"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 989 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 973 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 989 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасында:

      1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өзара мүдделілікті білдіретін бағыттар бойынша денсаулық сақтау саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу;";

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өздері қатысушылары болып табылатын халықаралық ұйымдарда денсаулық сақтау мәселелері бойынша ұстанымдарды қажеттілігіне қарай үйлестіру;

      6) аурулардың профилактикасы мен оларды емдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер мен цифрлық технологияларды қолдану бөлігінде тәжірибе алмасу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады