Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкiсiне қызметтiк үй-жай бөлу туралы<*> Ескерту. Қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлiп, ол жаңа редакцияда берiлдi - ҚРМК-нiң 1995.09.04. N 1224 қаулысымен. ~P951224

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 19 қазан 1994 ж. N 1174

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экспорт-импорт банкiн және Қазақстанның Мемлекеттiк Даму банкiн қайта ұйымдастыру туралы" 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1144 P951144_ қаулысы қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн Алматы қаласының Пушкин көшесiндегi 118-үйге орналастырсын;
      үйдiң 100 проценттiк құнын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк

Экспорт-импорт банкiсiнiң жарғылық қорына қосу үшiн оның құнын
бағамдасын.
     2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару 
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
     Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкiн оның талап-тiлегiн
ескере отырып, басқа үйге орналастырсын;
     Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкi орналасатын үйде 
отырған барлық кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi он күндiк
мерзiмде көшiретiн болсын;
     Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкiсiнiң жарғылық
қорына қосу үшiн бөлiнетiн үйдiң (үй-жайдың) құнын бағамдасын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады