Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң жарғысын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 581


     "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 29 наурыздағы
N 2154  

K952154_

  қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының 
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк банкiнiң берiлiп
отырған Жарғысы бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                      Қазақстан Республикасы               
               
                                      Министрлер Кабинетiнiң
                                      1995 жылғы 28 сәуiрдегi
                                          N 581 қаулысымен
                                             Бекітiлген

                Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Медетшi
                            банкiнiң жарғысы

                Жалпы ережелер



      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi (бұдан әрi - Банк) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi құрған мемлекеттiк банк болып табылады.
      2. Банк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi туралы" 1995 жылғы 29 наурыздағы N 2154 K952154_ Қаулысын, Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiн құру туралы" 1995 жылғы 29 наурыздағы N 359 P950359_ қаулысын, халықаралық шарттар мен келiсiмдердi, басқа да заңдарды және нормативтiк актiлердi, осы Жарлықты басшылыққа алады.
      3. Банк қызметiнiң мақсаты бiрден-бiр мемлекеттiк кредитор ретiндегi банк құқының негiзiнде кәсiпорынды ортақ қаржы жүйесiнен уақытша оқшаулау, қаржы-кредит көздерiн шектеу және кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен санациялаудың кешендi жоспарының орындалуын бақылау жолымен оған қызмет көрсетуге берiлген кәсiпорындарды қаржы жағынан сауықтыру әрi өндiрiстi тұрақтандыру болып табылады.
      4. Банк заңды тұлға болып табылады, толық дербес шаруашылық негiзде жұмыс iстейдi, оқшауланған мүлiктi иеленедi, дербес балансы, Қазақстанның және басқа мемлекеттердiң банк мекемелерiнде корреспонденттiк есепшоттары бар, өз атынан мәмiлелер және басқа заң актiлерiн жасай алады, сотта, төрелiк және аралық соттарда талап етушi әрi жауап берушi бола алады.
      5. Мемлекеттiк тiркеуден өтiп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы берiлген сәттен бастап төрт жылдан аспайтын мерзiмге арналған банк операцияларын жүргiзуге заңды тұлға құқын иеленедi. Банктiң қызмет мерзiмiн ұзарту немесе оны мерзiмiнен бұрын жою туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.
      Осы Жарғыдағы өзгерiстер заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге жатады.
      6. Банк Қазақстан Республикасының бiрыңғай банк жүйесiне кiредi және өз қызметiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясы негiзiнде жүзеге асырады.
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң рұқсатымен және

банк Кеңесi шешiмiнiң негiзiнде банк өзiнiң филиалдарын әрi
өкiлдiктерiн құра алады.
     8. Банктiң толық ресми атауы:
қазақ тiлiнде:
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi.
орыс тiлiнде:
     государственный Реабилитационный банк Республики Казахстан.
ағылшын тiлiнде:
     State Renabilitation Bank of the Republik of Каzакstаn.
     9. Банктiң қазақ және орыс тiлдерiндегi атауы мен 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген дөңгелек
мөрi, мақсатты мөрi, штамптары, заңды тұлғалы және басқа фирмалық
белгiлерi бар.
     10. Банктiң мекен-жайы: Алматы қаласы.

                  Банктiң операциялары

     11. Банк банктiң операциялардың мынадай түрлерiн жүзеге асырады:


      Қазақстан Республикасының Медетшi банкiне банктiк қызмет көрсетуге берiлген кәсiпорындарға қайтарымдық, мерзiмдiк және ақылық шарттармен кредиттер беру;
      Қазақстан Республикасының Медетшi банкiне банктiк қызмет көрсетуге берiлген кәсiпорындарды иегерлердiң немесе инвестиция қаражатын иеленушiлердiң тапсыруы бойынша қаржыландыру;
      Банкке қызмет көрсетуге берiлген кәсiпорындардың несиелiк есепшотын жүргiзу және несиелiк есепшоттарға қызмет көрсетуге байланысты есеп айырысуларды жүргiзу;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмiмен банктерге депозиттер орналастыру;
      заңда көзделген тәртiппен өзiнiң бағалы қағаздарын шығару;
      төлем құжаттары мен өзге де бағалы қағаздарды сатып алу және сату, олармен басқа да операциялар жүргiзу;
      ақшалай нысанда орындауды көздейтiн үшiншi тұлғаға тапсырмалар, кепiлдiктер және өзге мiндеттемелер беру;
      тауарлар беру мен қызметтер көрсету талаптарының құқын иелену, осындай талаптардың орындалу тәуекелiн қабылдау және осы талаптарды (факторинг) инкассациялау;
      банк операциялары бойынша брокерлiк қызмет көрсету

(олардың тәуекел етуi бойынша Банкке банктiк қызмет көрсетуге берiлген
кәсiпорындардың агентi ретiнде әрекет ету);
     кәсiпорындардың көрсетуi бойынша сенiм операцияларын
(қаржыны тарту және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару және 
басқалары);
     лизингтiк операцияларды жүзеге асыру.
     Осы тармақта көзделген операциялар Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес қолданылып жүрген заңдарда
көзделген тәртiппен ұлттық, сонымен бiрге шетел валютасымен
жүргiзiлуi мүмкiн.
     12. Бағалы қағаздармен делдалдық операцияларды Банк осындай
операцияларға Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының арнаулы лицензиясы болған кезде жүзеге 
асыруға құқылы.

                Банктiң  құқығы

     13. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн Банк:


      Банкке банктiк қызмет көрсетуге берiлген кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен санациялаудың кешендi жоспарын қарауға әрi құптауға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      кәсiпорындарды қаржы жағынан сауықтыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге әрi беруге;
      Банкке берiлген кәсiпорындарды немесе олардың бөлiмшелерiн жекешелендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      акционерлiк банктерден, басқа да қаржы институттары мен берушi кәсiпорындардан Медетшi банкiне банктiк қызмет көрсетуге берiлетiн кәсiпорындардың талаптарын (борыштарын) кредиторлармен жеке келiсiммен айқындалған шартпен сатып алуды, соның iшiнде мемлекеттiк бағалы қағаздармен сатып алуды жүзеге асыруға;
      Банкке банктiк қызмет көрсетуге берiлген кәсiпорындарға уақытша қаржылай оқшаулау жолымен айналыс қаражатының қозғалысына қатаң бақылау бөлiгiнде кредитордың құқығын (олардың Банкiге орнын беруi жағдайында) жүзеге асыруға;
      Банкке банктiк қызмет көрсетуге берiлген кәсiпорындарға оларды қайта ұйымдастыру мен санациялаудың бекiтiлген кешендi жоспары шеңберiнде кредит беру мен қаржыландыруды жүзеге асыруға;
      Банкке банктiк қызмет көрсетуге берiлген кәсiпорындарды қаржы жағынан сауықтыруға бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануына тұрақты қаржы бақылауын жүзеге асыруға;
      қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде және орындалуы мақсатында олардың клиентуралары үшiн мiндеттi ережелер шығаруға;
      кредит берiлген мемлекеттiк кәсiпорыннан олардың қаржылық жай-күйiн, сондай-ақ берiлген кредиттiң қамтамасыз етiлуiн растайтын бухгалтерлiк есеп пен құжаттар алуға;
      кредиттiк шартпен көзделген мiндеттеме бұзылған жағдайда кредиттi одан әрi берудi тоқтатуға;
      әзiрленушiлерден және Банктiң өзiнен қызмет көрсетiлетiн кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен санациялаудың кешендi жоспарына сараптама жүргiзудi талап етуге;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне қайта ұйымдастыру мен санациялау кезеңiнде қаржы тәртiбiн бұзған жағдайда кәсiпорын басшысын ауыстыру туралы ұсыныс енгiзуге;
      егер санациялау мен қайта ұйымдастыру кәсiпорынды қаржы-экономикалық тұрғыдан сауықтыра алмаған жағдайда, оны тарату жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқылы.

        Банктiң мүлкi, жарғылық капитал, пайданы бөлу

      14. Банктiң меншiктi қаражаты жарғылық капиталдан, резервтiк және соған тиесiлi өзге де арнаулы қорлардан тұрады.
      15. Жарғылық, резервтiк және өзге де арнаулы қорларды қалыптастырудың тәртiбiн Банк Кеңесi айқындайды.
      16. Банк құрылған сәттегi жарғылық қор 1 00 000 000 (жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптасады.
      Жарияланған жарғылық қорды заңда белгiленген тәртiп пен мерзiмде Үкiмет төлейдi.
      17. Банк өз қызметiнде пайда алу мақсатын көздемейдi.
      Еңбекке ақы төлеу шығыны қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк бюджетке аударым жасау пайдаға салынатын салықтан жүргiзiледi. Бюджетпен және басқа мiндеттi төлемдермен есеп айырысқаннан кейiн қалған Банктiң пайдасы Банк Кеңесiнiң шешiмi бойынша бөлiнедi.

     Банк қызметкерлер арасында бөлу үшiн, оның iшiнде ақшалай
көтермелеу түрiнде бөлу үшiн салықты төлегеннен кейiнгi пайданың
белгiлi бiр процентiн бөле алады.
     18. Банк қызметкерлерiне сыйлық берудi (Басқарма Төрағасынан
басқасына) Банк Кеңесi бекiткен сыйлық беру туралы Ереженiң
негiзiнде Басқарма төрағасы жүзеге асырады. Басқарма Төрағасына
сыйлық беру Банк Кеңесiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

              Банктiң кредиттiк ресурстары

     19. Банктiң кредиттiк ресурстары:
     меншiктi қаражат (иелiгiндегi негiзгi қордың құнын шегерiп),
сондай-ақ пайдадан түзiлген басқа да қорлар,
     банктiң есепшотындағы кәсiпорындар мен ұйымдар қаражатының
қалдықтары,
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Қазақстан
Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн бюджеттiң қаражаты мен
кепiлдiктерi есебiнен қалыптастырылады.
     Соңғылардың жыл сайынғы ең көп сомасы Үкiметтiң арнаулы
шешiмiмен айқындалады.

                    Банктi басқару

     20. Банктiң басқару органдары:
     басқарудың жоғары органы _ Банк Кеңесi;
     атқарушы органы - Банк Басқармасы болып табылады.


      21. Жалпы басшылықты Банк Кеңесi жүзеге асырады. Медетшi банкi Кеңесiнiң құрамы 7 адамнан тұрады. Банк Кеңесiнiң құрамына: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң, Ұлттық Банктiң өкiлдерi, Медетшi банкi Басқармасының төрағасы енедi.
      Кеңестiң жеке құрамы мен оның өкiлеттiлiгiнiң мерзiмiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.
      22. Банк Кеңесiнiң функциясы:
      Банк Басқармасының қызметiн қадағалау, Банк Басқармасының ұсынысын жасау, Медетшi банкi қызметiнiң жылдық нәтижесiн, есептерi мен қорытындыларын қарау және бекiту;
      Банк Жарғысын өзгерту және толықтыру;
      Банктiң жарғылық қорының мөлшерiн ұлғайту мен кемiту;
      Үкiметке Банктi қайта ұйымдастыру туралы ұсыныс енгiзу;
      Банктiң табысын бөлудiң, сондай-ақ оның шығындарын жабудың тәртiбiн айқындау;
      тексеру комиссиясын және тәуелсiз сырттай аудиторды тағайындау әрi олардың қызмет саласын айқындау мен оған сыйақы белгiлеу;
      филиалдар мен өкiлдiктер құру және тарату;
      Банк қызметкерлерiне еңбекақы төлеу мен материалдық ынталандырудың жүйесiн айқындау болып табылады.
      23. Банк Кеңесi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ 1995 жылы кемiнде екi айда бiр рет және онан кейiнгi жылдары кемiнде үш айда бiр рет жиналады.
      Банк Кеңесi өзiнiң қарауына енгiзiлген мәселенi, егер мәжiлiске Кеңес мүшелерiнiң кемiнде елу процентi қатысса шешуге құқылы.
      Кеңес шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады, дауыстың тең жағдайына Кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      24. Банк Басқармасы атқарушы орган болып табылады және Банктiң жедел қызметiне басшылықты жүзеге асырады, оның нәтижесi үшiн жауап бередi.
      Басқарманың жұмысына Басқарманың Төрағасы басшылық жасайды. Басқарманың Төрағасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Кеңесiнiң ұсынуымен бекiтедi.
      Банк Басқармасының жеке құрамы мен оның мүшелерiнiң өкiлеттiлiк мерзiмiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Банк Басқармасы өзiнiң қызметiн кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен санациялаудың кешендi жоспарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Медетшi банкiне белгiлеген мiндеттер мен өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.
      Үкiметтiң немесе Банк Кеңесiнiң шешiмiн талап етпейтiн Банк қызметiнiң барлық мәселелерiн Банк Басқармасы жүргiзедi.
      25. Банк Басқармасы оның қарауына енгiзiлген мәселенi, егер мәжiлiске Басқарма мүшелерiнiң кемiнде елу процентi қатысса, шешуге құқылы. Басқарма шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады, дауыстың тең жағдайында Басқарма Төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      Басқарма қабылдаған шешiмге келiспеген жағдайда Басқарма мүшелерi өзiнiң пiкiрiн Банк Кеңесiне хабарлай алады.
      26. Банк Басқармасы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде айына бiр рет өткiзiледi.
      27. Басқарма Төрағасы өзiнiң өкiлдiгiне сәйкес қызметке басшылық жасайды. Банкке жүктелген мiндеттiң орындалуына тiкелей жауап бередi.
      Басқарма Төрағасы:
      Банк атынан сенiмхатсыз iс-қимылды жасауды жүзеге асырады;
      қолданылып жүрген заңға сәйкес Банктiң мүлкi мен қаражатына билiк жасайды, Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегi барлық ұйымдарға Банк атынан барады, сенiмхат бередi, банк атынан келiсiмдер мен мiндеттемелерге қол қоюдың тәртiбiн белгiлейдi;

     Банк Басқармасының мүшесi емес Банк қызметкерлерiн
қабылдайды және босатады;
     Банк Басқармасы мәжiлiсiнiң хаттамасын жүргiзудi 
ұйымдастырады;
     Банк қызметiнiң мәселелерi жөнiнде бұйрықтар мен өкiмдер
шығарады;
     Төрағаның орынбасары мен Банк Басқармасы мүшелерiнiң
арасындағы мiндеттердi бөледi.
     28. Басқарма Төрағасы жоқ кезде немесе өзге бiр себептермен
өзiне жүктелген мiндеттi орындай алмайтын жағдайда Банктi
басқаруды Басқарма Төрағасының бiрiншi орынбасары мен басқа да
орынбасарлар Банк басқармасы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
     29. Басқарма Төрағасының орынбасарлары Банктiң тиiстi
құрылымдық бөлiмшелерiне жедел басшылық жасауды жүзеге асырады,
Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша оның жекелеген өкiлеттiгiн
атқарады.

              Банктiң есеп жүргiзуi мен есеп беруi



      30. Банктегi есеп жүргiзу мен құжат айналымы Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкiнiң есеп жүргiзуi мен есеп беру ережесiне
сәйкес белгiленедi.
     Қызмет қорытындысы ай сайынғы және жылдық баланста, пайда
мен шығын туралы есепте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкiне белгiленген тәртiппен табыс етiлетiн жылдық
есепте көрiнiс табады.
     Пайда мен шығын туралы жылдық балансты Тексеру комиссиясы
тексергеннен кейiн Банк Кеңесi бекiтедi.
     Банктiң операциялық жылы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда
аяқталады.

               Банк қызметiн бақылау

     31. Банк Кеңесi тағайындайтын Тексеру комиссиясы Банк
қызметiн бақылаушы орган болып табылады.


      Тексеру комиссиясының мүшелерi Банк Кеңесi немесе Банк Басқармасы мүшесiнiң мiндетiн бiр мезгiлде атқара алмайды.
      Банк Кеңесi Тексеру комиссиясының құрамын 3 адамнан Банк қызметiнiң мерзiмiне бекiтедi.
      Тексеру комиссиясы өз қызметiн Банк Кеңесi бекiткен Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      32. Банк қызметiн тексерудi осындай тексерудi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңдарымен өкiлдiк берiлген тәуелсiз аудиторлық ұйымдар жүзеге асыруы мүмкiн, онымен Банк басқармасының Төрағасы шарт жасайды.
      33. Банк қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi, Қазақстан Республикасының және басқа бақылаушы органдары өздерiнiң құзыры шегiнде жүзеге асырады.

               Банк қызметiн тоқтату

      34. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi туралы" 1995 жылғы 29 наурыздағы N 2154 қаулысына сәйкес банк қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен жүзеге асырылады.
      Банк қызметiн мерзiмiнен бұрын тоқтату Үкiметтiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен жүзеге асырылады.
      Банктiң қызметi сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.
      35. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiмдi алған сәттен бастап Банктi жедел басқару жою комиссиясы тағайындағанға дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тағайындаған әкiмшiлiкке берiледi.
      Банктi жою қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      36. Банктi қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Банктi қайта ұйымдастырған кезде оның құқығы, мiндеттерi, мүлкi мен ақша қаражаты Банктiң құқықтық мұрагерiне көшедi.
      37. Банктiң жойылғаны туралы хабарландыру баспасөзде жарияланады.

      Банк Кеңесiнiң Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады