Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 197ааа Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулының  198-қосымшасында :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағаны "(2003 жылғы 18 тамыздағы N 7-360/2003 жұмыс жобасы бойынша мемлекеттiк сараптамасының ұйғарымы" деген сөздерден кейiн "және жұмыс жоспары бойынша 2004 жылғы 28 қазандағы N 7-469/2004 қосымша жұмыстарға мемлекеттiк сараптама қорытындысы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады