Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн жабдықтау мен Қорғаныс министрлiгiн, Iшкi iстер министрлiгiн, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн, Республикалық ұланды және басқа да арнаулы әскери құрамаларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормалары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 тамыздағы N 958 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 580 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.26 № 580 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 1994 жылғы 28 маусымдағы N 1775 U941775_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн, Iшкi iстер министрлiгiн, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн, Республикалық ұланды және басқа да арнаулы әскери құрамаларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшiн 1994 жылдың 1 тамызына дейiнгi жағдай бойынша қолданылып келген әскери қызметшiлердi жабдықтау мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормалары уақытша қолданылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Республикалық ұланның басқармасы мен басқа да арнаулы әскери құрамалардың командирлерi (бастықтары) 1995 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн жабдықтау мен әскердi материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормаларын бекiту туралы қаулының жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсыратын болсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады