Түстi металлургия кәсiпорындарын қаржылық сауықтыру және олардың жұмысын тұрақтандыру, бюджет қаржысының ысырапталуын жою, республикаға шетел инвестицияларын, озық технологиялар мен басқару әдiстерiн тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Далекс, Трейдинг Лимитед" фирмасының (Кипр) онымен "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлiк қоғамы мен "Ертiс мыс балқыту зауытының" акциялары мемлекеттiк пакетiн басқару туралы шарт жасасу туралы ұсынысы қабылдансын.<*>
Осы қаулыға қол қойылған сәттен "Далекс Трейдинг Лимитед" фирмасының жазбаша келiсiмiнсiз аталған кәсiпорындардың өнiмiн сатуға шарттар (контрактiлер) жасау тоқтатылсын.
Ескерту. 1-тармақтың 1-шi абзацына өзгерiс енгiзiлдi -
ҚР Үкiметiнiң 1996.02.27. N 251 қаулысымен.
P960251_
2.<*>
Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.11.15.
N 1534
қаулысымен
.
3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Артемьев кен орнын ары қарай барлау және пайдалануға лицензия, басқа да қажеттi геологиялық ақпаратты "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлiк қоғамына беру мәселесiн он күн мерзiмде шешсiн.
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi аталған кәсiпорындарды басқару туралы шарттың қағидаларының орындалуына бақылау жасау жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлiн тағайындасын, оған осы қаулының орындалуы бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жүктесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi