Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Талдықорған облысында Алакөл, Жаркент еркiн экономикалық аймақтарын құру және Талдықорған қаласында "Талдықорғансырткөлiк" кәсiпорны негiзiнде еркiн экономикалық кiшi аймақ құру туралы" 1992 жылғы 11 қаңтардағы N 1114 - XII қаулысына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасындағы еркiн экономикалық аймақтардың мәселелерi" атты 1992 жылғы 13 сәуiрдегi N 320 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Алакөл еркiн экономикалық аймағы туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Алакөл ауданының әкiмi:
он күндiк мерзiмде Алакөл еркiн экономикалық аймағын басқаратын әкiмшiлiк кеңес құратын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi бiр айлық мерзiмде:
еркiн экономикалық аймақтың әкiмшiлiк кеңесiмен аймақтың территориясында кеден пункттерiнiң желiсi бар кеден құруға байланысты мәселелердi шешетiн болсын, шарттық негiзде оларды қаржыландыру мен жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейтiн болсын;
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен және еркiн экономикалық аймақтың әкiмшiлiк кеңесiмен бiрге кедендiк бақылаудың, еркiн экономикалық аймаққа әкелiнетiн және одан әкетiлетiн тауарлар мен басқа да мүлiктi ресми белгiлеудiң тәртiбi мен ережесiн белгiлейтiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Материалдық ресурстар министрлiгi Алакөл еркiн экономикалық аймағының жұмыс iстеуi мен дамуы үшiн қажеттi орталықтан бөлiнетiн өнiм бойынша материалдық-техникалық ресурс бөлудi, сондай-ақ еркiн рынокта өнiм сатып алу жөнiнде делдалдық қызмет көрсетудi көздейтiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен және еркiн экономикалық аймақтың әкiмшiлiк кеңесiмен бiрге Алакөл еркiн экономикалық аймағының территориясында шет ел азаматтарының келуi мен кетуiнiң және болуының оңайлатылған тәртiбiн белгiлейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 4 қыркүйектегi
N 740 қаулысымен
Бекiтiлген
Алакөл еркiн экономикалық аймағы туралы
Ереже
Алакөл еркiн экономикалық аймағы (Алакөл ЕЭА) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 11 қаңтардағы N 1114 - XII қаулысымен Талдықорған облыстық және халық депутаттары Алакөл аудандық Кеңесiнiң ұсынысы бойынша аудан халқының пiкiрi ескерiле отырып құрылды.
Бұл ереже Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 сәуiрдегi N 320 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы еркiн экономикалық аймақтар туралы негiзгi ережелерге сәйкес Алакөл ЕЭА-ның өзiне тән ерекшелiктерi мен салалық мамандандырылуына ыңғайлап әзiрлендi.
1-бөлiм. Алакөл ЕЭА-ның орналасқан жерi,
шекарасы, аумағы және құрылымының жалпы принциптерi
1-бап.
Алакөл еркiн экономикалық аймағы Талдықорған облысының аумағында Алакөл ауданының шекарасында орналасқан және Қазақстан Республикасының ажырамас аумағы болып табылады.
Алакөл ЕЭА-ның жер көлемi - 15,3 мың шаршы км.
2-бап.
Алакөл ЕЭА-ын құрудағы негiзгi мақсат:
отандық және шетелдiк инвестицияларды ынталандыру және қатыстыру;
озық техниканы, технологияны және басқару тәжiрибелерiн енгiзу;
импортты алмастыратын және бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығаруды ұйымдастыру арқылы ауданның көп салалы экономикасын құру;
Еуропаны Азия-Тынықмұхит аймағымен байланыстыратын Трансазия темiр жолын (қосымша жұмыс, өңдеу, тауарлар тасымалдау, жүк сақтау, консигнализациялық қоймалар құру мен әртүрлi қызмет көрсету) тиiмдi пайдалану және шет елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту;
туризмдi дамыту, аңшылық, балық аулау спортын ұйымдастыру;
өнiмдердi экспорттауды және Қазақстан Республикасына конверцияланған валютаның түсуiн еселеу есебiнен аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуын және халықтың әл-ауқатын жақсартуды жеделдету болып табылады.
3-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында отандас және шетелдiк заңды ұйымдармен жеке адамдардың тiкелей әскери бағыттағы өнiмдердi өндiруден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған қызмет түрлерiнен басқа кез-келген шаруашылық, қаржы және басқа да қызмет түрлерiмен айналысуына жол берiледi.
4-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында заңды ұйым (шаруашылық жүргiзушi субъект) құрмай шаруашылық қызмет шұғылдану заңды ұйымдар мен азаматтардың қызметi "Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңмен, Қазақстан Республикасының оған қайшы келмейтiн заңдарымен және Алакөл ЕЭА туралы осы Ережемен реттеледi.
Қазақстан Республикасы заңдарында Алакөл ЕЭА аумағында шаруашылық қызметтiң жекелеген мәселелерiн регламенттеу жағдайында Алакөл ЕЭА-ы туралы осы Ережеге тиiстi өзгертулер енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңның жалпы нормалары пайдаланылады.
Егер Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шартта "Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңда қамтылғаннан басқа ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарт ережелерi қолданылады.
5-бап.
Қазақстан Республикасы Алакөл ЕЭА аумағында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен шет ел азаматтарының, кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың, бiрлескен кәсiпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, олардың филиалдарының хұқы мен заңды мүдделерiн сақтауға кепiлдiк бередi.
6-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен шет ел азаматтарының, кәсiпорындардың, ұйымдардың, бiрлестiктердiң, бiрлескен кәсiпорындардың фирмалардың, компаниялардың кез-келген меншiк түрiндегi олардың филиалдарының мүлкiн мемлекет иелiгiне алуға жол берiлмейдi.
7-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында тiркелген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге, шаруашылық тәртiбi өзгерiске ұшыраған жағдайда олардың тiркелген сәтiне сәйкес шартпен бiр жыл бойы қызметiн жалғастыру хұқына кепiлдiк берiледi.
8-бап.
Өздерiнiң қызметiн Алакөл ЕЭА аумағында жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердiң заңды ұйымдары мен азаматтарына лауазымды адамдардың, мемлекеттiк немесе басқа органдардың орынсыз килiгуi салдарынан келтiрiлген зияндар соттың немесе төрелiк етушiнiң шешiмi бойынша осы органдардан немесе лауазымды адамдардан өндiрiлуге жатады.
2-бөлiм. Алакөл еркiн экономикалық
аймағын басқару
9-бап.
Алакөл ЕЭА-ның мемлекеттiк өкiмет органы халық депутаттарының аудандық Кеңесi болып табылады, ол аймақ аумағының жоғарғы басқару органы - Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесiне атқарушы өкiмет өкiлеттiгiн табыстайды.
Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi Алакөл ауданы әкiмiнiң шешiмiмен республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнен құралады.
Әкiмшiлiк кеңесiнiң өкiлеттiгi және қызмет аясы халық депутаттары Алакөл аудандық Кеңесi бекiткен Алакөл ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi туралы Ережемен айқындалады.
Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi аймақ аумағында мамандандырылған сауда, өндiрiстiк және басқа да қосалқы аймақтар құра алады, ол үшiн қосалқы аймағындағы әлеуметтiк-экономикалық процестердiң дамуына тиiмдi басқару мен бақылауды қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметтiң ерекше тәртiбi белгiленедi.
10-бап.
ЕЭА аумағындағы әкiмшiлiк кеңес экспорттық және импорттық тауарларды, қызмет көрсетудi, сондай-ақ табиғат ресурстарын лицензиялау мен квоталауды жүзеге асырады.
3-бөлiм. Алакөл ЕЭА-дағы шаруашылық қызметi
11-бап.
Алакөл ЕЭА-да, егер ол Қазақстан Республикасы заңдарымен тыйым салынбаса кәсiпкерлiк және шаруашылық қызметтiң кез-келген түрi жүзеге асырылады.
Алакөл ЕЭА-дағы шаруашылық қызметi халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және аймақта тұратын әлеуметтiк-экономикалық ахуалды ұстап тұратын бағытта жүзеге асырылады.
Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi, егер олар:
- аумақ пен халықтың қауiпсiздiгiне қатер төндiрсе;
- белгiленген экологиялық талаптарға сәйкес келмесе;
- халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiне қатер төндiрсе;
- тарих, мәдениет ескерткiштерi мен табиғат ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз етпесе;
- Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттарда тыйым салынса, жекелеген қызмет түрлерiн тоқтата алады.
12-бап.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, соның iшiнде Алакөл ЕЭА аумағында түпкiлiктi тұратын немесе орналасқан орындары бар, сол сияқты онан тыс жерлерде тұратын немесе орналасқан орындары бар шетелдiктер де аймақтың аумағы шегiндегi кәсiпорындарға бiрлесiп те, сондай-ақ дербес те инвестицияларды жүзеге асыра алады.
Алакөл ЕЭА аумағында, сондай-ақ одан тысқары орналасқан кез-келген заңды ұйымдар аймақта өз филиалдарын немесе жаңа, соның iшiнде бiрлескен кәсiпорындар құруға хақылы. Оларды тiркеу заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.<*>
Алакөл ЕЭА аумағында банк пен сақтандыру салаларында шетел инвестициялары мен кәсiпорындар құруға рұқсат етiледi.
Ескерту. 12-баптың екiншi бөлiгiне өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.13. N 1327 қаулысымен.
13-бап.
Қазақстан Республикасы меншiгiндегi немесе оның тiкелей басқаруындағы субъектiлерден басқа Алакөл ЕЭА аумағында орналасқан шаруашылық жүргiзушi субъектiлер олар заңда белгiленген тәртiппен тiркелгеннен кейiн ведомстволық бағыныстылықтан дербес және тәуелсiз болады.<*>
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз қызметiнiң нәтижелерiне толық жауап бередi. Қазақстан Республикасы, жергiлiктi Кеңестер шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiктi мойынына алмайды.
Ескерту. 13-баптың екiншi бөлiгiне өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.13. N 1327 қаулысымен.
14-бап.
Алакөл ЕЭА-да орналасқан кәсiпорындар жасайтын шаруашылық қатынастар шарттық негiзде құрылады. Заңда белгiленген тәртiппен тiркеуден өткен Алакөл ЕЭА-ның кәсiпорындары өндiрiстiк бағдарламаларын дербес жасауға және өндiрiлген өнiмдерiн (қызмет көрсету) таратуға хұқылы.<*>
Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.13.
N 1327 қаулысымен.
15-бап. Алакөл ЕЭА аумағындағы шетелдiк инвесторлар қызметiнiң жағдайы Қазақстан Республикасының заңды ұйымдары мен азаматтары үшiн белгiленген қызмет жағдайынан кем болмайды.
Алакөл ЕЭА аумағындағы шетелдiк заңды ұйымдардың меншiктiк хұқ кепiлдiгiн кепiлдiк қорын құру арқылы сондай-ақ солардың меншiгiндегi мүлiктi кепiлге салу жолымен әкiмшiлiк кеңес қамтамасыз етедi.
16-бап.
Қазақстан Республикасының заңдары, Алакөл ЕЭА туралы Ереже немесе құрылтай (тiркеу) құжаттарында көрсетiлген мiндеттемелер бұзылған жағдайда Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi аймақ аумағындағы заңды ұйымның қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және Әкiмшiлiк кеңестiң өкiлеттiгiне сәйкес айып санкциясын салуға хұқылы.<*>
Ескерту. 16-баптан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1995.10.13. N 1327 қаулысымен.
17-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында тiркелген заңды ұйым мен жеке адам сыртқы экономикалық қызметiн дербес жүргiзедi, отандас және шетелдiк инвесторларды меншiк түрiне қарай қатыстыру арқылы бiрлескен кәсiпорындар құру мәселесiн шешедi.
18-бап.
Алакөл ЕЭА-да iс-қимыл жасайтын шетел инвесторларына салықтарын төлегеннен кейiн олардың табыс түрiнде, сондай-ақ шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорындардың жарғы қорындағы үлестiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн сатуға, кәсiпорыннан шығаруға немесе оның жойылуына байланысты алынған сомаларды шетелге аударуға немесе тиiстi валютамен төлем жасауына кепiлдiк берiледi.
Шетелдiк инвесторлардың ЕЭА аумағындағы қызметi нәтижесiнде ұлттық валютамен алған табыстары аймақ еркiн түрде қайтадан инвестициялана және пайдаланыла алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шетелдерге аударыла алады.
19-бап.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен әкiмшiлiк кеңес арасындағы даулар Қазақстан Республикасының сот және төрелiк органдарында немесе екi жақтың келiсiмi мен аралық сотта қаралады.
20-бап.
Алакөл ЕЭА-да тiркелген отандық және шетел инвесторлары мүлiктi қоса жалдау хұқы мен мүлiктiк хұқы бар және жалдық келiсiмге қол қойған жақтардың немесе олардың заңды iзбасарларының өзара келiсiмiмен пайдалану хұқын бөлiсе алады.
Отандық және шетел инвесторларымен жердi және басқа табиғат ресурстарын, үйлердi, ғимараттарды, жабдықтарды, өнеркәсiп және басқа кәсiпорындарды пайдалану жөнiндегi жалгерлiк келiсiмдердi тек қана оны қайта қарау осы келiсiмдер қол қойған жақтардың немесе олардың заңды iзбасарларының өзара келiсiмiмен немесе тиiстi соттың шешiмiмен қайта қаралады.
21-бап.
Инвесторлар өзiнiң пайдалану хұқы мен мүлкiн заемдық валюта қаржысын тартуды қоса алғанда, "Кепiл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттемелердiң барлық түрлерiн қамтамасыз ету ретiнде пайдалануына болады.
22-бап.
Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi аймақта тiркелген және шаруашылық және басқа коммерциялық қызметтi жүзеге асыратын отандық және шетелдiк заңды ұйымдары мен жеке адамдарға мынадай салықтық және басқа жеңiлдiктер жасауға:
негiзгi өндiрiстiк қорлардың жекелеген топтары бойынша жеделдетiлген (жылына 20 процентке дейiн) амортизация нормасына рұқсат етуге;
пайдадан алынатын салыққа жеңiлдiк жасауға;
жердi және сатып алған жылжымайтын мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақының мөлшерiн азайтуға, сондай-ақ коммуналдық және көлiк қызметi үшiн ақы төлеу тарифiн енгiзуге;
жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдем беруге, жергiлiктi зерттеу мекемелерiмен ынтымақтаса отырып, бiрлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) жүргiзу;
ЕЭА-да орналасқан банктерден және басқа заңды ұйымдардан алынған заемдар мен несиелер бойынша кепiлдiктер беруге;
жаңа кәсiпорындар құрылысын тiкелей қаржыландыру үшiн облигациялар шығаруға рұқсат етуге;
инфрақұрылым объектiлерiн жеңiлдiкпен немесе тегiн пайдалануға рұқсат етуге;
құрылыс иелерiн 5 жыл мерзiмге дейiн жергiлiктi салықтың белгiлi бiр процентiнен босатуға;
табиғат ресурстарын пайдаланғандығы үшiн төлемдер бойынша жеңiлдiктер белгiлеуге хұқы бар.
23-бап.
Әкiмшiлiк кеңесi Алакөл ЕЭА аумағында тиiстi заң актiлерiмен және нормативтерiмен белгiленген барлық басқару және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер орындауға мiндеттi табиғат пайдалану, айналадағы табиғат ортаны қорғау ережелерiн, санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы ережелердi, заңдылық актiлерi мен нормативтерiне сәйкес белгiленген, зиянды заттардың, радиацияның, дiрiлдiң, шудың және тағы басқалардың шектi мөлшерде шоғырлану деңгейiн қамтамасыз етедi.
Алакөл ЕЭА аумағында өсiмдiктер мен хайуанаттар әлемiнiң ресурстарын, жер учаскелерiн, сондай-ақ табиғат ресурстарын барлау мен әзiрлеуге пайдалануға байланысты шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес белгiленген тәртiппен берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптау мен лицензиядан өткен жобалардың немесе тиiстi ресурстық негiздеулер негiзiнде жүзеге асырылады.
Лицензияда пайдалы қазбалар кенiшiн әзiрлеудiң нақты жағдайы, салық пен басқа төлемдердiң түрлерi мен мөлшерi және әзiрлеме жасаушы кәсiпорын қоса көрсетiлiп сипатталады. Жер қойнауы үшiн төлем мөлшерiн айқындаған кезде геологиялық-барлау жұмыстарына және минералды-шикiзат базасын қайта жаңғыртуға кеткен шығындарды өтеу ставкасы ескерiледi.
Әкiмшiлiк кеңесi табиғат ресурстарын пайдалануды оңайландыру, өндiрiстiк қызметтiң аймақтың экологиялық ахуалына керi әсерiн төмендету жөнiндегi шараларын қамтитын өнеркәсiптiк бағдарламаларды әзiрлеп, орындауды жүзеге асырады.
24-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында орналасқан кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге меншiк түрлерi қандай болса да Қазақстан Республикасының Мемстаткомы бекiткен мемлекеттiк статистикалық есеп беру қолданылады және ол есеп беру ақпарат жiберушiнiң қаржысы есебiнен жүзеге асырылатын мемлекеттiк ақпарат салығы болып табылады.
4-бөлiм. Алакөл ЕЭА-дағы меншiктiк қатынастар
25-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында меншiктiң барлық түрлерi танылады және қорғалады, олардың теңдiгi сақталады.
Алакөл ЕЭА аумағындағы жер сатылмайды. Шаруашылық жүргiзушi субъектiге жердi және басқа да табиғат ресурстарын пайдалану мен жалдау хұқын беру тәртiбiн қолданылып жүрген заңға сәйкес әкiмшiлiк кеңесi айқындайды.
26-бап.
Қазақстан Республикасының меншiгiндегi және тiкелей басқаруындағы Алакөл ЕЭА аумағындағы мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң (темiр жол және әуе көлiктерi, бiртұтас энергетика жүйесiндегi элементтер) жұмысын Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi басқа да республикалық меншiктiң басқа да объектiлерi, оның iшiнде мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiруге жатпайтындары сияқты тиiстi республикалық басқару органдарымен ынтымақ шарты негiзiнде үйлестiрiп отырады.
27-бап.
Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесiнiң аймақ аумағындағы республикалық меншiк объектiлерiн мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi жасаған жалпы республикалық бағдарламаға ұсыныс енгiзу хұқы бар.
Алакөл ЕЭА аумағында орналасқан мемлекеттiк меншiк объектiлерiнен мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру барысында алынған қаржы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бөлiнедi.
Қазақстан Республикасына қарасты акцияларды (жарналарды) сатудан жекешелендiру барысында алынған қаржыны тиiмдi әрi нысанаға сай пайдалану мақсатында Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi, оларды Алакөл ЕЭА-ның экономикалық және әлеуметтiк дамытудың арнайы құрылған қорына, сондай-ақ аймақтың кепiлдiк қорына iшiнара жинақтай алады.
28-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында мұнай, газ, құнды металл кен орындарын және басқа табиғат ресурстарын (арнаулы тiзбе бойынша) барлау, талдау Қазақстан Республикасының тиiстi заңына сәйкес реттелiп отырады.
Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi аймақ аумағында табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы шаруашылық қызметтi реттеу тәртiбiн бекiтедi. Әкiмшiлiк кеңесi төлем шартымен арнаулы табиғат пайдалануды ұйымдастырады.
5-бөлiм. Салық салу, валюталық және қаржы-несиелiк
тетiктер
29-бап.
Алакөл еркiн экономикалық Қазақстан Республикасының салық жүйесi қолданылады.<*>
Ескерту. 29-бап. жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-iнiң
2.08.1995 ж. N 1069 қаулысымен.
30-бап. 31-бап.<*>
Ескерту. 30-31-бап. алынып тасталған - ҚРМК-iнiң
2.08.1995 ж. N 1069 қаулысымен, 32-57-баптар тиiсiнше 30-55-баптар болып саналсын.
32-бап.
Алакөл ЕЭА-ның дербес бюджетi мен төлем балансы бар.
Алакөл ЕЭА Қазақстан Республикасының Қаржылық мiндеттемелерiне жауапты емес, сондай-ақ Республика да Алакөл ЕЭА-ның және оның аумағында тiркелген, жеке еңбек қызметiмен айналысатын заңды ұйымдар мен азаматтар мiндеттемелерiне жауапты емес.
33-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында тiркелген заңды ұйымдардың мiндеттемелерiне кепiлдiктi беру iсiн аймақтың әкiмшiлiк кеңесi, өкiлеттi банкiлер, қаржы компаниялары, заңды ұйымдардың құрылтайшылары жүзеге асырады.
34-бап.
Алакөл ЕЭА бюджетiнiң табыс әкелетiн бөлiгi Қазақстан Республикасының "Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы", "Қазақстан Республикасының салық жүйесi туралы", "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi туралы" Заңдарына сәйкес қалыптастырылады.
Алакөл ЕЭА-ның бюджетiне түсетiн қаржы мен төлемдi реттеу тетiгiн, аймақ аумағында ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз ету, несие-қаржы жүйесiн де тиiмдi бақылау мен басқару үшiн құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң бөлiмшесiмен бiрлесiп әкiмшiлiк кеңесi белгiлейдi.
Алакөл аймағының бюджетiне iшкi iстер органдары анықтаған әкiмшiлiк хұқ бұзушылық айыппұл төлеуден түскен барлық сомалар ЕЭА аумағында орналасқан және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық нығайтуға жұмсалуы мүмкiн.
35-бап.
Алакөл ЕЭА бюджетiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiмен есеп айырысуы Қазақстан Республикасының Алакөл ЕЭА-да жасаған келiсiмiне сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі банкті тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкті ашуға берген рұқсатының негізінде жүзеге асырады. <*>
Ескерту. 35-бап толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1996.02.15
N 209
қаулысымен
.
36-бап.
Алакөл ЕЭА-ын дамытуға арналған ұлттық және шетел валютасындағы қаржы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша шығарылатын аймақтық облигациялардың, несиелердiң және заңды ұйымдар мен жеке адамдардың ерiктi жарналарының, сауда-саттық, аукциондар, лотереялар өткiзудiң, шаруашылық қызметтiң ережесiн бұзғаны үшiн алынатын айыптарды (кеден айыптарынан басқа), жергiлiктi өкiмет органдарының көрсеткен қызметi үшiн төлемдердi, жалгерлiк төлемдер мен басқа да түсiмдердi аударудың есебiнен толықтырылуы мүмкiн. <*>
Ескерту. 36-бап өзгерді - ҚР Үкіметінің 1996.02.15
N 209
қаулысымен
.
37-бап.
Қазақстан Республикасы Ұлтмембанкiнiң бөлiмшесi Қазақстан Республикасының орталық банктерiмен және халықаралық қаржы ұйымдарымен экономикалық және валюталық-қаржылық операцияларда Алакөл ЕЭА-ның ресми өкiлi болып табылады.
Ұлтмембанктiң бөлiмшесi белгiленген тәртiппен Алакөл ЕЭА аумағында банктердi және басқа несие мекемелерiн, шетел банктерiнiң бөлiмшелерi мен филиалдарын, шетелдiктер қатысуындағы банктердi қоса, тiркеудi жүзеге асырады.
38-бап.
Коммерциялық банктер мен шетелдердiң қатысуы бар банктердiң қызметi Алакөл ЕЭА-ның Ұлтмембанк бөлiмшесiнде Қазақстан Республикасының "Қазақ ССР-iндегi банктер және банк қызметтерi туралы" Заңында көзделген тәртiппен лицензияланады.
39-бап.
Алакөл ЕЭА-ның iшкi нарығындағы айналымда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы жүредi.
Шетел валютасы мен шетел валютасындағы төлем құжаттарын пайдалану аймақтың әкiмшiлiк кеңесiнiң келiсiмi бойынша Алакөл ЕЭА-ның Ұлтмембанкiсiнiң бөлiмшесi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
40-бап.
Алакөл ЕЭА-ның шетел мемлекеттерiмен есеп айырысуы екi жақтың келiсiмi бойынша кез-келген валютамен жүргiзiледi.
41-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында шетел валютасының қолма-қол қолданылмай айналыста болуына жол берiледi. Қолма-қол қолданыс нысанында болмайтын шетел валютасын алу және онымен есеп айырысуды жүзеге асыру хұқы аймақтың аумағында тiркелген, қызмет iстейтiн және тұратын барлық заңды ұйымдар мен жеке адамдарға қолданылады.
42-бап.
Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi Ұлтмембанкпен келiсе отырып, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындарға, бiрлестiктер мен ұйымдарға шетелдердiң қатысуы бар кәсiпорындарға, азаматтарға Алакөл ЕЭА аумағында арнайы сауда мен қызмет көрсетудi еркiн айналыстағы валютамен жүзеге асыруына хұқы бар.
6-бөлiм. Алакөл ЕЭА-ның кеден тәртiбi
43-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында айрықша кеден тәртiбi қолданылады.
Аймақ аумағында кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесiне бағынатын кеден басқармасы құрылады.
Алакөл ЕЭА кеден басқармасының қызметi Қазақстан Республикасының "Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының оған қайшы келмейтiн заңдарымен, ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi бекiткен және Алакөл ЕЭА бюджетiнiң қаржысымен қаржыландырылатын кеден қызметi туралы Ережемен реттеледi.
44-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде орналасқан отандық және шетелдiк шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы тауарлар мен қызмет алмасу Қазақстан Республикасының заңдарында жол берiлген тауар алмасу операциялары нысанында жүзеге асырылады.
Алакөл ЕЭА-нан қосымша ұқсатусыз және өңдеусiз әкетiлген шикiзат тауарларының тiзбесi мен квотасын аймақтың әкiмшiлiк кеңесi айқындайды.
45-бап.
Алакөл ЕЭА аумағына тауарлар мен қызмет түрлерiн әкелуге тауарлар мен қызмет түрi аумақ пен халықтың қауіпсiздiгiне қатер төндiретiн, экологиялық және техникалық стандарттарға сай келмейтiн, денсаулыққа, адамгершiлiкке мәдениет пен табиғат ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жағдайлардан басқа уақытта шек қойылмайды.
46-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында өндiрiлген тауарларды шығарғанда Қазақстан Республикасының үкiметаралық келiсiмдерiмен әкетiлуi шектелген тауарлардан басқалары квоталау мен лицензиялаудан босатылады.
Тауар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қолданылып жүрген Ереженiң талаптарына сай келетiн болса, аймақта өндiрiлген болып саналады.
47-бап.
Аймақта пайдалануға арналған тауарлар мен қызмет түрлерiнiң импорты Қазақстан Республикасының арнаулы ережелерi мен үкiметаралық келiсiмдерi бойынша импорты жүзеге асырылатын тауарлардан (қызмет түрлерiнен) басқалары квота мен лицензиялаудан босатылады.
Импортқа әкелiнген тауарларды Қазақстан Республикасының басқа аймақтарына және басқа мемлекеттердiң аумағына қайта экспортқа шығару жалпы негiзде жүзеге асырылады.
Алакөл ЕЭА аумағында темiр жол, әуе көлiгi арқылы жүзеге асырылатын өткiншi жүктер мен жолаушыларды тасымалдау, сондай-ақ байланыс қызметi мен электр қуатын тұтыну ақысын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен тариф бойынша төленедi, әрi Алакөл ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi белгiлеген салық пен кедендiк баж салығы алынбайды.
Алакөл ЕЭА аумағы арқылы Қазақстан Республикасының басқа аймақтарына тауарларды экспортқа және импортқа шығару кедендiк баж салығынсыз жүзеге асырылады.
7-бөлiм. Алакөл ЕЭА-дағы еңбек қатынасы
48-бап.
Алакөл ЕЭА-да Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарының Қазақстан Республикасының "Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңына қайшы келмейтiн ережелерi қолданылады.
49-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында тiркелген және өзiнiң қызметiн аймақтың әкiмшiлiк кеңесi белгiлеген басымдық тәртiбiмен жүзеге асыратын заңды ұйымдар мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер аймақтың кәсiпорындарындағы жұмысқа жергiлiктi еңбек ресурстарын тартады және оларды оқыту мен қайта мамандандыруға қатысады.
"Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңның 13-бабының 1,5 тармағына сәйкес жұмысшылар, инженерлер және жетекшi басшы кадрларды оқыту мен қайта мамандандыруға жұмсалатын пайданың бiр бөлiгi әкiмшiлiк кеңесiнiң шешiмi бойынша салықтан босатылады.
50-бап.
Жалдау және босату, еңбек ету және демалу тәртiбi, әлеуметтiк кепiлдiктер мен өтемдер мәселелерiн қоса Алакөл ЕЭА кәсiпорындарындағы ұжымдық шарттармен (келiсiмдермен) және еңбек жеке еңбек шарттарымен (контракттармен) реттеледi.
Ұжымдық және жеке еңбек шарттарының қағидалары Алакөл ЕЭА аумағында тiркелген және жұмыс iстеп жатқан кәсiпорындар мен ұйымдар еңбеккерлерiнiң жағдайын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген шарттармен салыстырғанда нашарлатып жiбермеуге тиiс.
Еңбекақы төлеудiң шарттары мен мөлшерiн, сондай-ақ қызметкерлер табысының басқа да түрлерiн өз қызметiн шаруашылық есеп негiзiнде жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар өздерiнiң қаржысы есебiнен дербес белгiлейдi; бюджеттiк ұйымдар мен мекемелерде Алакөл ЕЭА-ның бюджетi және жергiлiктi бюджет қаржыларының есебiнен белгiленедi.
Кәсiпорындағы шетел қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, демалыстар беру, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерi жеке контрактiлермен анықталады. Бұл қызметкерлердiң шетел валютасымен алынған табыстары ешқандай бөгеусiз шет елге аударыла бередi.
51-бап.
Алакөл ЕЭА аумағында тiркелген және қызмет iстейтiн заңды ұйымдардың өздерi құрайтын валюта қорының есебiнен жұмысшылар мен мамандарға жалақыны оларға шетел валютасымен төлеуге хұқысы бар, бұл аймақтың арнайы дүкендерiнде пайдалану үшiн арнаулы чектер, несие парақшалары немесе басқа төлем қаражаты ретiнде төленедi, сондай-ақ шетелдерге сапарға шыққан кезiнде осы шарттардың иелерiнiң қолдарына берiледi.
52-бап.
Алакөл ЕЭА-да ең төменгi жалақы, жергiлiктi зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтiк қамсыздандыру басқа да нысандары белгiленедi, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендегiден төмен болмауға тиiс.
Қосымша төлемдердiң мөлшерiн әкiмшiлiк кеңесi белгiлейдi және ол аймақтың бюджетiндегi қаржыдан төленедi.
53-бап.
Қысқартуға немесе кәсiпорынның таратылуына (қайтадан құрылуына) байланысты жұмыстан шығарылған жағдайда Алакөл ЕЭА жұмысшылары мен қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен төмен емес мөлшерде жұмыссыздығы жөнiнде жәрдемақы төленедi.
Жұмыссыздығы жөнiнде жәрдемақы тағайындау шарттары мен төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк кеңесi айқындайды.
8-бөлiм. Алакөл ЕЭА-на (нан) келу және кету тәртiбi
54-бап.
Алакөл ЕЭА-на шетел азаматтарының келiп-кетуi мен болуының оңайлатылған тәртiбi қолданылады.
55-бап.
Алакөл ЕЭА-да тiркелген заңды ұйымдардың қызмет бабымен ешқандай шектеусiз шетел азаматтарын шақыру және өз қызметкерлерiн шетелдерге iссапарына жiберу жөнiнде өздiгiнен шешiмдер қабылдауға хұқы бар.
Алакөл ЕЭА-да тiркелген заңды ұйымдар өкiлдерiнiң және оның аумағында тұратын азаматтардың аймақтың аумағында еркiн келу (кету) хұқы бар.
56-бап.
Хұқ қорғау органдарының Алакөл ЕЭА аумағындағы қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.