Қазақстанның даму институты туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 5 маусым N 778
1. Қазақстанның даму институтының ғылыми-зерттеу жұмысын кешендi жүргiзу және республиканың әлеуметтiк және саяси салаларын дамытудың аса қауырт емес бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзiрлеу негiзiнде жүзеге асырылатын мемлекеттiк саясаттың ғылыми-талдау және болжамдау деңгейiн арттыру туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстанның даму институтының оны Қазақстан Республикасының iшкi саясатының проблемалары жөнiндегi зерттеу жобалары бөлiгiн iске асыратын үйлестiрушi жұмысшы орталығы етiп белгiлеу туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде Қазақстанның даму институтын қолданып жүрген заңда белгiленген тәртiппен қызметтiк үй-жаймен қамтамасыз ететiн болсын.
4."Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы Қазақстанның даму институтын бюджеттiк ұйымдар үшiн белгiленген баға бойынша қажеттi телефон және факсимиле байланысымен қамтамасыз ететiн болсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз