Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк аттестациялық комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 26 маусым N 876. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2068 Жарлығына U952068_ сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетiне (бұдан әрi - Аттестациялық комитет);
      бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу, тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың, ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялау саласындағы қызметiн бақылап отыру және үйлестiру;
      Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуетiн қалыптастыруға қатысу;
      ғылымның, техниканың, бiлiм беру мен мәдениеттiң даму үрдiсi мен келешегiне талдау жасау;
 
            Ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағын тану және оның баламалығы туралы, сондай-ақ аттестациялық iстердi сараптау жөнiнде Қазақстан Республикасымен шарт (келiсiм) жасамаған мемлекеттерде атақ берiлген, ғылыми дәрежесi (ғылыми атағы) бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердi - Қазақстан Республикасының азаматтарын аттестациялау мен қайта аттестациялау саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      ғылыми атақ беру туралы дипломдар мен ғылыми дәреже беру туралы аттестаттардың күшiн тану жүктелсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.08.
               N 851 қаулысымен. P960851_
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Аттестациялық комитетi жүйесiне:
      докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөнiндегi мамандандырылған кеңестер;
      Аттестациялық комитеттiң ғылым салалары бойынша құрылған сарап кеңестерi, Төралқа мен Пленум кiредi деп белгiленсiн.
      4. Аттестациялық комитет Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясының тапсырысы бойынша ғылыми-техникалық сараптама өткiзудi ұйымдастыра алады. Белгiленген тәртiппен бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы сараптамалық қызметтi сертификаттауды жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.08.
               N 851 қаулысымен. P960851_
      5.
      6.
      Ескерту. 5 және 6-тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.
               12.19. N 1813 қаулысымен. P951813_
      7. Аттестациялық комитеттiң орталық аппаратын ұстауға арналған шығынды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      8. Аттестациялық комитет төрағасына Аттестациялық комитет орталық аппаратының ғылыми дәрежесi мен атағы бар қызметкерлерiне тиiстi лауазымдық еңбекақыларының 50 процентiне дейiн үстеме белгiлеу құқығы берiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың 1-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1996.08.20. N 1033 қаулысымен. P961033_
      9.
      Ескерту. 9-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19.
               1813 қаулысымен. P951813_
      10. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi "Ғылыми-техникалық ақпарат мемлекеттiк жүйесiнiң дамуы" атты республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаға қажеттi қаржыландыруды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк аттестациялық комитетiнiң проблемалық бағдарланған ақпаратты есептеу жүйесiн құруға арналған тапсырма кiргiзетiн болсын.
      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Аттестациялық комитеттi ұстауға қажеттi қаражат бөлсiн.
      12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Аттестациялық комитет орталық аппаратының қызметкерлерiн орналастыру мәселесiн қарап, шешетiн болсын.
      13. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып 1996 жылдан бастап қаражат бөлудi, ал Алматы қаласының әкiмi Аттестациялық комитеттiң қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салуды және бөлудi белгiленген тәртiппен қамтамасыз ететiн болсын.
      14. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Аттестациялық комитеттi белгiленген тәртiппен үкiметтiк байланыс арналарымен, сондай-ақ қажеттi мөлшерде телефон, телекс және телефакс байланыстарымен, соның iшiнде халықаралық байланыстармен қамтамасыз етсiн.
      (15-тармақ) .
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ алынып тасталған - ҚРҮ-нiң 1996.07.08.
               N 851 қаулысымен.
      16. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 23 шiлдедегi N 627 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 30, 449-бап);
      "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қазандағы N 868 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж, N 40, 595-бап);

 

     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне өзгерiстер

мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер

Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен бекiтiлген

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-бап)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне енгiзiлген өзгертулер

мен толықтырулардың 13 тармағы.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-министрiнiң

      бiрiншi орынбасары

                                   Қазақстан Республикасы

                                   Министрлер Кабинетiнiң

                                   1995 жылғы 26 маусымдағы

                                     N 876 қаулысымен

                                       Бекiтiлген


             Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк

                  аттестациялық комитетi туралы

                            Ереже



 
       1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi (бұдан әрi - Аттестациялық комитет) жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу жөнiндегi, атқарушы өкiметтiң орталық органы болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1996.07.08. N 851 қаулысымен. P960851_
      2. Аттестациялық комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң заңдары мен қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулылары мен Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң және оның орынбасарларының өкiмдерiн әрi осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Аттестациялық комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу, тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың, ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы қызметiн бақылау мен үйлестiрудi жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуетiн қалыптастыруға қатысу;
      ғылымның, техниканың, бiлiм беру мен мәдениеттiң даму үрдiсi мен келешегiне талдау жасау;
 
            ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау мен қайта аттестациялау ғылыми-техникалық сараптау, ғылыми дәреже берiлгенi туралы дипломдар мен ғылыми атақ алғаны туралы аттестаттардың күшiн тану (теңестiру) салаларында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтан 5-шi абзац алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1996.07.08. N 851 қаулысымен. P960851_
 
      4. Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласында.
      4.1. Аттестациялық комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және республиканың ғылым академияларымен келiсе отырып, ғылыми қызметкерлер мамандығының номенклатурасын жетiлдiру жөнiнде жұмыстар жүргiзедi;
      жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау жөнiндегi мамандандырылған кеңестер құрады; кеңестердiң жеке құрамын бекiтедi және диссертацияны қорғауға қабылдау құқығы берiлетiн ғылыми мамандықтардың тiзбесiн белгiлейдi;
      келiп түскен диссертацияларды, ғылыми сараптау үшiн, сондай-ақ ғылыми атақ беретiн аттестациялау iстерiн қарау үшiн ғылым, техника, бiлiм мен мәдениет салаларындағы жетекшi мамандар мен ғалымдар қатарынан сараптау кеңестерiн құрады. Сараптау кеңестерi жоғарғы оқу орындарының, академиялық және ғылыми зерттеу институттарының, ұйымдар мен мекемелердiң ұсыныстары ескерiле отырып құрылады және Аттестациялық комитет Төралқасында кейiннен құрамның кем дегенде үштен бiрiн жаңарта отырып 3 жыл мерзiмге бекiтiледi.
      Комитеттiң бас аттестациялау органы - Төралқа, ол Аттестациялық комитет Пленум мүшелерiнiң қатарынан 25 адамға дейiнгi мөлшерде құрылады. Төралқаның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және ол оқтын-оқтын жаңартылып тұрады. Аттестациялық комитет Төралқасы аттестациялау iстерiн қарайды және ғылыми дәреже мен атақтарды беру туралы шешiм қабылдайды; өз құзыретi шегiнде ғылыми дәреже мен ғылыми атақ берiлгенi туралы құжаттардың күшiн тануды жүзеге асырады; ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердi қайта аттестациялауды жүргiзедi; сараптау кеңесiн құру жөнiнде шешiм қабылдайды, диссертация қорғау мен ғылыми атақ беруде ерекше жағдайларды ескерудi талап ететiн өзге де мәселелердi қарастырады. Төралқа туралы ереженi Аттестациялық комитеттiң төрағасы бекiтедi;
      ғылыми жұртшылықты жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялауға және ғылыми-техникалық сараптау проблемаларына кеңiнен тарту мақсатында 75 адамға дейiнгi iрi ғалымдар мен халық шаруашылығының мамандары бар қоғамдық ғылыми кеңес - Аттестациялық комитеттiң Пленумын құрады. Пленумның жеке құрамын Аттестациялық комитеттiң төрағасы бекiтедi және ол мезгiл-мезгiл жаңартылады. Пленум туралы ереженi Аттестациялық комитет төрағасы бекiтедi;
      мамандандырылған кеңестердiң қызметiн бақылайды және олардың әрбiр ғылыми мамандық жөнiндегi жүйесiн қайта қарайды;
      тиiстi мамандандырылған кеңестiң ұсынысы негiзiнде ғылым докторы дәрежесiн бередi;
      тиiстi ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестiң ұсынысымен тиiстi мамандықтар бойынша профессор және доцент ғылыми атақтарын бередi;
      ғылым кандидаты ғылыми дәрежесiнде iзденушiлердiң диссертациялары мен аттестациялық iс қағаздарын iрiктеп тексередi;
      қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларға ғылыми талдау жасайды және мүдделi ұйымдарға олар туралы тиiстi мәлiмет бередi;
      ғылым докторы мен ғылым кандидатының дипломдарын және тиiстi мамандықтары бойынша профессорлар мен доценттердiң аттестатын белгiленген тәртiппен ресiмдейдi;
      Аттестациялық комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басқа мемлекеттердiң үкiметтерiмен келiсiмдерiнiң жобасын дайындауға қатысады;
      Қазақстан Республикасы олармен ғылыми дәреже мен ғылыми атақты тану туралы шарт (келiсiм) жасасқан басқа мемлекеттерде Қазақстан Республикасының азаматтары алған ғылыми дәреже мен ғылыми атақ беру туралы құжаттардың күшiн тануды өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасы олармен ғылыми дәреже мен ғылыми атақты тану және оның баламалылығы туралы шарт (келiсiм) жасамаған мемлекеттерде ғылыми дәреже (ғылыми атақ) алған ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердi - Қазақстан Республикасының азаматтарын қайта аттестациялауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;
      Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясымен, Экономика министрлiгiмен, Бiлiм министрлiгiмен, және басқа министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесе отырып, ғылымның, техниканың, бiлiм беру мен мәдениеттiң даму үрдiстерi мен келешегiн талдау жасайды әрi экономиканың тиiстi салаларын жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету шараларын қарастырады.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 4.1-тармақшасына өзгерiстер енгiзiлдi -
               ҚРҮ-нiң 1996.07.08. N 851 қаулысымен.
      4.2. Аттестациялық комитетке:
      жұмыс тәжiрибелерiн зерделеу және жинақтап отыру мақсатымен мамандандырылған және ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестер басшыларының есебiн тыңдау;
      қажет болған жағдайда қорғауға ұсынылған диссертацияларды олардың ғылым мен практика үшiн маңызын және оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау мақсатында мамандандырылған кеңестерге жiберу;
      диссертация қорғаудың белгiленген тәртiбiн өрескел бұзған мамандандырылған кеңестердi қорғауға диссертация қабылдау құқығынан айыру;
      диссертация қорғаудың белгiленген тәртiбiн бұзған жағдайда мамандандырылған кеңестiң, ғылым кандидаты ғылыми атағын беру туралы шешiмiн жою;
      ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердi ғылыми дәрежелерiнен және ғылыми атақтарынан өз құзыретi шегiнде айыру (қалпына келтiру);
      қажет жағдайларда ресми оппоненттердi тағайындау, диссертациялық жұмыстарды сараптау мен мамандандырылған кеңестердiң қызметiн тексеру үшiн жоғары бiлiктi мамандарды тарту;
      диссертация қорғайтын кеңестердi және ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестерi бар ұйымдар мен мекемелерден, оларды ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгiленген тәртiппен жыл сайын ғылыми-ұйымдық және статистикалық есеп және қажет болған жағдайда ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялауды жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлеу және оларды жүзеге асыру үшiн атқарушы өкiметтiң орталық органдарынан ақпарат алу;
      жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау жүйесiн жетiлдiруге, диссертациялардың ғылыми деңгейi мен практикалық құндылығын арттыруға байланысты проблемаларды талқылау үшiн ведомствоаралық кеңестi белгiленген тәртiппен шақыру;
       шет елдермен ынтымақтастық пен тәжiрибе алмасуды, жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысушы өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру;
      жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялауға байланысты басылымдар үшiн материалдар дайындауға белгiленген тәртiппен қатысу;
      Аттестациялық комитеттiң Бюллетенiн шығару құқы берiледi.
      5. Аттестациялық комитет бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы сараптамалық қызметтi сертификаттауды белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.08.
               N 851 қаулысымен.
      6. Аттестациялық комитеттi қызметке Қазақстан Республикасы Президентi тағайындайтын және босататын Төраға басқарады.
      Аттестациялық комитетке Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын және босататын комитет төрағасының екi орынбасары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады.
      Төраға Аттестациялық комитетке жүктелген мiндеттердi орындаудың жеке жауапкершiлiгiн өз мойнына алады және оның жұмысына басшылық жасайды.
      Аттестациялық комитеттiң төрағасы:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шекте орталық аппарат құрылымы қызметкерлерiнiң саны мен еңбекақы қорын, штаттық кестесiн және орталық аппараттың бөлiмшелерi туралы ереженi, сондай-ақ бюджет қаражатының тиiстi кезеңiне бекiтiлген шектегi оны ұстаудың шығын сметасын бекiтедi;
      өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшiн жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау мәселелерi жөнiндегi ғылыми дәреже мен ғылыми атақтар беруге байланысты нұсқаулар, шығарады, сондай-ақ олардың орындалуын тексерудi ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының заң шығару және атқару өкiметiнiң органдарымен, сондай-аақ басқа да мемлекеттiк, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Аттестациялық комитеттiң өкiлдiгiн бiлдiредi;
      валюталық қаражатты қоса алғанда Аттестациялық комитеттi қаржыландыруға бөлiнген қаражатқа билiк етушi болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.08.
               N 851 қаулысымен.
      7. Аттестациялық комитеттiң орталық аппаратын ұстауға жұмсалатын шығын мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арнап Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
      8. Аттестациялық комитетте құрамында Аттестациялық комитеттiң төрағасы (алқа төрағасы), лауазымы бойынша оның орынбасарлары және алқа мүшелерi бар 9 адамнан тұратын алқа құрылады.
      Алқа мүшелерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Кеңесшi орган болып табылатын алқа Аттестациялық комитеттiң ағымдағы қызметiндегi негiзгi мәселелердi, қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды, кадрларды iрiктеу мен пайдалануды, аса маңызды бұйрықтар мен нұсқаулардың жобаларын қарайды. Алқа шешiмi мәжiлiске қатысушылардың басым бөлiгiнiң ашық дауысымен қабылданады және Аттестациялық комитет төрағасының бұйрығымен ресiмделедi.
      9. Аттестациялық комитет аппараты қызметкерлерiнiң саны мен еңбекақы қорын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Аттестациялық комитеттiң сараптау кеңесiнiң қызметтен босатылмаған мүшелерiнiң, сараптауға сырттан тартылған мамандардың, сондай-ақ ресми оппоненттердiң еңбегiне ақы төлеу белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ғалымдар мен мамандардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестациялау iсiне, қатысуы олардың ғылыми-қоғамдық қызметiнiң басты бағыты ретiнде қарастырылады.
      Мемлекеттiк кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден Аттестациялық комитеттiң қызметiне тартылған ғалымдар мен мамандар оған қатысу кезеңiнде тұрақты жұмыс орнындағы мiндеттердi орындаудан босатылады.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.08.
               N 851 қаулысымен.
      10. Аттестациялық комитет заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз аты жазылған мөрi, банк мекемелерiнде есеп айырысу және өзге, оның iшiнде валюталық есепшоты бар.
 

                                    Қазақстан Республикасы



                                    Министрлер Кабинетiнiң     

                                    1995 жылғы 26 маусымдағы

                                       N 876 қаулысына

                                           Қосымша



 
 
               Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк

 

          Аттестациялық комитеттi орталық аппаратының

                          Құрылымы


     Басшылық

     Физика-математика, техника ғылымы, Жер және ғарыш туралы

     ғылым бөлiмi (жетекшi)

     Химия, биология, медицина және ауыл шаруашылығы ғылымы

     бөлiмi (жетекшi)

     Гуманитарлық ғылым бөлiмi (жетекшi)

     Сараптау, инспекция және талдау бөлiмi (жетекшi)

     Ақпарат, құжаттарды ресiмдеу бөлiмi (жетекшi)

     Әкiмшiлiк басқару бөлiмi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады