"Алматымемкөлiкжоба" жобалау-iздестiру институтының бағыныстылығы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 12 қараша 1993 ж. N 1119

      Республикада көлiк саласындағы жобалау-iздестiру жұмысын басқаруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң "Алматымемкөлiкжоба" жобалау-iздестiру институтын "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы болып қайта құрылған Қазақстан Республикасы Көлiк құрылысы министрлiгiнiң қарауынан Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң қарауына беру туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен "Алматымемкөлiкжоба" жобалау-iздестiру институтын Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң қарауына беретiн болсын.
      3. "Алматымемкөлiкжоба" институты "Қазмемкөлiкжоба" республикалық бас техникалық-экономикалық зерттеулер және темiр жол көлiгi объектiлерiн жобалау институты болып қайта құрылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады