Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1142. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Мұнай қалдықтарын, амбарлық және өңделмеген мұнайды, оның iшiнде аз өнiмдi және шалғай құбырлардан шығатын мұнайды жинауға дайындау мен өңдеуге арналған шағын зауыттарды әзiрлеу және өндiрiстiк игеру" жөнiндегi Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерiне сәйкес оның кең ауқымды нұсқасын бекiтсiн, бағдарламаның ғылымды қаржыландыруға мемлекеттiк бюджетте көзделген қаржы есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
      3. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылы 26 мамырдағы N 434 P930434_ қаулысымен бекiтiлген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның тiзбесi мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: "8. Мұнай қалдықтарын, амбарлық және өңделмеген мұнайды, оның iшiнде аз өнiмдi және шалғай құбырлардан шығатын мұнайды жинау, дайындау мен өңдеуге арналған шағын зауыттарды әзiрлеу мен өндiрiстiк игеру. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады