Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысы

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.

      2. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы бекітілсін.

      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 826 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ЖҒТК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі –төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы тұлғасындағы орынбасары болады.

      3. ЖҒТК құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, Ұлттық ғылым академиясының басшылары, жетекші ғалымдар, әртүрлі білім салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және республикалық ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

      Ғылым саласындағы уәкілетті орган ЖҒТК-ның жұмыс органы болып табылады.

      4. ЖҒТК қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның міндеттері мен өкілеттіктері

      5. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:

      1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;

      2) ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау;

      3) ғылым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы басым ғылыми зерттеулерді айқындау;

      4) ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;

      5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке арналған бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көлемдерін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ технологиялардың әзірлік деңгейін ескере отырып, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемдерін айқындау;

      6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған ғылыми-техникалық тапсырмаларды айқындау;

      7) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін айқындау;

      8) конкурстан тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі рәсімдер шеңберінде ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді мақұлдау;

      9) ғылым саласына шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;

      10) мемлекеттік ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатты іске асыру кезінде ғылымның, білім мен өндірістің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      11) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Ережеде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.

      6. ЖҒТК-ның мынадай өкілеттіктері бар:

      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ЖҒТК міндеттерін іске асыру жұмысына мамандар мен сарапшыларды тарту;

      2) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау және ұсыныстар енгізу;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан ЖҒТК міндеттерін іске асыруға қажеті материалдарды сұрату және алу;

      4) ЖҒТК міндеттерін іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшыларын ЖҒТК отырыстарына шақыру, ал олар болмаған жағдайда бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларды тыңдау;

      5) тақырыптық блоктар бойынша ЖҒТК құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін кіші комиссиялар құру.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      7. ЖҒТК құрамына:

      1) төраға;

      2) төрағасының орынбасары;

      3) хатшы;

      4) ЖҒТК мүшелері кіреді.

      8. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, ЖҒТК отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, ұсыныстарының іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және ЖҒТК жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. ЖҒТК төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын өзі тағайындаған ЖҒТК төрағасының орынбасары орындайды.

      9. ЖҒТК хатшысы ЖҒТК мүшесі болып табылмайды және ЖҒТК қызметін қамтамасыз ету жұмысын үйлестіреді, ЖҒТК отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

      ЖҒТК хатшысы мүшелерді ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мақұлданған өтінімдер бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының нәтижелері туралы хабардар етеді.

      10. ЖҒТК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына екі реттен сиретпей өткізіледі.

      11. Жұмыс органы ЖҒТК қызметін қамтамасыз етеді, оның ішінде ЖҒТК жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан сүйемелдеуді жүзеге асырады, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар отырыс өткізілетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса ЖҒТК мүшелеріне жіберіледі.

      ЖҒТК отырыстарының күн тәртібіне толықтырулар мен өзгерістер енгізілген жағдайда оның мүшелеріне ЖҒТК өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күн бұрын хабарланады.

      Жұмыс органы Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жүргізген бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық тапсырмалардың сараптамасы нәтижелері туралы ЖҒТК-ны хабардар етеді.

      12. ЖҒТК мүшелері алдағы отырысқа өздерінің қатысатын немесе қатыспайтын (себептерін көрсете отырып) 1 (бір) жұмыс күні ішінде растайды.

      13. ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыс заңды деп есептеледі. Кворум болмаған жағдайда ЖҒТК отырысы 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады.

      14. Бетпе-бет отырыс өткізілген жағдайда ЖҒТК шешімдері отырысқа қатысып отырған ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Төтенше жағдай режимі жарияланған кезде немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою кезінде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде шұғыл сипаттағы мәселелер бойынша ЖҒТК мәселелерін қарау сырттай жүргізіледі және, егер олар үшін ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      ЖҒТК отырысын бетпе-бет және (немесе) сырттай форматта өткізілген кезде дауыс беру осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі.

      ЖҒТК мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда ЖҒТК төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      ЖҒТК мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол жазбаша түрде баяндалуға және ЖҒТК отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.

      ЖҒТК-ның бетпе-бет және сырттай (дауыс беру парақтарының негізінде) отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қоятын хаттама жасалады.

      Сырттай отырыстың дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген кезде ЖҒТК хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясымен бірге жаңартылған дауыс беру парағын ЖҒТК мүшелеріне келісуге жібереді.

      ЖҒТК мүшелері сырттай отырыстың дауыс беру парағын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісетіні не себептерін негіздей отырып, келіспейтіні туралы жауап жібереді.

      15. ЖҒТК-ның өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылданған шешімдерін барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде қарап, көрсетілген мерзімде орындауға тиіс.

      16. ЖҒТК дауыс беру парақтары қоса берілген ЖҒТК материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды ЖҒТК-ның жұмыс органы жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы
Жоғары ғылыми-техникалық
комиссия туралы ережеге
қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мүшесінің дауыс беру парағы

____________________________________ Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы/атағы

      №________ отырыс күні: ________

Мәселенің

Мәселенің мазмұны

Шешім жобасы

Комиссия мүшесінің шешімі




қолдаймын

қолдамаймын

ерекше пікір
(шешімді қолдаса, толтырмайды)

1

2

3

4

5

6

1.






      ____________________________ Қолы

      Ескертпе: тікелей Комиссия отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін хатшыға беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 826 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы

      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға.

      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары.

      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы.

      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі.

      6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.

      7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

      8. Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі (келісу бойынша).

      9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.

      10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.

      11. Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты әлеуметтік қорғау министрі.

      12. Қазақстан Республикасының Көлік министрі.

      13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.

      14. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

      15. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

      16. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.

      17. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

      18. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі.

      19. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі.

      20. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі.

      21. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.

      22. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

      23. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі.

      24. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

      25. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      26. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша).

      27. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша).

      28. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі.

      29. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша).

      30. "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      31. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша).

      32. "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      33. Ақшолақов Серік Қуандықұлы – "Ұлттық нейрохирургия орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы (келісу бойынша).

      34. Әбсәметов Мәліс Құдысұлы – "У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы (келісу бойынша).

      35. Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – "Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша).

      36. Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы (келісу бойынша).

      37. Наметов Асқар Мырзахметұлы – "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы (келісу бойынша).

      38. Сахиев Саябек Қуанышбекұлы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісу бойынша).

      39. Хикметов Асқар Құсыпбекұлы – "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша).

      40. "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      41. "Еуразиялық топ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша).

      42. "Qarмet" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша).

      43. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      44. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      45. "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      46. "QazaqGaz" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      47. "KAZ Minerals Management" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 826 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 47 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1445 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне енгізілетін өзгерістердің 30-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1489 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 358 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 49-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 43-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 394 қаулысы.

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 885 қаулысы.

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 341 қаулысы.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылға 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 214 қаулысы.

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 697 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 386 қаулысы.

      14. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 603 қаулысы.

      16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 329 қаулысы.

      19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 846 қаулысы.

      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.

      21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 635 қаулысы.

      22. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1005 қаулысы.

      23. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 218 қаулысы.

О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2024 года № 826

      В целях реализации подпункта 3) статьи 5 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать Высшую научно-техническую комиссию при Правительстве Республики Казахстан.

      2. Утвердить:

      1) Положение о Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      2) состав Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      3. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению 3 к настоящему постановлению.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Приложение 1
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 7 октября 2024 года № 826

Положение о Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Высшая научно-техническая комиссия при Правительстве Республики Казахстан (далее – ВНТК) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      2. ВНТК возглавляет Премьер-Министр Республики Казахстан (далее –председатель), который имеет заместителя в лице первого руководителя уполномоченного органа в области науки.

      3. Состав ВНТК формируется из числа членов Правительства Республики Казахстан, депутатов Парламента Республики Казахстан, руководителей государственных органов, Национальной академии наук, ведущих ученых, экспертов различных отраслей знаний, представителей национальных управляющих холдингов, национальных институтов развития, национальных холдингов, национальных компаний, субъектов частного предпринимательства и республиканских научных общественных объединений и утверждается постановлением Правительства Республики Казахстан.

      Рабочим органом ВНТК является уполномоченный орган в области науки.

      4. Правовую основу деятельности ВНТК составляют Конституция Республики Казахстан, Бюджетный кодекс Республики Казахстан, Закон Республики Казахстан "О науке и технологической политике", законодательные и иные нормативные правовые акты Республики Казахстан, а также настоящее Положение.

Глава 2. Задачи и полномочия Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан

      5. Основными задачами ВНТК являются:

      1) формирование стратегических задач и приоритетов, направленных на развитие научной и (или) научно-технической деятельности;

      2) определение приоритетных направлений развития науки;

      3) определение приоритетных фундаментальных и прикладных научных исследований по направлениям науки;

      4) рассмотрение предложений национальных научных советов;

      5) определение и распределение по приоритетным направлениям развития науки объемов финансирования за счет бюджетных средств на научную и (или) научно-техническую деятельность, а также определение объемов финансирования коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности с учетом уровня готовности технологий, за исключением научных, научно-технических проектов и программ, формируемых в рамках государственного оборонного заказа;

      6) определение научно-технических заданий для программно-целевого финансирования;

      7) определение перечня организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования;

      8) одобрение прикладных научных исследований в области национальной безопасности и обороны в рамках внеконкурсных процедур по программно-целевому финансированию;

      9) выработка рекомендаций по привлечению инвестиций в сферу науки;

      10) выработка предложений по обеспечению взаимодействия науки, образования и производства при реализации государственной научно-технологической и инновационной политики;

      11) иные задачи, предусмотренные Закон Республики Казахстан "О науке и технологической политике" и настоящим Положением.

      6. ВНТК имеет полномочия:

      1) взаимодействовать с центральными исполнительными и другими государственными органами, организациями, а также привлекать к работе специалистов и экспертов для реализации задач ВНТК;

      2) принимать решения и вносить предложения по вопросам, входящим в ее компетенцию;

      3) в установленном законодательством порядке запрашивать и получать от государственных органов и других организаций материалы, необходимые для реализации задач ВНТК;

      4) приглашать на заседания ВНТК и заслушивать первых руководителей, а в их отсутствие – лиц, исполняющих обязанности первого руководителя государственного органа и организации, по вопросам, связанным с реализацией задач ВНТК;

      5) создавать подкомиссии для рассмотрения вопросов, входящих в компетенцию ВНТК, по тематическим блокам.

Глава 3. Организация работы Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан

      7. В состав ВНТК входят:

      1) председатель;

      2) заместитель председателя;

      3) секретарь;

      4) члены.

      8. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, проводит заседания ВНТК, планирует ее работу, осуществляет общий контроль за реализацией ее предложений и несет ответственность за деятельность, осуществляемую ВНТК. Во время отсутствия председателя ВНТК его функции выполняет назначенный им заместитель председателя ВНТК.

      9. Секретарь ВНТК не является членом ВНТК и координирует работу по обеспечению ее деятельности, подготавливает протоколы заседаний ВНТК.

      Секретарь ВНТК информирует членов о результатах конкурса по программно-целевому финансированию по одобренным заявкам на реализацию научных и научно-технических программ на основании решения национального научного совета.

      10. Заседания ВНТК проводятся по мере необходимости, но не реже двух раз в год.

      11. Рабочий орган обеспечивает деятельность ВНТК, в том числе осуществляет организационно-техническое сопровождение работы ВНТК, готовит предложения по повестке дня заседания, необходимые документы, материалы, которые направляются членам ВНТК за 10 (десять) рабочих дней до даты проведения заседания с приложением проекта протокола.

      В случаях дополнений и изменений повестки заседаний ВНТК ее члены уведомляются за 7 (семь) календарных дней до даты проведения ВНТК.

      Рабочий орган информирует ВНТК об итогах экспертизы научно-технических заданий в рамках программно-целевого финансирования, проведенной Национальным центром государственной научно-технической экспертизы и Национальной академией наук Республики Казахстан.

      12. Члены ВНТК в течение 1 (один) рабочего дня подтверждают свое участие или неучастие (с указанием причин) на предстоящем заседании.

      13. Заседание считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей от общего числа членов ВНТК. При отсутствии кворума заседание ВНТК переносится на срок не более 5 (пять) рабочих дней.

      14. В случае проведения очного заседания решения ВНТК принимаются открытым голосованием большинством голосов от общего числа членов ВНТК, присутствующих на заседании.

      При объявлении режима чрезвычайного положения или ликвидации чрезвычайных ситуаций и их последствий, на период введения ограничительных мероприятий, в том числе карантина, по вопросам срочного характера рассмотрение вопросов ВНТК проводится заочно и они считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов ВНТК.

      При проведении очного и (или) заочного формата заседания ВНТК голосование проводится путем заполнения листа голосования по форме согласно приложению к настоящему Положению.

      Члены ВНТК обладают равными голосами при принятии решения. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель ВНТК.

      Члены ВНТК имеют право на особое мнение, которое в случае его выражения, должно быть изложено в письменном виде и приложено к протоколу заседания ВНТК.

      По результатам проведения очного и заочного (на основании листов голосования) заседаний ВНТК в течение 5 (пять) рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.

      При изменении по итогам голосования заочного заседания содержания проекта протокола секретарь ВНТК в течение 3 (три) рабочих дней направляет лист голосования с уточненной редакцией принятого решения членам ВНТК для согласования.

      Члены ВНТК после получения листа голосования заочного заседания направляют в течение 1 (один) рабочего дня ответ о согласии либо несогласии с обоснованием причин.

      15. Решения ВНТК, принятые с целью выполнения возложенных на нее задач, подлежат обязательному рассмотрению и исполнению в указанный срок всеми государственными органами.

      16. Учет и хранение материалов и протокольных решений ВНТК с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган ВНТК.

      ____________________________

  Приложение
к Положению о Высшей
научно-технической
комиссии при Правительстве
Республики Казахстан
  Форма

Лист голосования члена Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан

      ____________________________________________________________________________
                  Ф.И.О. (при его наличии), должность/звание

      заседание №____ дата: ___________

№ вопроса

Содержание вопроса

Проект решения

Решение члена Комиссии

поддерживаю

не поддерживаю

особое мнение (не заполняется, если решение поддерживается)

1

2

3

4

5

6

1.






      ____________________
            Подпись

      Примечание: заполняется непосредственно на заседании Комиссии и передается секретарю для учета результатов голосования.

      ____________________

  Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 7 октября 2024 года № 826

Состав Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан

      1. Премьер-Министр Республики Казахстан, председатель.

      2. Министр науки и высшего образования Республики Казахстан, заместитель председателя.

      3. Председатель Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан, секретарь.

      4. Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан.

      5. Заместитель Премьер-Министра – Министр иностранных дел Республики Казахстан.

      6. Заместитель Премьер-Министра – Министр национальной экономики Республики Казахстан.

      7. Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан.

      8. Советник Президента Республики Казахстан по вопросам науки и инноваций (по согласованию).

      9. Министр сельского хозяйства Республики Казахстан.

      10. Министр здравоохранения Республики Казахстан.

      11. Министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      12. Министр транспорта Республики Казахстан.

      13. Министр финансов Республики Казахстан.

      14. Министр обороны Республики Казахстан.

      15. Министр культуры и информации Республики Казахстан.

      16. Министр просвещения Республики Казахстан.

      17. Министр промышленности и строительства Республики Казахстан.

      18. Министр торговли и интеграции Республики Казахстан.

      19. Министр водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан.

      20. Министр туризма и спорта Республики Казахстан.

      21. Министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      22. Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      23. Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      24. Министр энергетики Республики Казахстан.

      25. Заместитель Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию).

      26. Депутат Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию).

      27. Депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию).

      28. Заведующий Отделом социального развития Аппарата Правительства Республики Казахстан.

      29. Генеральный директор акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" (по согласованию).

      30. Председатель правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию).

      31. Президент некоммерческого акционерного общества "Национальная академия наук Республики Казахстан" при Президенте Республики Казахстан" (по согласованию).

      32. Председатель правления акционерного общества "Национальный центр государственной научно-технической экспертизы" (по согласованию).

      33. Акшулаков Серик Куандыкович – председатель правления акционерного общества "Национальный центр нейрохирургии", доктор медицинских наук (по согласованию).

      34. Абсаметов Малис Кудысович – директор товарищества с ограниченной ответственностью "Институт гидрогеологии и геоэкологии имени У.М. Ахмедсафина", доктор геолого-минералогических наук (по согласованию).

      35. Жумагулов Бакытжан Турсынович – президент республиканского общественного объединения "Национальная инженерная академия Республики Казахстан" (по согласованию).

      36. Кабульдинов Зиябек Ермуханович – генеральный директор республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан, доктор исторических наук (по согласованию).

      37. Наметов Аскар Мырзахметович – председатель правления – ректор некоммерческого акционерного общества "Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана", доктор ветеринарных наук (по согласованию).

      38. Сахиев Саябек Куанышбекович – генеральный директор республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт ядерной физики" Министерства энергетики Республики Казахстан, доктор физико-математических наук (по согласованию).

      39. Хикметов Аскар Кусупбекович – председатель правления – ректор акционерного общества "Международный университет информационных технологий", кандидат физико-математических наук (по согласованию).

      40. Председатель правления товарищества с ограниченной ответственностью "Корпорация Казахмыс" (по согласованию).

      41. Генеральный директор товарищества с ограниченной ответственностью "Евразийская группа" (по согласованию).

      42. Генеральный директор акционерного общества "Qarмet" (по согласованию).

      43. Председатель правления акционерного общества "Национальная атомная компания "Казатомпром" (по согласованию).

      44. Председатель правления акционерного общества "Национальная компания "КазМунайГаз" (по согласованию).

      45. Председатель правления акционерного общества "Казахстанская компания по управлению электрическими сетями (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (по согласованию).

      46. Председатель правления акционерного общества "Национальная компания "QazaqGaz" (по согласованию).

      47. Председатель правления товарищества с ограниченной ответственностью "KAZ Minerals Management" (по согласованию).

      _______________________

  Приложение 3
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 7 октября 2024 года № 826

Перечень утративших силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 47 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      3. Пункт 30 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2012 года № 1445 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан".

      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2012 года № 1489 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года № 358 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      6. Пункт 49 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 2014 года № 329 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".

      7. Пункт 43 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 2014 года № 970 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан и распоряжений Премьер-Министра Республики Казахстан".

      8. Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2016 года № 394 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      9. Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2016 года № 885 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      10. Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 июня 2018 года № 341 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      11. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2019 года № 214 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      12. Подпункт 2) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2019 года № 697 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2013 года № 516 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 22 мая 2013 года № 571 "О некоторых мерах по оптимизации системы управления институтами развития, финансовыми организациями и развития национальной экономики" и от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      13. Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2020 года № 386 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      14. Пункт 1 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 624 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан".

      15. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2021 года № 603 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      16. Пункт 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 января 2022 года № 34 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан".

      17. Пункт 1 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2022 года № 268 "О некоторых вопросах консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан".

      18. Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2022 года № 329 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      19. Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2022 года № 846 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      20. Пункт 9 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2023 года № 236 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан".

      21. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 августа 2023 года № 635 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      22. Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2023 года № 1005 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      23. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2024 года № 218 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 429 "О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан".

      ______________________________