Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 28 маусым N 1775. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етудi жақсартуға және қорғаныс кешенiн дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк кеңесiнiң ұсынысын орындай отырып, қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi қорғаныс бағдарламаларын қалыптастыру мен орындау тұжырымдамасы және Қорғаныс өнеркәсiбiн дамытудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған тұжырымдамасы бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi: 
      1994 жылғы 1 тамызға дейiн: 
      мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын материалдық, қаржылық-кредиттiк және құқықтық қамтамасыз ету мәселесiн қарасын; 
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республика ұланының әскери қызметшiлерiн, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң және басқа арнаулы әскери құрамаларының қатардағы, басшы құрамдағы адамдарын, әскери қызметшiлерiн материалдық ресурстармен жабдықтау нормаларын бекiтсiн; 
      1994 жылғы 1 қыркүйекке дейiн: 
      Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбiн дамытудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған бағдарламасын табыс етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi өндiрiстi 
үйлестiру және жыл бойына бекiтiлген мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы шеңберiнде мемлекеттiк тапсырыс берушiлердi отандық, импорттық өндiрiстiң материалдық ресурстарының барлық түрлерiмен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет құру туралы ұсыныс енгiзсiн.     

       Қазақстан Республикасының
      Президентi 

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады