1. "Алаш" акционерлiк қоғамының "Оңтүстiк Топар басқармасы" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн оған басқаруға беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен келiсiп "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн басқару құқығына контракт жасау тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасына Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң атынан аталған контрактiге қол қою өкiлеттiгi берiлсiн, онда мыналар қарастырылсын:
тараптардың құқықтары, мiндеттемелерi, жауапкершiлiгi және кепiлдiктерi;
тараптардың мiндеттемелерiн орындамаған контрактiнi бұзу мүмкiндiгi.
3. "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн басқаруға контрактi шарттарының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi