Тауарларды қайта экспорттаудың тәртiбiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 ж. 20 шiлде N 1003

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылы 10 қарашада бекiткен 1994 жылғы 15 сәуiрдегi "Тауарларды қайта экспорттау және қайта экспорттауға рұқсат беру тәртiбi туралы келiсiмге" (бұдан әрі-Келісім) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Тауарларды қайта экспорттау тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетiмен бiрлесiп Тауарларды қайта экспорттаудың белгiленген тәртiбiнiң қатаң сақталуын қамтамасыз етсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Кіріспе және 2-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2000.01.17. N 82 қаулысымен.

      2-1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі бiр ай мерзiмде Келiсiмге қатысушылармен тиiсiнше ресiмделген жазбаша рұқсат болған кезiнде қайта экспорттау жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың тiзiмдерiн, сондай-ақ тауарлардың шыққан елдерiнiң уәкiлеттi ведомстволары рұқсаттарының, лауазымды тұлғалары қолдарының және мөрлерiнiң үлгiлерiн алмассын.
      ЕСКЕРТУ. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2000.01.17.  N 82  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi


                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкіметінің
                                        1995 жылғы 20 шiлдедегi
                                            N 1003 қаулысына
                                                 қосымша

               Тауарларды қайта экспорттаудың
                           ТӘРТIБI

                          Жалпы ереже

      1994 жылдың 15 сәуiрдегi "Тауарларды қайта экспорттау және қайта экспорттауға рұқсат берудiң тәртiбi туралы келiсiмге" сәйкес тауарларды қайта экспорттаудың осы Тәртiбi Қазақстан Республикасы және Тәуелсiз Мемлекеттердiң Достастығы, аталған Келiсiмге қатысушылар тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданатын және оларды өзiнiң кеден аумағынан шығару кезiнде сыртқы экономикалық жеңiлдiктер беру қайта экспортталатын тауарларға ғана қолданылады.
      Қайта экспорттау ретiнде 1994 жылдың 15 сәуiрдегi "тауарларды қайта экспорттау және қайта экспорттауға рұқсат берудiң тәртiбi туралы келiсiмге" енбеген елге енгiзу үшiн тараптардың бiреуiнiң кеден аумағы шегiнен екiншi тараптың тауар шығаруы түсiнiледi.
      Осы тәртiп экспортталуы ерекше тәртiппен жүзеге асырылатын арнайы тауарлардың /қару жарақ, есiрткiлер, дәрi-дәрмек препараттары, қымбат металдар мен асыл тастар және т.б./ қайта экспортталуына қолданылмайды.
      Басқа тауарлардың қайта экспортталуы халықаралық саудада жалпы қабылданған ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
 
              1. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан
                 шығарылатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына
                 қатысушы мемлекеттердiң кеден аумағынан қайта
                 экспортталуға рұқсат беру тәртiбi

      1.1. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан шығарылатын және 1994 жылғы 15 сәуiрдегi "Тауарларды қайта экспорттау және қайта экспорттауға рұқсат берудiң тәртiбi туралы Келiсiмнiң" қолданылуына жататын /бұдан әрi Қазақстан тауарларының/ тауарлардың тәуелсiз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң /бұдан әрi-қайта экспорттаушы мемлекеттердiң/ кеден аумағынан қайта экспорттау 1994 жылдың 15 сәуiрiндегi - "Тауарларды қайта экспорттау және қайта экспорттауға рұқсат берудiң тәртiбi туралы Келiсiмiне" және осы тәртiпке сәйкес әзiрленiп, олар белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
      1.2. Қайта экспорттаушы мемлекеттiң өкiлеттi органына Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi ұсынып, тiзiмдерде көрсетiлген Қазақстан тауарларының қайта экспортталуын Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi берiп, тиiсiнше ресiмделген жазбаша рұқсат қағазы болса ғана; қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметiнiң субъектiсi жүзеге асыра алады.
      ЕСКЕРТУ. 1-2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2000.01.17.  N 82қаулысымен.
      1.3. Қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметi субъектiсiнiң жазбаша мәлiмдемесi /бұдан әрi-Мәлiмдеме/ негiзiнде Қазақстан тауарларының қайта экспортталуына жазбаша рұқсат /бұдан әрi-Рұқсат/ берудi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi iске асырады.
      Қайта экспорттаушы Мемлекеттiң шаруашылық қызметi субъектiсiнiң Қазақстан тауарларын сатып алуға контрактының және қайта экспорттау келiсiмi елеулi шарттарының /жiберiлетiн елi, қайта экспортталатын Қазақстан тауарларының саны, бағасы және сапасы, жiберiлiмнiң негiздемесi, тауарларды тiзбелеудiң және кодтаудың, үйлестiрiлген жүйесiнiң коды/ көшiрмелерiн тапсыруы рұқсат берудiң мiндеттi шарты болып табылады. Сонымен қатар, қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметiнiң субъектiсi қайта экспорттаушы мемлекеттiң корреспондент-банкiнiң жеке есепшотынан Қазақстан тауарларын толық көлемде сатып алуға контракт бойынша Қазақстан тауарларына төлеуге қаражат аудару iске асырылғаны туралы үзiндi алып, көрсетуге мiндеттi.
      Қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметiнiң субъектiсiнде Қазақстан тауарларын қайта экспорттауға контрактының болуы рұқсат алуға сөзсiз орындалатын негiз болып табылмайды.
      Берiлген рұқсаттарды басқа заңды тұлғаларға беруге болмайды.
      Қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметiнiң субъектiсiне рұқсат берiлгенi және ресiмделгенi үшiн ақы алынады.
      ЕСКЕРТУ. 1-3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2000.01.17.  N 82қаулысымен.
      1.4. Өтiнiштер мен рұқсат қағаздар Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi бекiткен Қайта экспорттауға рұқсат беру туралы Нұсқаулыққа сәйкес үлгi бланктерде ресiмделедi.
      Өтiнiштерде келтiрiлген деректердiң растығы үшiн қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметiнiң субъектiсi жауап бередi.
      1.5. Тауарларды қайта экспорттау контрактысына енгiзiлген тауарлардың санына қарамастан, рұқсат тауардың бiр түрiне ресiмделедi.
      Қазақстан тауарын қайта экспорттау рұқсатта көрсетiлген мерзiм де жүргiзiледi. Шаруашылық қызметi субъектiсiнiң дәйектелген өтiнiшi бойынша /өтiнiш берушiнiң/ рұқсаттың мерзiмi ұзартылуы мүмкiн. Рұқсаттама күшiнiң мерзiмi ұзартылуы жазбаша түрде расталады.
      1.6. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мекен-жайына жазбаша түрде жiберiлген қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметiнiң субъектiсi /өтiнiш берушiнiң/ өтiнiшi бойынша бұрын берiлген рұқсаттың күшi жойылуы мүмкiн.
      Бұрын берiлген рұқсаттың күшi жойылғанын растауды шаруашылық қызметi субъектiсiнiң, қайта экспорттаушы мемлекеттiң өкiлеттi ведомствосының мекен-жайын Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi жiбередi.
      Аталған жағдайда шаруашылық қызметiнiң субъектiсiне өтiнiш берушiге рұқсат берiлгенi және ресiмделгенi үшiн алынған ақы қайтарылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 1-6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2000.01.17.  N 82қаулысымен.
      1.7. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi өтiнiш алынған күннен кейiн он күннiң iшiнде оны қарап, қабылданған шешiм туралы шаруашылық қызметiнiң мүдделi субъектiсi мен қайта экспорттаушының өкiлеттi ведомствосына хабарлайды.
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметi субъектiсiнен оның мынадай айырмадағы, бiрақ жартысынан аспайтын бөлiгiн өтеуiн талап етуге құқылы:
      - Қазақстан тауарын қайта экспорттау жөнiнде мәмiленiң бағасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден аумағынан шығару жөнiндегi мәмiленiң бағасындағы.
      Мәмiленiң валютадағы немесе АҚШ долларындағы жоғарыда аталған айырмасы, сондай-ақ қайта экспорттау шарттарының бұзылғаны үшiн айып сомалары Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнiң кiрiсiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi көрсеткен есепшотқа аударылады.
      Қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметi мүдделi субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қайта экспорттау шарттарымен келiскен жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарды шығару жөнiндегi мәмiленiң бағасы мен Қазақстан тауарын экспортқа шығару жөнiндегi мәмiленiң бағасы арасындағы айырма және Рұқсат берiлгенi үшiн белгiленген алымды шаруашылық қызмет субъектiсiнiң /өтiнiш берушiнiң/ төлегенi туралы Қазақстан Республикасының тиiстi банкi куәландырған төлем тапсырмасының көшiрмелерiн ол алғаннан кейiн екi апта мерзiмде оған тиiсiнше ресiмделген Рұқсат берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 1-7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2000.01.17. N 82қаулысымен.
      1.8. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi оң шешiм қабылданған жағдайда қайта экспорттаушы мемлекеттiң өкiлеттi ведомствосына қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметi субъектiсiнiң дәйектелiнген өтiнiшiнде жарияланған мәмiле шарттарының мәмiленiң елеулi шарттарына нақты сәйкес келуiн ресми хабарлап, қайта экспорттау контрактысының орындалуына бақылау жасау туралы өтiнiш жасауға құқылы.
      1.9. Рұқсат беруден бас тартуға мыналар негiз бола алады:
      - дұрыс ресiмделмеген өтiнiш;
      - мәмiле туралы мүлде расталмаған деректердiң берiлуi;
      - Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiне зиян тигiзетiн жауапсыз сауда тәжiрибесiнiң баға төмендету және басқа элементтерiн қолдану;
      - олардың кеден аумақтарына тиiстi тауарлардың енгiзiлуiне үшiншi елдердiң тарапынан шектеулердiң орын алуы;
      - қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметi субъектiсiнiң Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қайта экспорттау шарттарымен келiспеуi;
      - Қазақстан Республикасының банктерiне Төлемдер тәртiбiнiң 1.3. және 1.7. тармақтарында көрсетiлген төлемдердiң түспеуi;
      - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi берiп, бұрын алынған рұқсат бойынша шарттарды қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметi субъектiсiнiң орындамауы.
      1.10. Қайта экспорттаушы мемлекеттiң шаруашылық қызметi субъектiсiнiң дәйектелген өтiнiшiнде жарияланған мәмiленiң елеулi шарттарына нақты елеулi шарттарының сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiне зиян тигiзбесе, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi берiлген Рұқсатты тоқтатуға немесе күшiн жоюға, сондай-ақ қайта экспорттаушы мемлекеттiң өкiлеттi ведомствосына шаруашылық қызметiнiң тиiстi субъектiсiне қатысты қажеттi шаралар қабылдау туралы өтiнiш беруге құқылы.
      Егер жоғарыда аталған сәйкессiздiк Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерi бойынша мiндеттемелерiнен туындайтын экономикалық мүдделерiне зиянын тигiзген жағдайда, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi берiлген рұқсатты тоқтатуға немесе күшiн жоюға және Қазақстан Республикасының Үкiметiне шаруашылық қызметiнiң субъектiсi аталған тәртiп бұзушылыққа жол берген қайта экспорттаушы мемлекетке айып шарасын қолдану туралы ұсыныс жасауға құқылы.
      1.11. Егер рұқсатсыз Қазақстан тауарларын қайта экспорттау, соның iшiнде, егер рұқсатсыз қайта экспорттаудың көлемi Қазақстан Республикасына экономикалық зиянын тигiзген жағдайда, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 1994 жылдың 15 сәуiрiндегi Тауарларды қайта экспорттау және қайта экспорттауға рұқсат берудiң тәртiбi туралы келiсiмдi бұзып, рұқсатсыз қайта экспорттауға шаруашылық қызмет субъектiсi жол берген қайта экспорттаушы мемлекетке айып шараларын қолдану туралы ұсыныстарын әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiбередi.
      1.12. Өнеркәсiп және сауда министрлiгi берiлген рұқсаттардың мәлiметтер банкiн жүргiзудi iске асырады. Берiлген рұқсаттамалардың мәлiметтер банкiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi әзiрлейдi.
 
             2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
                мемлекеттердiң кеден аумағынан шыққан
                тауарларды Қазақстан Республикасының кеден
                аумағында қайта экспорттау тәртiбi

      2.1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумағынан шыққан тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта экспортталуы тауар шығарылған елдiң өкiлеттi органы 1-тармақта көрсетiлген тәртiпке сай қайта экспорттауға берген рұқсат бойынша жүзеге асырылады.
      2.1.-1. Тауарлардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк аумағынан Кеден одағының қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттiң кедендiк аумағына Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы қайта экспорты тауардың шыққан елiнiң уәкiлеттi ведомствосы берген, тиiсiнше ресiмделген жазбаша рұқсаты болған кезiнде жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 2.1.-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2000.01.17. N 82 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады