Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жасау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1553

      Қарағанды металлургия комбинатының бюджетке төлемдерi бойынша және тиiсiнше Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту қорының комбинат алдындағы берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қарағанды металлургия комбинаты мен республикалық бюджет арасындағы 1995 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бюджетке төлемдер жөнiндегi 73 млн. /жетпiс үш миллион/ теңге сомасындағы берешекке, аталған сома 1995 жылға арналған бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiлiп, бiр жолғы есептеме жасасын.
      2. Қарағанды металлургия комбинаты:
      Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту қорына дебиторлық берешегiн республикалық бюджетке кредиторлық берешегiн өтеу есебiне есептесiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады