1. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мен Жамбыл облысы әкiмiнiң Жамбыл қаласында сан алуан қызмет атқаратын коммерциялық орталық (орталықтар) салу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Жамбыл облысының әкiмi аталған объектiге жер учаскесi бөлiнуiн және оны салу мен пайдалануға беру үшiн ұйымдастыру шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.
3. Құрылысты жобалауды, ұйымдастыруды және қаржыландыруды өзiн өзi өтеу принципiмен "Лакмэн Марукки Интернэшнл Корпорейшн" (АҚШ) халықаралық корпорациясының қамтамасыз ететiнi еске алынсын.
4. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi объектi құрылысын қамтамасыз етуге қажеттi тиiстi рұқсаттар мен техникалық құжаттаманы алуда Жамбыл облысының әкiмiне жәрдемдесетiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi объектi
құрылысына қажеттi қаржы операцияларын жүргiзуде Жамбыл облысының әкiмiне жәрдемдессiн. 6. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары Жамбыл қаласында көп салалы коммерциялық орталықты салу мен пайдалануға беру жөнiнде Жамбыл облысының әкiмiне жәрдем көрсетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi