1. Талдықорған облысында 10 мың га жер алаңына қант қызылшасын өсiруге кешендi технологияны енгiзу жөнiндегi Талдықорған облысының Н.Алдабергенов атындағы ұжымдық шаруашылығы мен "Лемкен КГ", "Аккорд" және "КВС" герман фирмаларының арасындағы жалпы сомасы 44,6 млн. (қырық төрт миллион алты жүз мың) немiс маркасына контрактылар жасауы дұрыс деп саналсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Эксимбанкi жобаға сараптау жүргiзiп, жобаны басым мәндi жобалардың индикативтiк тiзбесiне енгiзу және кейiн жүзеге асыру туралы шешім қабылдау үшiн оның нәтижелерiн 1995 жылдың 15 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
3. Контрактыларды қаржыландыру Германияның қолданылып жүрген кредит желiсiнiң шеңберiнде жүзеге асырылсын.
4. Н.Алдабергенов атындағы ұжымдық шаруашылық:
1995 жылдың 5 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстанның Эксимбанкiне кредиттi өтеу жөнiндегi кепiлдi мiндеттемелермен бiрге кредиттi пайдаланушы - кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесiн тапсырсын;
сақтандыру жарналары мен аванс төлемдерiн төлеудiң, негiзгi қарыз бен кредитке тартылған барлық қосымша шығындарды өтеудiң көздерiн айқындасын.
5. Н.Алдабергенов атындағы ұжымдық шаруашылық бас импортер мен кредит алушылардың мiндеттемелерi жөнiнде жауап берушi болып белгiленсiн.
6. Тартылған кредит бойынша үкiмет кепiлдiгiн беру белгiленген тәртiппен жүргiзiлсiн.
7. Қазақстанның Эксимбанкi:
аталмыш жоба бойынша герман банкiмен жеке кредит келiсiмiн жасасын;
жобаның сараптау нәтижелерi мен кредиттi өтеу және оған қосымша барлық шығындарды төлеу көздерiн айқындауды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң мақұлдауы кредит келiсiмiнiң күшiне енуiнiң шарты болып табылады деп белгiленсiн;
кредиттi өтеу бойынша төлемдер жасалмау қаупi пайда болған жағдайда жобаны кредиттеудi тоқтата тұруды қоса алғанда, берешектiң төленуiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдауға рұқсат етiлсiн.
Үкiмет шешiмiн талап ететiн барлық мәселелер бойынша
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнде қарауға дер уақытында ұсыныс енгiзсiн. 8. Н.Алдабергенов атындағы ұжымдық шаруашылық Қазақстанның Эксимбанкiмен кредит келiсiмiн жасасын. 9. Жобаның жүзеге асырылуын және кредит бойынша дер уақытында төлемдердiң жасалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Талдықорған облысының әкiмiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi