Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 15 ақпан N 209

      "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2445  қаулысын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 

      1. "Қазақстан Республикасындағы еркiн экономикалық аймақтардың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 сәуiрдегi N 320 қаулысының "Қазақстан Республикасындағы еркiн экономикалық аймақтар туралы негiзгi ережелер" туралы қосымшаның 46-бабы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 15, 245-бап) мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "46-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi банктi тiркеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктi ашуға берген рұқсатының негiзiнде жүзеге асырады". 

      2. "Жезқазған облысындағы Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағын дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 қыркүйектегi N 734  қаулысымен  бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 35, 529-бап) Жезқазған облысындағы Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағы туралы ережеде: 
      45-бап мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "45-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Банктi тiркеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктi ашуға берген рұқсатының негiзiнде жүзеге асырады". 
      46-баптағы "Қазақ ССР-iнде" сөздерi "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      3. "Талдықорған облысындағы Алакөл еркiн экономикалық аймағын дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қыркүйектегi N 740   қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 35, 533-бап) Алакөл еркiн экономикалық аймағы туралы ережеде: 
      35-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi банктi тiркеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктi ашуға берген рұқсатының негiзiнде жүзеге асырады"; 
      36-баптағы "Қазақ ССР-iнде" сөздер "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      4. "Талдықорған облысындағы Жаркент еркiн экономикалық аймағын дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қыркүйектегi N 741 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 35, 534-бап) Жаркент еркiн экономикалық аймағы туралы ережеде: 
      43-бап мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "43-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi банктi тiркеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктi ашуға берген рұқсатының негiзiнде жүзеге асырады"; 
      44-баптағы "Қазақ ССР-iнде" сөздерi "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      5. "Маңғыстау еркiн экономикалық аймағын дамыту үшiн басым маңызы бар бiрiншi кезектегi мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 904  қаулысымен  бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 41, 612-бап) Маңғыстау еркiн экономикалық аймағы туралы ережеде: 
      43-бап мынадай редакцияда баяндалсын:
      "43-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi банктi тiркеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктi тiркеудi ашуға берген рұқсатының негiзiнде жүзеге асырады";
      44-баптағы "Қазақ ССР-iнде" сөздерi "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады