"Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктiк қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 10 маусымдағы N 1727 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi тапсырмалар мен шаралардың Жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Министрлiктер мен ведомстволардың басшылары, жергiлiктi әкiмдер қажеттi шешiмдердiң, нормативтiк актiлердiң жобаларын дер кезiнде әзiрлесiн және Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi тапсырмалар мен шаралар Жоспарында белгiленген шаралардың орындалуын қамтамасыз ететiн болсын.
3. Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiндегi Мемлекеттiк комиссияға қажет болған жағдайда қажеттi шешiмдердiң жобаларын әзiрлеу және Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi тапсырмалар мен шараларда көзделген құжаттарды бiржолата қалыптастыру жөнiнде жұмыс топтарын құру ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасын және оны жүзеге асыру жөнiндегi тапсырмалар мен шаралар Жоспарын орындауды үйлестiру мен оларға бақылау жасау кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi Мемлекеттiк комиссияға жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 17 маусымдағы
N 912 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi қолдау мен
дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған Мемлекеттiк
бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi тапсырмалар
мен шаралардың
Жоспары
-------------------------------------------------------------------
N ретi! ! ! !
-------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5
-------------------------------------------------------------------
1. N ретi
2. Тапсырмалар мен шаралардың атауы
3. Аяқтау түрi
4. Орындауға жауапты министрлiктер, ведомстволар, бақылауға
жауапты МК IБ бөлiмдерi
5. Орындау мерзiмi
1-бөлiм. Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
заңдық-нормативтiк базасы
1. 2. Қазiргi шаруашылық заңдарын сараптан өткiзу, жеке меншiк
пен кәсiпкерлiк қызметiнiң еркiндiгiне қол сұқпауды және
оны қорғауды қамтамасыз ететiн қазiргi нормативтiк актiлерге
өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар түсiру
3. Нормативтiк актiлердi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар
4. Экономминi, Әдiлетминi, Қаржыминi, Баға және монополияға
қарсы саясат жөнiндегi комитет, Кәсiпкерлер конгресi,
Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қыркүйек
2. 2. "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер енгiзу
туралы" (жерге жеке меншiк туралы) Қазақстан Республикасы
Заңының жобасына ұсыныстар әзiрлеу
3. Ұсыныстар
4. Әдiлетминi, Экономминi, Қаржыминi, Ауылшарминi, Мемжерком,
Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қазан
3. 2. Қазақстан Республикасы Салық Кодексiнiң жобасына ұсыныстар
әзiрлеу
3. Ұсыныстар
4. Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi, Қаржы,
еңбек және әлеуметтiк қорғау бөлiмi
5. 1994 ж. қыркүйек
4. 2. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң жобасына
ұсыныстар әзiрлеу
3. Ұсыныстар
4. Кәсiпкерлер конгресi, Заң бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi,
Құқық қорғау органдарының бөлiмi
5. 1994 ж. қазан
5. 2. Лизингтiк компаниялар жүйесiн жасау мақсатында "Лизингтiк
қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жасау
3. Заң жобасы
4. Меммүлiккомы, Экономминi, Әдiлетминi, Жиынтық экономика
бөлiмi
5. 1994 ж. қараша
6. 2. Жеке кәсiпкерлiктi қорғау мен қолдауды қамтамасыз ететiн
халықаралық шарттар мен конвенцияларға Қазақстан
Республикасының қосылуын iске асыру
3. Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары
4. Сыртқыiсминi, Экономминi, Әдiлетминi, Қаржыминi, Баға және
Монополияға қарсы комитет, Өнеркәсiпсаудаминi, Кәсiпкерлер
конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994-1996 жылдар
--------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5
--------------------------------------------------------------------
2-бөлiм. Кәсiпкерлiктi қаржы және
өндiрiстiк-технологиялық жағынан қамтамасыз ету
7. 2. 1994-1996 жылдар бойы жеке кәсiпкерлiктi дамытуға жыл
сайын орталықтандырылған мемлекеттiк және шетелдiк кредит
ресурстарын бөлiм отыруды көздеу
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
4. Экономминi, Қаржыминi, Ұлттық Банк, Кәсiпкерлер конгресi,
Қаржы, еңбек және әлеуметтiк қорғау бөлiмi, Жиынтық
экономика бөлiмi
5. 1994-1996 жылдар
8. 2. Шетелдiк мамандарды тарта отырып, Бағдарламаның басым
бағыттары бойынша жобаларды конкурстық таңдау мен сараптан
өткiзудi ескеретiн инвестициялық жобаларды сұрыптау
тәртiбiне өзгерiстер енгiзу
3. Ереже
4. Экономминi, Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. тамыз
9. 2. Шағын бизнестi дамытудың технологиялық және салалық
жобалары бойынша бизнес-жоспарлардың қоржынын құрау
3. Бағдарлама
4. Экономминi, Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994-1996 жылдар
10. 2. Iрi өндiрiстiк және шағын кәсiпорындар арасында контракт
кооперациясы жүйесiн ұйымдастыру
3. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
4. Экономминi, Өнеркәсiпсаудаминi, Бизнестi дамытудың ұлттық
орталығы, Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қазан
11. 2. Орта және ұзақ мерзiмге арналған қаржыландырудың қарымды
көздерiнiң бәрiн ескере отырып, жеке кәсiпкерлiктi дамытуға
қажеттi күрделi қаржының көлемiн анықтау
3. Үкiметке баяндау
4. Экономминi, Қаржыминi, Өнеркәсiпсаудаминi, Жиынтық экономика
бөлiмi
5. 1994-1996 жылдар
12. 2. Экономиканы жаңғырту қорының қаражатын ғылымды көп керек
ететiн өндiрiске пайдалануды көздеу
3. Қазiргi заңдарға түзетулер енгiзу
4. Экономминi, Қаржыминi, Өнеркәсiпсаудаминi, Жиынтық
экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қазан
13. 2. Шетелдiк жеке инвестицияларды тарту үшiн кепiлдiктер мен
сақтандыру жүйесiн жасау;
қазiргi заңдарға өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар
әзiрлеу;
3. Заңдар жобалары
4. Экономминi, Әдiлетминi, Қаржыминi, Өнеркәсiпсаудаминi,
Сыртқыiсминi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қазан
2. жеке инвестицияларды өзара сақтандыру туралы үкiметаралық
шарттарға ұсыныстар әзiрлеу
3. Ұсыныстар
4. Кәсiпкерлер конгресi, Сыртқыiсминi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қазан
14. 2. Жеке кәсiпкерлiк үшiн кепiлдi қарыз беру жүйесiн жасау
жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу
Ұсыныстар
4. Экономминi, Қаржыминi, Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық
экономика бөлiмi
5. 1994 ж. тамыз
15. 2. Оларды конкурстық негiзде мүлiктiк жалдауына шаруашылық
жүргiзушi субъектiлерге беруi үшiн шағын бизнестiң
республикалық және облыстық орталықтарына бос тұрған
өндiрiстiк үйлердiң, жер учаскелерiнiң, пайдаланылмайтын
құрал-жабдықтардың, сондай-ақ шығыны көп және
рентабельдiлiгi төмен кәсiпорындар үйлерiнiң кемiнде 10
процентiн беру
3. Президент Жарлығының жобасы, Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң қаулылары
4. Меммүлiккомы, Әдiлетминi, Экономминi, Өнеркәсiпсаудаминi,
Мемжерком, Бизнестi дамытудың ұлттық орталығы, Кәсiпкерлер
конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қыркүйек
16. 2. Мемлекеттiк сатып алу шеңберiндегi шаруа қожалықтарына
арналған шағын механизация құралдарын қосқанда, қорғаныс
өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарында шағын және орташа бизнес
үшiн жабдықтар шығаруды ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар
әзiрлеу
3. Республикалық конверсиялау бағдарламасына ұсыныстар
4. Экономминi, Өнеркәсiпсаудаминi, Ғылымминi, Ауылшарминi,
Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. тамыз
17. 2. Лицензиялар мен "ноу-хау" сату жүйесiн ұйымдастыру
3. Ұсыныстар
4. Ұлттық патент ведомствосы, Ғылымминi, Жиынтық экономика
бөлiмi, Ғылыми-техникалық прогресс бөлiмi
5. 1994 ж. желтоқсан
3-бөлiм. Нарықтық және әлеуметтiк инфрақұрылымдар
институттарын дамыту
18. 2. Банк жүйесiне реформа жасау бағдарламасына жеке
кәсiпкерлiкке қызмет көрсетудi жетiлдiруге бағытталған
ұсыныстар әзiрлеу
3. Ұсыныстар
4. Қаржыминi, Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қыркүйек
19. 2. Кәсiпкерлердiң шикiзат және материалдық-техникалық
ресурстарға неғұрлым кеңiнен жақындауын қамтамасыз етуге
бағытталған биржалық қызметтi кеңейту жөнiнде ұсыныстар
жасау
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулысының
жобасы
4. Экономминi, Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қыркүйек
20. 2. Жеке бизнестiң қалыптасуына жәрдемдесетiн көмекшi қызмет
жүйесiн жасау үшiн техникалық көмек шеңберiнде шетелдiк
мамандарды тартуды ұйымдастыру
3. Бағдарламалар жобалары
4. Экономминi, Еңбекминi, Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық
экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қыркүйек
21. 2. Академияның және жоғары оқу орындарының ғылымы әзiрлеген
жаңа тиiмдi технологияларды iрiктеп алу және өнеркәсiптi
игеру жөнiндегi мамандандырылған енгiзу орталықтарын
(фирмалар мен компаниялар) құру
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң венчурлық
фирмаларды құру тәртiбi туралы қаулысы
4. Ғылымминi, ҰҒА, Бiлiмминi, Экологияминi, Қазпатент, ҚАЗҰМУ,
Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi, ҒТП бөлiмi
5. 1994 ж. желтоқсан
22. 2. Шағын бизнестiң облыстық орталықтарын құруды аяқтау және
аймақтар ерекшелiктерiн ескере отырып, олардың қызмет
ету тетiгiн ретке келтiру
3. ШБ республикалық және облыстық орталықтары жұмысының
бағдарламалары
4. Экономминi, Бизнестi дамытудың Ұлттық орталығы, Кәсiпкерлер
конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. желтоқсан
4-бөлiм. Сыртқы экономикалық қызметтi мемлекеттiк
қолдау
23. 2. Еуропалық қоғамдастық комиссиясының жәрдемiмен шетелдiк
әрiптестермен iскерлiк байланыстар орталығын
(бизнес-коммуникациялық орталық) құру
3. Iскерлiк байланыстар орталығы
4. Экономминi, Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. тамыз
24. 2. Шағын және орташа бизнестi дамытудың басым бағыттары
жөнiндегi жобаларды инвестициялау үшiн шетелдiк кредит
желiлерiнен квоталар бөлу
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
4. Экономминi, Қаржыминi, Өнеркәсiпсаудаминi, Кәсiпкерлер
конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қыркүйек
25. 2. Инвестицияларды тартуға ынталандырудың арнаулы
бағдарламаларын жасау
3. Бағдарламалар жобалары
4. Экономминi, Қаржыминi, Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық
экономика бөлiмi
5. 1994 ж. желтоқсан
5-бөлiм. Кәсiпкерлiк құрылымдарға арналған кадрлар
даярлау мен қайта даярлау
26. 2. Кәсiпкерлiк құрылымдарға кадрлар даярлауға арналған
оқу-консультациялық орталықтарды дамыту жөнiнде ұсыныстар
әзiрлеу
3. Кадрлар даярлаудың республикалық бағдарламасына ұсыныстар
4. Экономминi, Бiлiмминi, Еңбекминi, Кәсiпкерлер конгресi,
"Парыз" ассоциациясы, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қазан
27. 2. Экономикалық ойланымды қалыптастыру мақсатында орта
мектептердiң, арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу
бағдарламаларына нарықтық экономиканың негiздерi жөнiндегi
курстар енгiзу
3. Бағдарламалар жобалары
4. Бiлiмминi, Экономминi, Кәсiпкерлер конгресi, "Парыз"
ассоциациясы, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. желтоқсан
28. 2. Шетелдерде оқу және тағылымдама өткiзу үшiн адамдарды
iрiктеп алуға ашық конкурс ұйымдастыру
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
4. Экономминi, Еңбекминi, Бiлiмминi, Кәсiпкерлер конгресi,
"Парыз" ассоциациясы, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қыркүйек
29. 2. Бiлiм берудiң мемлекеттiк емес мекемелерiнiң
материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiндегi шараларды
жүзеге асыру
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
4. Экономминi, Бiлiмминi, Меммүлiккомы, "Парыз" ассоциациясы,
Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қазан
6-бөлiм. Кәсiпкерлiктi ақпараттық және
ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету
30. 2. Ақпараттық орталықтар жүйесiн құру жолымен ақпараттық
қамтамасыз ету мен қызмет көрсетудiң орталықтандырылған
жүйесiн құру
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
4. Экономминi, Бiлiмминi, Мемстатком, Кәсiпкерлер конгресi,
Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қазан
31. 2. Экономиканың жеке секторы бойынша статистикалық есеп
берудiң нысанын айқындай түсу
3. Мемстаткомның қаулысы
4. Мемстатком, Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қыркүйек
32. 2. Кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi оқу құралдарын,
ғылыми-әдiстемелiк материалдарды, қазiргi заңдық және
нормативтiк актiлер легiн басып шығару
3. Басылым жоспары, тиiстi материалдарды шығару
4. Экономминi, Бiлiмминi, Еңбекминi, Әдiлетминi, Кәсiпкерлер
конгресi, Жиынтық экономика бөлiмi
5. 1994 ж. қараша (Басылым жоспары) 1995 ж. (басып шығару)
33. 2. Кәсiпкерлiктi дамыту проблемалары жөнiндегi ғылыми
орталық құру
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
4. Ғылымминi, Экономминi, Кәсiпкерлер конгресi, Әл-Фараби
атындағы Қазақ мемлекеттiк университетi, Жиынтық экономика
бөлiмi
5. 1994 ж. тамыз
34. 2. Бұқаралық ақпарат құралдарында Бағдарламаны орындаудың
барысын көрсету жөнiнде шаралар белгiлеп, жүзеге асыру
3. Шаралар жоспары
4. Баспасөзминi, "Қазақстанның теледидары мен радиосы"
корпорациясы, Кәсiпкерлер конгресi, Жиынтық экономика
бөлiмi
5. 1994 ж. қараша
Ескерту. Жоспардың барлық тармақтарының 4-бағанында жауапты
орындаушы Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiндегi
Мемлекеттiк комиссия болып табылады, ол бүкiл
құжаттарды әзiрлеу iсiн ұйымдастырады және тиiстi
тапсырма (шаралар) бойынша түпкiлiктi шешiм
қабылдайды.