"Окан Холдинг /Исот" түрiк компаниясының Ақмола қаласында бес жұлдызды "Астана" мейманханасын салуы туралы<*> ЕСКЕРТУ. Бұл қаулының күшi "Ақмоластpойинвест" коммеpциялық құpылыс салушылаp компаниясының құқықтық мұpагеpi pетiнде "Отель Астана" жабық үлгiдегi акционеpлiк қоғам нысанындағы бipлескен кәсiпоpнына қатысты баpлық құқықтаpға, мiндеттеpге, жауапкеpшiлiк пен жеңiлдiктеpге толық көлемiнде қолданылады деп белгiленсiн - ҚР Үкiметiнiң 1998.01.30. N 57 қаулысымен. ~P980057

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 10 қазан N 1312

      Ақмола қаласын әлемдiк талаптар мен стандарттарға сай мейманханалармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ақмола қаласында бес жұлдызды "Астана" мейманханасын сайлаудың жобасын жүзеге асыру үшiн "Ақмолақұрылысинвест" (тапсырыс берушi) коммерциялық құрылыс салушылар компаниясы мен "Окан Холдинг /Исот" (мердiгер) компаниясы арасында 66,5 (алпыс алты миллион бес жүз мың) млн. АҚШ доллары сомасына жасалған контракт мақұлдансын.
      Бұл контракт шартының өзгертiлуi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiледi деп белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер - алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң
               1998.01.30. N 57 қаулысымен.
      2. Бұл контрактiнi қаржыландыру АҚШ-тың Эксимбанкi беретiн кредиттiң есебiнен жүзеге асырылсын.
      3. Мыналар назарға алынсын:
      тапсырыс берушi кредит бойынша займшы болып табылады;
      кредит бойынша аванстық, сақтандыру және бiржолғы комиссиялық төлемдердi мердiгер жүргiзедi.
      Мердiгер мен тапсырыс берушi мейманхананы салу кезеңiндегi кредит үшiн проценттердi өтеудiң техникалық-экономикалық негiздемесiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн тапсырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы және Экономика министрлiктерiнiң қатысуымен "Тартл Марко Поло, Клаб Отель Менджмент энд Маркетинг" герман компаниясымен құрылысы аяқталған соң "Астана" мейманханасын оған басқаруға беру контрактiсiн тапсырыс берушiнiң 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн жасауына көмек көрсетсiн, онда кредиттi өтеу, проценттердi төлеу және мейманхана пайдалануға берiлген мезеттен iлеспе шығындардың барлығын, сондай-ақ кредит бойынша төлемдер уақытылы төленбеген немесе контрактi кредит өтелгенге дейiн бұзылған жағдайда тиiстi айыппұлдарды төлеу жөнiнде басқарушы компанияның мiндеттемелерiн қарастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне тартылған кредиттiк қызмет көрсетудi жүргiзуге өкiлеттiк берiлсiн.
      6. Займшыға (тапсырыс берушiге) мыналар ұсынылсын:
      жобаның банк сараптамасын өткiзу үшiн қажеттi барлық материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен беру;
      тапсырыс берушiнiң басқарушы компаниямен контрактi шарттарын ескерiп, Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкiмен кепiлдiктер мен қардарлық мiндеттемелер берiлген iшкi кредит келiсiмiн жасау.
      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
      жобаға сараптама жүргiзiп, оның нәтижесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетiне берсiн;
      кепiлдемелiк және қардарлық мiндеттемелердi берiп, басқарушы компанияның тапсырыс берушiмен контрактi шарттары ескерiлiп, жобаның сараптама нәтижесi бойынша АҚШ-тың Эксбанкiмен кредиттiк келiсiмiн және займшымен (тапсырыс берушiмен) iшкi кредит келiсiмiн жасасын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен кредиттi өтеу, проценттердi және басқа iлеспе шығыстарды төлеу бойынша мiндеттемелер туралы келiсiм жасасын:
      8. Тапсырыс берушi мен мердiгер жүргiзiлген сараптамада анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде қысқа мерзiмде шаралар қабылдасын.
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан

Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен келiсiмi және
қорытындысы, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң басқарушы компаниясымен
контракт шарттарының негiзiнде, 1996 жылғы 1 қаңтардан күшiне
енетiн кредитор банкке Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн
берсiн.
     10.
<*>

     Ескерту. 10-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1998.10.30. N 1114
              қаулысымен.  

P981114_

 
     11. Осы қаулының iске асырылуына бақылау жасау Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа редакцияда берiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1998.01.30.
              N 57 қаулысымен. 

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады