Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 18 қаңтардағы "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" N 1887-XII және "Өлшем бiрлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" N 1895-XII қаулыларын орындай отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың мемлекеттiк жүйесiн дамыту бағдарламасы (N 1 қосымша);
Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiн дамыту бағдарламасы (N 2 қосымша);
Қазақстан Республикасындағы өлшем бiрлiгiнiң мемлекеттiк жүйесiн дамыту бағдарламасы (N 3 қосымша) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жыл сайын республика мемлекеттiк бюджетiнiң жобасында аталған бағдарламаларды жүзеге асыруды қаржыландыруды қарастыратын болсын.
3. Бағдарламалардың мiндеттерiн орындауға қатысатын министрлiктер, ведомстволар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқармасына жыл қорытындысы бойынша олардың орындалуы туралы есеп жiберiп отырсын.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқармасы бағдарламалар бойынша жұмыстарды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн және жыл сайын 1 тоқсанда олардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне берiп тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 10 маусымдағы
N 494 қаулысына
N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
стандарттау жүйесiн дамыту
Бағдарламасы
(Кесте)