Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылсын.
2. "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету серіктестік қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
3. Серіктестіктің жарғылық капиталын осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) теңгеріміндегі республикалық мүлік есебінен қалыптастыру қамтамасыз етілсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Министрлікпен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) серіктестікті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;
2) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Министрлікке беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін, қоса беріліп отырған толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 1087 қаулысына қосымша |
"Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілетін республикалық мүліктің тізбесі
№ р/с | Мүліктің атауы | Орналасқан жері | Өлшем бірлігі | Саны | Түгендеу нөмірі |
1 | "Балқаш көлі" бейнеролигі (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) | Астана қаласы | дана | 1 | 238308000536 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 1087 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-218-жолмен толықтырылсын:
"21-218. "Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірі 405-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне
405. "Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
3. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 269-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
"25) "Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
реттік нөмірі 270-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
"24) "Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
реттік нөмірі 280-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) "Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
реттік нөмірі 294-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) "Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
реттік нөмірі 301-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) "Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".
4. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереже мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
"Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".".