Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Жамбыл облысы әкiмiнiң және Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттiк қорығына оның аумағын кеңейту және орман күзетi құрылысы үшiн Жуалы ауданының жер иелiктерiнен қосымшаға сәйкес жер учаскелерiн тұрақты пайдалану құқын беру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 маусымдағы N 855 қаулысына қосымша Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы жер учаскелерi алынатын және оларды пайдалану құқы "Ақсу-Жабағылы" қорығына берiлетiн жер иелiктерiнiң Тiзбесi ----------------------------------------------------------------- Жер учаскелерi алынатын | Жер учаскелерiнiң жер иелiктерiнiң атауы | аумағы, га |------------------------ | барлығы | оның iшiнде | |басқа да жер | |алаптары ------------------------------------------------------------------ Жамбыл орман шаруашылығы 10660 10660 өндiрiстiк бiрлестiгi Бауыржан Момышұлы атындағы жекеменшiк агрокәсiпкерлiк фирмасы 6 6 ----------------------------------------------------------------- Қорытындысы 10666 10666
"Ақсу-Жабағылы" мемлекеттiк қорығына Жамбыл облысындағы жер учаскелерiн пайдалану құқын беру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 22 маусымдағы N 855
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз