Израиль Мемлекетiнде Қазақ сауда үйiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 20 наурыздағы N 303

      Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекетi арасында сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және Қазақстанды әлемдiк экономикаға тезiрек тұтастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi бiр ай мерзiмде Израиль Мемлекетiнде өзiн-өзi қаржыландыру шартымен Қазақ сауда үйiн құратын болсын.
      2. Израиль Мемлекетiндегi Қазақ сауда үйiнiң негiзгi мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызмет мәселелерi жөнiндегi мүддесiн бiлдiру;
      Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекетi арасындағы сауда-экономикалық байланысты үйлестiру әрi дамыту;
      республиканың мұқтажына арналған инвестицияларды, технологияларды тарту және тауарларды, шикiзаттарды, материалдар мен қызмет көрсетулердi сатып алуды ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасына Израиль Мемлекетi беретiн кредиттердiң тиiмдi пайдаланылуына жәрдемдесу болып табылады деп айқындалсын.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң тапсыруы бойынша Қазақ сауда үйi басқа да мiндеттердi жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      3. <*>
      Ескерту. 3-шi тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.
               06.15. N 631 қаулысымен. P950631_
      4. Қазақ сауда үйiнiң Израильдiң "Фармеди" фирмасымен медициналық препараттар өндiру жөнiндегi, Израильдiң "Моро" институтымен медициналық диагностикалық орталық, сондай-ақ Израиль технологиясы бойынша медициналық аспаптар өндiретiн зауыттың құрылысын жүргiзу жөнiндегi бiрлескен кәсiпорын құру туралы ұсынысы қабыл алынсын.
      Бiрлескен кәсiпорын құру жөнiндегi жобаны қаржыландыру Израиль Мемлекетiнiң Қазақстан Республикасына бөлетiн кредит желiсi шеңберiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      5. Қазақ сауда үйiне Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетiндегi Сауда өкiлдiгiнiң құқықтық мәртебесi белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-министрiнiң
       бiрiншi орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады