Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 тамыздағы N 1156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 7 қыркүйек N 1238. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.05.12. N 579 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      "Мақта-шикiзатын өндiрудi тұрақтандыру және республиканың тоқыма өнеркәсiп орындарын мақта-талшығымен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 тамыздағы N 1156 қаулысының 3-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мақта" аумақтық акционерлiк компаниясы" мақта-талшығын экспортқа және республика iшiнде сатып алу-сату жөнiндегi барлық мәмiлелердi тек қана тауар биржаларында "Биржалық тауарлар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына сәйкес жария саудаласу жолымен жүргiзетiн болсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады