Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы 1993-95 жылдардағы (II кезеңi) мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135
U931135_
Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633
P930633_
қаулысын, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 2268 Жарлығын орындау үшiн және кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру, инвестициялар, озық технологиялар тарту және тиiмдi басқару тәжiрибесiмен қарулану мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар мақұлдансын:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Алексей Постовалов және компания" акционерлiк қоғамы арасында "Қарағайлы кен байыту комбинаты" акционерлiк қоғамын басқару құқына 1995 жылдың 23 мамырында жасалған N 15/95 контрактысы.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 904
P930904_
қаулысымен құрылған "Алтай-ТМ" Мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамынан "Қарғалы кен байыту комбинаты" акционерлiк қоғамы шығарылсын.<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1995.07.21. N 904
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi аталған кәсiпорынды басқару құқына контракт шарттарының орындалуына бақылау жасау бойынша өкiлiн тағайындасын және осы қаулының жүзеге асырылуы жөнiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру оған жүктелсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi басқару құқына контрактыға қол қойған ұйымның басқарылатын кәсiпорынның бюджетке және еңбекақы төлемдерi, сондай-ақ оның айналым қаржысын құру бойынша берешектерiн өтеу жөнiнде қабылдаған қаржы мiндеттемелерiнiң толық және уақтылы орындалуына бақылау жасасын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары