ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАСТАР IСI, ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛIГI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 10 қаңтар N 49. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiн құру туралы" 1993 жылғы 17 желтоқсандағы N 1460 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының ЖАстар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн жылдық еңбекақы қорының мөлшерi 582,8 мың теңге болатын шектi санының көлемi 117 штат бiрлiгi, сондай-ақ 9 жеңiл қызмет автомобилiн ұстауға арналған лимит белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне Министрдiң 6 орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары және 13 адамнан тұратын алқасы болуына рұқсат етiлсiн, оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрiне белгiленген адам саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратының штатын бекiту құқығы берiлсiн.
      Ескерту. 4-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1995.02.06. N 115 қаулысымен.
      (5 тармақ).
      Ескерту. 5-шi тармақ алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1995.10.13.
               N 1327 қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi жыл сайын күрделi қаржы лимитi бөлiнуiн көздейтiн болсын және Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерi үшiн тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысуын қаржыландыратын көздердi анықтасын.
      7. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi туралы Ережеге сәйкес облыстық, қалалық және аудандық жастар iсi, туризм және спорт басқармаларын құру тапсырылсын.
      8. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР Жастар iсi

 

жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi" туралы 1991 жылғы

10 қазандағы N 597 қаулысы;

     Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР Туризм, дене

шынықтыру және спорт министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы"

1991 жылғы 29 қарашадағы N 750 қаулысы.

     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан

Республикасының Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы

Ереженi бекiту туралы" 1991 жылғы 30 желтоқсандағы N 816 қаулысы

(Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 27, 195-бап).

            Қазақстан Республикасының

              Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                      1993 жылғы 10 қаңтардағы

                                          N 49 қаулысымен

                                           Бекiтiлген


            Қазақстан Республикасының Жастар iсi,

            туризм және спорт министрлiгi туралы

                             Ереже


                   I. Жалпы ережелер


 
       1. Қазақстан Республикасының ЖАстар iсi, туризм және спорт министрлiгi (бұдан былай - Министрлiк делiнедi) жастар туралы заңдарды жүзеге асыру, туризмдi, дене мәдениетi мен спортты дамыту жөнiнде бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      2. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерi мен осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Министрлiк жастар саясаты, туризм, дене мәдениетi мен спорт саласында жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi тиiстi жергiлiктi басқармалар, өздерiнiң жастар, туристiк және спорт ұйымдары арқылы, оның iшiнде шет елдердегi өкiлдiктерi арқылы, сондай-ақ ведомстволық бағынысына қарамастан жастар iсiмен, туристiк және спорт қызметiмен шұғылданатын ұйымдар, мекемелер, кәсiпорындар, ерiктi және акционерлiк қоғамдар, қауымдастықтар, қоғамдық ұйымдар, кооперативтер мен басқа да заңды және жеке тұлғалар арқылы басшылықты жүзеге асырады.
      4. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның есеп айырысу және валюта шоттары, оқшау мүлiгi және Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген әрi қазақ-орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады.
      5. Министрлiктiң жастар саясаты мәселелерiмен, спорт және туристiк қызметпен шұғылданатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ спортшылар мен туристердiң шетелдерге шығуына арналған құжаттарды тiркеу үшiн арнаулы нөмiрлiк мөрлерi болады.
 
                    II. Қазақстан Республикасы Жастар iсi,
                 туризм және спорт министрлiгiнiң мiндеттерi
                              мен функциялары
 
      6. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
      "Қазақ ССР-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақ ССР заңын жүзеге асыру, туризмдi, дене мәдениетi мен спортты дамыту жөнiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      туризм, дене мәдениетi мен спорттың материалдық-техникалық базасын жасау және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
      жастардың әлеуметтiк қорғалуын және оларға қолдау көрсетiлуiн, жас адамдардың жұмыспен қамтылуын, кәсiптiк әзiрлiгiн реттеудi қамтамасыз ететiн әлеуметтiк-экономикалық, саяси, соның iшiнде құқықтың, әрi ұйымдық шаралар кешенiн, нақтылы республикалық бағдарламаларды әзiрлеп, iске асыру;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес халықаралық, аймақаралық, iшкi жастар, туристiк және спорттық байланыстарды, сыртқы экономикалық, коммерциялық қызметтi және жастардың кәсiпкерлiгiн жүзеге асыру;
      халықаралық және iшкi туризм, дене мәдениетi және спорт саласында патент-лицензиялық қатынастарды мемлекеттiк реттеу;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып, республикаға келетiн туристер легiн реттеудi, туристер мен спортшыларға, ресми делегацияларға сапарға шығу құжаттарын ресiмдеудi жүзеге асыру;
      халықаралық, аймақаралық жастар, туристiк және спорт ұйымдарында республиканың мүддесiн бiлдiру;
      республиканың жоғары заң шығарушы және атқарушы органдарында жастардың, туризм мен спорт салаларының мүддесiн бiлдiру;
      саланың ақпараттық-жарнамалық және баспагерлiк iсiн ұйымдастыру;
      республикада және шет елдерде жастар, туристiк және спорт ұйымдары үшiн мамандар даярлауды, олардың iскерлiк бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырып, реттеп отыру, сондай-ақ мамандарды ұтымды пайдалану, жастар туристiк және спорт қозғалысын насихаттау;
      жастар проблемасы аясында, туризм, дене мәдениетi мен спорт саласында мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;
      мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру, туризмдi, дене мәдениетi мен спортты дамыту мәселелерi бойынша республикалық министрлiктердiң, ведомстволардың, қоғамдық ұйымдардың қызметiн үйлестiру, сондай-ақ саланың өзектi проблемаларын iс жүзiнде шешуге қатысты мәселелер бойынша облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен күш бiрiктiру болып табылады.
      7. Министрлiкке жүктелген мiндеттерге сәйкес ол мынадай функцияларды орындайды:
      мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асырудың, туризм, дене мәдениетi және спорт салаларын дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды, жастар проблемалары, туризмдi, дене мәдениетi мен спортты дамыту жөнiнен перспективалық, ағымдағы, нысаналы бағдарламаларды әзiрлеп, iске асырады;
      өз саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды және әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларын қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн әзiрлеуге қатысады;
      ведомстволық бағыныстылығына қарамастан республиканың әртүрлi ұйымдарының, бiрлестiктерiнiң, мекемелерi мен кәсiпорындарының, соның iшiнде акционерлiк, кооперативтiк, жеке ұйымдардың жастар проблемасын шешу, халықаралық және iшкi туризмдi, дене мәдениетi мен спортты дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту және ұтымды, тиiмдi пайдалану, ақпараттық-жарнама iсiн дамыту, ғылыми-зерттеулердi ұйымдастыру және өз қызметiнiң басқа бағыттары аясындағы қызметiн үйлестiредi;
      саланы дамыту, жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды кеңейту және қайта жаңарту, оларды техникалық қайта жарақтандыру, жаңа кәсiпорындар құру, оның iшiнде саланың қажеттiгiне сәйкес жастарға арналған, туристiк, спорт, есбелгiлiк және басқа өнiм өндiретiн кәсiпорындар үшiн инвестициялар тарту жөнiнде бiрыңғай стратегия қалыптастырып, жүзеге асырады; өзiнiң шағын бiрлескен және басқа коммерциялық кәсiпорындарының желiсiн құрады, олардың жарғысын бекiтедi, өзiнiң фирмалық тауарлық белгiсi болады;
      қарамағындағы ұйымдар мен кәсiпорындарды қайта құру және тарату құқығы болады;
      қарамағындағы және өзге ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша қаржылық және мүлiктiк жауап бермейдi, бұл ұйымдар да өз тарапынан министрлiктiң сондай мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi;
      саланың тиiмдi экономикалық қызметiнiң мүддесi үшiн белгiленген тәртiппен акционерлiк, коммерциялық банктер, жастардың кәсiпкерлiгiн қолдау, туризмдi, дене мәдениетi мен спортты дамыту қорларын, оның iшiнде валюталық қорлар құрады;
      саланың патент-лицензия саясатын жүзеге асырады, туристiк кәсiпорындарды, жастар мен спорт ұйымдарын жарақтандырудың нормативтерiн, туристерге қызмет көрсету стандарттарын әзiрлеп, енгiзедi, жастар, туристiк және спорт ұйымдары мен кәсiпорындарына, акционерлiк және ерiктi қоғамдарға, одақтарға, кооперативтерге және меншiк нысанына қарамастан жеке тұлғаларды қоса басқа да заңды ұйымдарға лицензиялау жүргiзедi, белгiленген талаптардың, стандарттар мен нормативтердiң орындалуына бақылау ұйымдастырады, қолданылып жүрген заңдарды бұзған жағдайда лицензиялардың иелерiн жастармен жұмыс iстеу, туристер қабылдау, туристiк және спорт қызметiн жүргiзу құқығынан айырады;
      республиканың қолданылып жүрген заңдарының және нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде шет елге шығатын жастардың, туристердiң және спортшылардың ресми делегацияларының және топтардың, жеке адамдардың құжаттарын ресiмдеудi ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiп республикасының туристерi мен спортшыларына, министрлiктiң ресми жастар делегацияларына шет ел паспорттары мен рұқсаттамаларын ресiмдеудi өздiгiнен жүзеге асырады;
      туристiк және экскурсиялық бағдарламалар мен маршруттар әзiрлеп бекiтедi;
      елiмiзде және шет елдерде қызметi министрлiктiң мiндеттерiне сәйкес келетiн өзiнiң жастар, спорт және туристiк өкiлдiктерiн, бөлiмшелерi мен филиалдарын белгiленген тәртiппен құратын болады;
      жастар саясаты туризм, дене мәдениетi және спорт мәселелерi бойынша республика заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрленуiн жүзеге асырады, халықаралық және аймақаралық салалық шарттардың, үкiметаралық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
      жастар, туристiк және спорт ұйымдары мен кәсiпорындарына заң жөнiнен консультациялық көмек көрсетедi;
      кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың, олардың қызметiн әдiстемелiк қамтамасыз етудiң бағдарламаларын бекiтiп, үйлестiрiп отырады, жастармен жұмыс, туризм, дене мәдениетi және спорт жөнiнен симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, оқыту мен тәжiрибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастырады;
      саланың ұйымдарының, бiрлестiктерi мен кәсiпорындарының республиканың iшiнде және шетелде ақпараттық-жарнама жұмысын жүргiзудегi қимылының бiрлiгiн қамтамасыз етедi, жарнамалық кино, бейнефильмдер, мерзiмдi басылымдар шығарылып, таратылуын ұйымдастырады, жарнамалық мақсат үшiн баспасөздi, радио мен теледидарды пайдаланады, халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысады және өткiзедi;
      баспагерлiк қызмет жүргiзедi;
      жастар, туристiк, спорттық-сандық, сәттiк лотереялар және компьютерлiк ойындар, тотализаторлар және пайда табудың басқа да экономикалық нысандарын өткiзедi, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен оларды өткiзудiң шарттарын бекiтедi;
      жастар, туристiк және спорт ұйымдарына ұйымдық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады, қажет болған жағдайда шарттық негiзде белгiлi бiр өкiлеттiктерiн федерацияларға, қауымдастықтарға, одақтарға және т.б. табыстайды;
      әр түрлi ведомстволар, қоғамдық ұйымдар ұйымдастыратын жастар, туристiк және спорт шараларының жоспарларын үйлестiредi, шаралар мен жарыстардың бiрыңғай күнтiзбелiк жоспарларын бекiтедi, олардың өткiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
      мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып жастар, туристiк және спорт шараларына қатысушыларға жұмсалатын шығыстар мен материалдық қамтамасыз ету нормаларын бекiтедi;
      халықаралық, аймақаралық және республикалық жастар шараларын, туристiк және спорт жарыстар мен жиындарын өткiзедi, оларды өткiзуге қаражат кооперациялауды жүзеге асырады;
      спорт жарыстар мен жиындарын өткiзу ережесiн, спорт түрлерiнiң спорттық сыныптамасын, оларды өткiзу жөнiндегi жұмысты реттейтiн бағдарламалық-әдiстемелiк және басқа нормативтiк құжаттарды бекiтедi;
      Қазақстан Республикасының құрама командаларының дайындығын жүзеге асырады және республика спортшыларының ТМД елдерi, Европа, Әлем чемпионаттарына, Олимпиада және азия ойындарына, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп, спорт резервiн әзiрлеу жөнiнде жұмыс жүргізедi, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан спорт клубтары мен мектептерi, ведомствоаралық және салалық олимпиадалық даярлық орталықтары желiсiнiң дамытылуын, сондай-ақ олардағы оқу-жаттығу процесiнiң және қоздырғыға бақылаудың ұйымдастырылуын үйлестiредi;
      спорт түрлерi бойынша республикалық рекордтарды бекiтедi, республика спортшылары орындаған әлемдiк, европалық және азиялық рекордтарды бекiту үшiн белгiленген тәртiппен халықаралық спорт ұйымдарына, спорт түрлерi жөнiндегi федерацияларға тиiстi құжаттамаларды тапсырады;
      белгiленген тәртiппен атақтар беру, жастар, туристiк және спорт ұйымдары қызметкерлерiнiң республикалық шараларының жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн медальдармен, белгiлермен, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен наградтау мәселелерiн шешедi;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сала қызметкерлерiнiң мүддесiн бiлдiредi.
 
                    III. Қазақстан Республикасы Жастар iсi,
                       туризм және спорт министрлiгiнiң
                             жұмысын ұйымдастыру
 
      8. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалатын Министр басшылық етедi.
      9. Министрдiң орынбасарларын Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi Министрдiң ұсынуы бойынша қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
      10. Министрлiкте құрамына Министр (алқа төрағасы), Министрдiң орынбасарлары, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (басқармаларының) басшылары кiретiн алқа құрылады. Алқаның құрамына Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының, қоғамдық ұйымдардың басшы қызметкерлерiнiң кiргiзiлуi мүмкiн.
      Министрлiктiң алқасы тұрақты өткiзiлiп тұратын мәжiлiстерiнде, мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру, туризм, дене мәдениетi мен спорттың жағдайы мен даму мәселелерiн қарайды, ведомстволық қарастылығына қарамастан саланың барлық ұйымдарының, бiрлестiктерiнiң, мекемелерi мен кәсiпорындарының қызметiн үйлестiрiп отырады, қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
      11. Министр:
      Министрлiк пен алқаның қызметiне басшылық етедi;
      Министрлiкке жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуына жеке-дара жауап бередi;
      Министрлiктiң жұмысындағы алқалылықты қамтамасыз етедi;
      белгiленген адам саны мен еңбекақы қорының шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратының, штат санын, қызметкерлердiң сондай-ақ қарамағындағы ұйымдардың басшыларының лауазымдық жалақыларын, сыйақыларды және жалақыларына қосылатын үстемелердi бекiтедi;
      Министрдiң орынбасарлары арасында мiндеттер бөледi және олардың қызметiн үйлестiредi;
      Министрдiң орынбасарларының және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының оның қызметiнiң жекелеген салаларына басшылығы үшiн, сондай-ақ оған қарасты ұйымдардағы, бiрлестiктердегi, мекемелер мен кәсiпорындардағы жұмысы үшiн жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi;
      Министрлiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, оған қарасты ұйымдардың, мекемелердiң, бiрлестiктер мен кәсiпорындардың басшыларын тағайындап, қызметтен босатады, соның iшiнде контрактылық негiзде тағайындап, босатады;
      Министрдiң орынбасарларын, министрлiктiң орталық аппаратының басқа да лауазымды адамдарын, Министрлiктiң қарамағындағы ұйымдардың, бiрлестiктердiң, мекемелер мен кәсiпорындардың басшыларын көтермелейдi және оларға тәртiптiк жазалар қолданады.
      Ескерту. 11-тармақтың бесiншi абзацынан сөз алынып
               тасталған - ҚРМК-нiң 1995.02.06. N 115 қаулысымен.
      12. Министрлiктiң шешiмдерi Министрдiң бұйрықтары түрiнде, Министрлiк алқасының шешiмдерi - қаулылар түрiнде ресiмделедi және оларға Министр қол қояды, ол жоқ кезде Министрдiң бiрiншi орынбасары немесе оның орнында қалған адам қол қояды.
      Өз құзырының шеңберiнде Министрлiк қабылдаған шешiмдердi ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық жастар, туристiк және спорт ұйымдары, бiрлестiктерi, мекемелерi мен кәсiпорындары сондай-ақ мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру, туризмдi, дене мәдениетi мен спортты дамыту мәселелерi жөнiнен республиканың басқа да министрлiктерi мен ведомстволары орындауға мiндеттi.
      13. Қажет болған жағдайда Министрлiк басқа министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп немесе келiсiп қаулылар, бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады.
      14. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының жастар iсi, туризм және спорт басқармаларының басшылары лауазымдарға Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң келiсiмiмен тағайындалады.
      15. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады