И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскерлiк командалық училищесi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 маусым 1993 ж. N 559

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне арналған әртүрлi мамандықтар бойынша офицер кадрларын даярлаудың өскелең қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскерлiк командалық училищесiне жаңа мамандықтағы офицер кадрларын - танкистер, артиллеристер мен автомобилистер даярлауға құқық беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскерлiк командалық училищесiнiң штаттық кестесiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн;
      аталған мамандықтар бойынша курсанттардың қажеттi санын белгiлесiн;
      жаңадан енгiзiлетiн мамандықтар бойынша офицер кадрларын

даярлау үшiн қажеттi оқу, материалдық және техникалық база жасайтын 
болсын;
     жаңадан енгiзiлетiн мамандықтар бойынша офицер кадрларын
даярлауды 1993 жылдың қыркүйегiнен бастасын.
     3. 1993 жылы училищенi қайта құру жөнiндегi шығыс 
республиканың Қарулы Күштерiн ұстауға көзделген қаражат шегiнде 
жүргiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi училищенi қайта
құру жұмысын жалғастыру үшiн 1994 жылға қосымша қаржы қаражатын 
қарастырсын.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады