингі шеңберінде жүзеге асырылады.";

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 8-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:

      39-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жобаларды әзірлеу және келісу рәсімдерінің сақталуына жобаға тікелей жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары не аппарат басшылары жауапты болады.";

      40-тармақтың 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      86-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заң жобаларын әзірлеу және келісу рәсімдерінің сақталуына жобаға тікелей жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары не аппарат басшылары дербес жауапты болады.";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Президенттің және Премьер-Министрдің заңнамалық актілерге дереу өзгерістер енгізу талап етілетін тапсырмаларын орындау үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Премьер-Министрдің атына заңдардың жобаларына түзетулер енгізу туралы салыстырма кесте (бұдан әрі – кесте) түрінде ұсыныстар жібере алады, онда әзірлеушінің алдын ала ұстанымы қамтылады.

      Егер заң жобасына түзетулер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік субъектілерінің сараптамалық кеңестері мүшелерінің қорытындылары қоса беріледі.

      Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Үкімет Аппараты Басшысының бұрыштамасы бар кесте Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктеріне, сондай-ақ тікелей мүдделі басқа мемлекеттік органдарға Үкіметтің алдын ала ұстанымын тұжырымдау үшін жіберіледі.

      Бірлесіп орындаушы ретінде айқындалған мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік субъектілерінің сараптамалық кеңестерінің мүшелері заң жобасына енгізілетін түзетулерге өз ұсыныстарын немесе қарсылықтарын, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде әзірлеушіге жібереді.

      Қажет болған кезде заң жобасын әзірлеуші немесе мүдделі мемлекеттік орган мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымын қалыптастыру үшін тиісті өзгерістер мен толықтыруларды Республикалық бюджет комиссиясының не Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қарауына өзі жібереді.

      Заң жобасын әзірлеуші немесе мүдделі мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 5 (күн) күн ішінде заң жобасына барлық өзгерістер мен толықтырулар бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісілген ұстанымды қалыптастырады, Парламент атына хат жобасын әзірлеп, оларды Үкімет Аппаратына енгізеді.

      Мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымы Үкімет Аппаратының Басшысы қол қойған хатпен осы Регламентке 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Президент Әкімшілігіне келісуге жіберіледі.

      Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін қалыптастырылған мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымы таныстыруға, содан кейін одан әрі дауыс беру үшін отырысқа не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.

      Қалыптастырылған бірыңғай ұстаным негізінде Парламенттің атына Премьер-Министрдің қолы қойылған тиісті хат жіберіледі.

      Заң жобаларына түзетулер енгізу туралы ұсыныстар жазылған хаттарды Парламент атына мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және өзге де лауазымды адамдардың қолын қойғызып енгізуге тыйым салынады.

      Уәкілетті мемлекеттік органдар Парламент палаталарында Үкімет тұжырымдаған ортақ ұстанымды мүлтіксіз сақтауға міндетті.";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Үкімет бастама жасаған заң жобасына, сондай-ақ Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобасына Парламент депутаттары түзетулер (оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін) енгізген жағдайда Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қорытындысының жобасын осы Регламентке 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші әзірлейді.

      Егер заң жобасына түзетулер кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда мұндай түзетулер ұсынымдық сипаттағы сараптамалық қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасына және кәсіпкерлік субъектілерінің сараптамалық кеңестерінің мүшелеріне жіберіледі. Сараптамалық қорытындылар әзірлеушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері) тапсырма түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлеушіге бірінші басшы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға қол қойған тиісті хат жіберу арқылы Үкімет қорытындысының жобасын келіседі.

      Егер Үкімет қорытындысының жобасы мемлекеттік органда 5 (бес) жұмыс күнінен артық келісуде болған және ол бойынша жауап берілмеген жағдайда, мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша "келісілді" деп саналады. Бұл ретте жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган өзінің ілеспе хатында ұсынылған ақпараттың мемлекеттік органмен "әдепкі қалпы бойынша" келісілгені туралы міндетті түрде көрсетеді.

      Бірыңғай ұстаным болмаған кезде 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ведомствоаралық кеңес өткізіледі, онда бірыңғай ұстаным тұжырымдалады не дәлелді негіздемелері бар ескертулер ресімделеді, олар қорытынды жобасымен бірге Үкімет Аппаратына енгізіледі. Келіспеушіліктері бар Үкімет қорытындысының жобасы енгізілген жағдайда шешім қабылдау үшін мәселе Премьер-Министр немесе оның орынбасарлары немесе Үкімет Аппаратының Басшысы өткізетін кеңесте қаралады.

      Әзірлеуші, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Үкімет Аппаратына Үкімет қорытындысының жобасын енгізеді.

      Қажет болған кезде қорытынды жобасына: республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерінің ықтимал қысқаруы немесе шығыстарының ұлғаюы бөлігінде қаржы-экономикалық есеп-қисаптар, Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Республикалық бюджет комиссиясының хаттамалары да қоса беріледі.

      Үкімет қорытындысының жобасы Үкімет Аппаратының Басшысы қол қойған хатпен Президент Әкімшілігіне келісуге жіберіледі.

      Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет қорытындысының жобасы осы Регламенттің ережелерінде көзделген тәртіппен міндетті түрде таныстырылады және отырыстың қарауына шығарылуға тиіс.

      Отырыста мақұлданған Үкімет қорытындысының жобасы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына енгізіледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 4 қазандағы
№ 822 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің заң шығару
жұмысының қағидаларына
2-қосымша

"____________________" реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жария талқылау қорытындылары бойынша есеп

      Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланған күні _______

      Жария талқылау өткізілетін күн (күндер):

      Ашық НҚА порталында жария талқылау ______

      Барлық түскен ескертулер мен ұсыныстар _____

      Оның ішінде қабылданды ____

      Қабылданған жоқ (қабылданбау негіздері) _____

      Жария талқылау аяқталатын күн (күндер):

      Жария тыңдау ______

      Пікірсайыс_____

      Жария талқылау өткізу нысаны (нысандары) _______

      Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар кестесі

Р/с

Автор

Ұсыныс / ескерту

МО ұстанымы

Ескертпе

1. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар

1.1. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария талқылау процесінде (ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына) түскен

1.





2.





1.2. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, пікірсайыстарда немесе жария тыңдауда тікелей түскен

1.





2.





2. Қоғамдық кеңес мүшелерінен түскен

1.





2.





3. Сараптамалық кеңес мүшелерінен түскен

1.





2.





4. ҰКП-дан түскен

1.





2.





5. Аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардан түскен

1.





2.





3.





6. Заңнама және құқықтық ақпарат институтынан түскен

1.





2.





3.





      Бұл ретте әзірлеуші органның есепте жария талқылау шеңберінде жүргізілген басқа да жұмыстарға сипаттама беруіне болады.

      * Есептің 1.1, 2-6-бөлімдері ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында автоматты түрде қалыптастырылады.

      1.2-бөлімді әзірлеуші қалыптастырып, осы есепке қосады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 4 қазандағы
№ 822 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің заң шығару
жұмысының қағидаларына
8-қосымша

"_______________________" заң жобасын жария талқылау қорытындылары бойынша есеп

      Заң жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланған күн _______

      Барлық түскен ескертулер мен ұсыныстар _____

      Оның ішінде қабылданды ____

      Қабылданған жоқ (қабылданбау негіздері) _____

      Жария талқылау өткізілген күні (-дері) (өткізілсе) ______

      Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар кестесі

Р/с

Автор

Ұсыныс/ескерту

МО ұстанымы

Ескертпе

1. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар

1.1. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария талқылау процесінде (ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына) түскен

1.





2.





1.2. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария тыңдауда тікелей түскен

1.





2.





2. Қоғамдық кеңес мүшелерінен түскен

1.





2.





3. Сараптамалық кеңесінің мүшелерінен түскен

1.





2.





4. ҰКП-дан түскен

1.





2.





5. Аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардан түскен

1.





2.





3.





6. Заңнама және құқықтық ақпарат институтынан түскен

1.





2.





3.





7. Уәкілетті ғылыми құқықтық сараптаманың ұйымынан түскен

1.





2.





3.





8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама үйлестірушісінен түскен

1.





2.





3.





9. Уәкілетті ғылыми-экономикалық сараптама ұйымынан түскен

1.





2.





3.





      Бұл ретте әзірлеуші органның есепте жария талқылау шеңберінде жүргізілген басқа да жұмыстарға сипаттама беруіне болады.

      * Есептің 1.1, 2-9-бөлімдері ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында автоматты түрде қалыптастырылады.

      1.2-бөлімді әзірлеуші қалыптастырып, осы есепке қосады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады