Салық заңдарын бұзғаны үшiн қарастырылған санкциялардың (айыппұлдар мен өсiмдер) күшiн жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 10 тамыз N 1109

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi N 2367 U952367_ Заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу, туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 8 тамыздағы N 2405 U952405_ Заң күшi бар Жарлығы қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 1993 жылдың 1 қаңтарынан 1995 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi кезең iшiнде төленбей қалған өздерiнiң салықтары мен басқа да бюджетке мiндеттi төлемдерi туралы 1995 жылдың 15 қыркүйегiн қоса есептеген күнге дейiн хабарлаған және оларды 1995 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн толық мөлшерiнде төлеген заңды және жеке тұлғаларға мұндай салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша айыппұлдар мен өсiмдер қолданылмайды.
      1995 жылдың 15 қыркүйегiн қоса есептеген мерзiмге дейiн енгiзiлмеген жарияланған салықтар және басқа да бюджетке мiндеттi төлемдер бойынша салық заңдарын бұзушылыққа жол берiлген мезеттен бастап өсiмдер салық заңдарына сәйкес есептеледi.
      (2-тармақ)
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 1996.10.02.
               N 1213 қаулысымен. P961213_
      3. Салық төлеушiлердiң 1995 жылдың I шiлдесiне дейiнгi және 1995 жылдың 9 тамызына дейiн өтелмеген берешектерi бойынша "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес өсiмдер қолданылады.
      4. Шетел компанияларының басқаруына берiлген компаниялар олардың осы компанияларға берiлгенге дейiн салық заңдарын бұзғаны үшiн есептелген айыппұлдар мен өсiмдерден босатылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы аталған қаулының орындалуын қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады