Мақта-шикiзатын өндiрудi тұрақтандыру, республиканың ұқсатушы өнеркәсiбiнiң мақта-шикiзатына қажетiн қамтамасыз ету және халық тұтыну тауарларын өндiрудi ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi мақта шаруашылығындағы iстiң жайын қарап, мақта егiсiн өңдеу технологиясын жетiлдiру, мақта-шикiзатын өндiрудi арттыру жөнiнде шаралар қабылдайтын болсын.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi егу аймағындағы коллекторлық-дренаждық жүйелердi жаңғырту және суармалы жерлердi мелиорациялық жақсарту жөнiндегi жұмыстарды 1996 жылы және болашақта қаржыландыру көздерi туралы ұсыныстарды пысықтап, оларды Министрлер Кабинетiнiң қарамағына енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi облысқа минералдық тыңайтқыштарды, дефолианттарды, пестицидтердi жеткiлiктi мөлшерде әкелудi ұйымдастырсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi iшкi рыноктың сыйымдылығын басшылыққа алып, көлемi мен жөнелту мерзiмiн көрсете отырып, республиканың жеңiл өнеркәсiп орындарына мақта-шикiзатын беру жөнiнде салааралық келiсiм жасауды қамтамасыз етсiн.
Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi республиканың жеңiл өнеркәсiп орындарына мақта-шикiзатты салааралық келiсiмде белгiленген мерзiм мен шарт бойынша берудiң орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.05.12. N 579
қаулысымен
.
3. Осы қаулы қабылданғанға дейiнгi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден мақта-шикiзатын сатып алуға жасалған фьючерлiк және форвардтық контракттар, егер екi жақтың бiрi өзiне алған мiндеттемесiн толық немесе iшiнара орындаса күшiн сақтайды.
Ескерту. 3-шi тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРМК-нiң
1995.09.07. N 1238
қаулысымен
.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.05.12. N 579
қаулысымен
.
4. <*>
5. <*>
Ескерту. 4,5-тармақтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінiң 1996.05.12. N 579
қаулысымен
.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердi, ұқсатушы кәсiпорындар мен тоқыма мата өндiрушiлердi бiрiктiретiн агроөнеркәсiптiк қаржы топтарын құру жөнiндегi мәселенi пысықтайтын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi