Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық қызметкерлерiн өкiлдiк киiм-кешекпен жабдықтау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 21 шiлде 1993 ж. N 634. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының дипломатиялық шенi бар қызметкерлерiне өкiлдiк киiм-кешегiнiң құнына 3,44 лауазымдық жалақы мөлшерiнде жыл сайын ақшалай өтем жасалсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша Сыртқы iстер министрлiгi қызметкерлерiн өкiлдiк киiм-кешекпен жабдықтау туралы Ереженi бекiтсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсатқа жыл сайын республикалық бюджеттен сом есебiмен және шетел валютасында қажеттi қаржы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн. 

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады