Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Экономикалық ынтымақтастық Ұйымы хатшылығының көлiк жөнiндегi техникалық комитетi директоры лауазымындағы Қазақстан Республикасы өкiлiнiң айлық жалақысы Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшiлiгi экономикалық Кеңесшiсiнiң жалақысы деңгейiнде 1530 АҚШ доллары көлемiнде белгiленсiн.
2. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Көлiк және коммуникациялар комитетiнiң директорын 1994 жылы ұстауға жұмсалатын 30 мың АҚШ доллары және 10 мың теңге сомасында шығыс сметасы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған қаражатты 1994 жылғы республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының шетелдердегi өкiлдiктерiн ұстауға көздеген қаражат шегiнде Республика Сыртқы iстер министрлiгiне бөлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi